Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

II Еуразия халықаралық кітап көрмесі өтеді

1701
II Еуразия халықаралық кітап көрмесі өтеді - e-history.kz
Қазірге дейін әлемнің 20 елінен 80 компания мен ұйым көрмеге қатысуға өтініш білдірді, олардың ішінде, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркия, Қытай, Үндістан, т.б. бар

II Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі 2017 жылғы 15-18 маусым аралығында Астана қаласындағы «Көрме» орталығында өтеді

Астананың 25 мыңнан астам тұрғындары мен қонақтары І Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысқан болатын. Бұл ірі кітап форумы 2016 жылғы 9-12 қараша аралығында Қазақстан астанасындағы «Көрме» орталығында өткен еді.

Қазірге дейін әлемнің 20 елінен 80 компания мен ұйым көрмеге қатысуға өтініш білдірді, олардың ішінде, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркия, Қытай, Үндістан және басқа да елдердің өкілдері бар.

Көрме шеңберінде ауқымды мәдени-іскерлік бағдарлама өткізу жоспарланып отыр, оның барысында таныстыру рәсімдері, дөңгелек үстелдер, танымал мәдениет қайраткерлерімен, жазушылар және ақындармен кездесулер, форумдар, байқаулар ұйымдастырылады. Жалпы алғанда, көрменің қазақстандық және шетелдік қатысушылары тарапынан 100-ге жуық мәдени-іскерлік іс-шараларды өткізу және этномәдени бірлестіктердің өнер көрсетуі жоспарланып отыр.

15 маусымда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен Канадада ағылшын тілінде жарық көрген «Астана: сәулет өнері, аңыздар мен бағышталу» кітабының тұсаукесері болады. Кітаптың авторы – тарих ғылымдарының докторы, Виннипег университетінің оқытушысы, профессор Ф. Альбо. 

17 маусымда испан халқының атақты ақыны Хусто Хорхе Падронның қазақ тіліне аударылып басылған «Тозақ шеңберлері» кітабының автор өзі қатысатын халықаралық тұсаукесері болады.

Польшалық «Kurtiak&Ley» көркем әдебиет баспасы айрықша дизайнерлік шешімде орындалған эксклюзивті басылымдардың бірегей топтамасын ұсынады. Сонымен қатар, сыйлыққа арналған кітаптардың бұл топтамасында  «Абай» кітабы да назарға ұсынылады.

«Гильдия книжников» коммерциялық емес серіктестігі мен Ресей кітап шығарушылар қауымдастығы ұсынатын ресейлік бағдарлама бай және жан-жақты болады деп күтілуде.

Орынборлық «Евразия» қайырымдылық қоры бағдарламалар циклын ұйымдастырады. Жекелей алғанда, орынборлық-алматылық суретші  Сергей Калмыковқа арналған басылымның, мысалы, оның «Орыс авангардының соңғысы» және «Орынборға мадақ» еңбектері альбомдарының  тұсаукесері жоспарланып отыр.  

Аудармашы, оқытушы, «Культура» телеарнасындағы «Полиглот»  реалити-шоуының тележүргізушісі Дмитрий Петровпен кездесу жастар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болады деп күтілуде. Дмитрий Петровтың Инновациялық-коммуникативті лингвистика орталығы орыс тілінен ашық сабақ және орыс тілін оқыту әдістемесінің таныстыру рәсімін өткізеді.

Көрме-жәрмеңкеде Ресейдің Мерзімді басылымдар, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия салаларындағы әріптестік бойынша мемлекетаралық кеңеске (Мәскеу қаласы) төрағалық етуі аясында ұйымдастырылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Кітап өнері – 2017» халықаралық байқауының тұсаукесері болады. Тұсаукесерді Ресей баспагерлерінің ұлттық қауымдастығының президенті А.В. Авдонин өткізеді.

Беларусь баспалары көрмеде 500-ден астам басылымдарды, яғни, Беларус Республикасында шығатын әдебиеттердің барлық қатарын, оның ішінде, елтану, көркем әдебиет, оқулықтар, балаларға арналған кітаптар және тағы басқаларын ұсынады. 

Ойындар, байқаулар, шеберлік сыныптары, вокалдық нөмірлер мен билерден құралатын балаларға арналған бағдарлама жан-жақты және толық қамтылмақ.

Көрме аясында «Үздік оқулық кітап», «Үздік өлкетану басылымы», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік басылым», «Көрме-жәрмеңкеде ұсынылған үздік экспозиция», «Ғылым және инновациялар», «Бас жүлде» деген алты аталым бойынша үздік басылымды анықтауға бағытталған «Eurasian Book Fair – 2017»  байқауы өткізіледі. Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Көрме-жәрмеңкеге қатысушылардың барлығын тосын сый күтіп тұр: мұнда келген әрбір адам көрменің өту мерзімі ішінде күн сайын болатын бағалы сыйлықтар ойынына қатыса алады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?