Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

100 жыл бұрын (1918-2006) партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов дүниеге келді.

- = -

Қазақстан Республикасы прокуратурасы құрылған күн

26275
Қазақстан Республикасы прокуратурасы құрылған күн - e-history.kz
Бүгін Қазақстан прокуратурасы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. ҚР мемлекеттік прокуратурасы 1922 жылдан бастап Әділет ұлттық комиссариатының құрамында жұмыс істей бастады. 1933 жылы прокуратураның құзыреті кеңейтілді: дербес болып, Әділет ұлттық комиссариатының жанынан прокуратура басқармасы құрылды. Прокуратураның дамуындағы маңызды кезең 1936 жылы басталды, ол кезде КСРО-ның жаңа Конституциясы Қазақстанға егеменді Одақтық Республика құқығын берген болатын. Осы уақыттан бастап мемлекеттік прокуратура құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс істей бастады. 1937 жылдың қарашасында Әділет ұлттық комиссариаты мен прокуратураны бөлу бұйрығы шықты. Прокуратура тікелей КСРО прокурорына бағынды. Қазақстандық прокуратура тарихында ауыр кезеңдер де болды. Тек ғана бір 1937 жылы бұл құрылымнан негізсіз 40 қызметкер жұмыстарынан босатылды, олардың кейбірі қамауға алынып және сотталды. Ұлы Отан соғысы жылдары көптеген тергеушілер мен прокурорлар отан қорғауға өз үлестерін қосты. Соғыстың тек бірінші жылында Қазақстан прокуратураның 885 қызметкерінің 411 соғысқа аттанды. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін прокуратураның құрылымы мен қызметі өзгерді, дегенмен, оның қызметінің басты бағыты ел заңдарының орындалуына бақылау жүргізу болып қала берді. 1991 жылдың 6 желтоқсанында «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылданды. Осы датаға орай күнтізбеде жаңа мереке - Прокуратура органдарының құрылған күні пайда болды. Осы күні прокуратура өз қызметінің қорытындылап және үздік қызметкерлерін атап өтіп; концерт пен әртүрлі мерекелік шаралар өткізеді.