Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Белоруссия Алжир лагерінің тарихын зерделеуге көмектеседі

1582
Белоруссия Алжир лагерінің тарихын зерделеуге көмектеседі - e-history.kz
Беларусь президенті Александр Лукашенко ШЫҰ саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» дүние жүзілік көрмесінің ашылуына арнайы келген сапарында Елбасына Алжир лагеріне қатысты тарихи құжаттарды тапсырды

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президентімен кездесу барысында оған Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» дүние жүзілік көрмесінің ашылуына қатысу үшін Қазақстанға келгеніне алғыс айтты,-деп хабарлайды National Digital History порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

– Екі жарым жыл ішінде тиісті инфрақұрылымы бар тұтас бір аудан салынды. Көрмеге қатысушылар үшін тұрғын үйлер, қонақ үй кешені, конгресс-хол және осы ауқымды іс-шараны өткізуге қажетті басқа да ғимараттар бой көтерді. Көрмені өткізген соң бұл жерде Астана халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтін болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Қазақстан Президенті халықаралық көрменің негізгі идеясына тоқталып, көрменің басты нысаны – «Нұр Әлем» павильонындағы экспозициялар туралы айтты.    

Беларусь Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық көрменің ашылуына қатысуға шақырғаны үшін ризашылық білдірді.  

– Біз павильондарды аралап көріп қана қоймай, сіздердің экспозициялық кешендер құрылысындағы тәжірибелеріңізді мұқият зерттемекпіз. Өйткені біз де халық шаруашылығы жетістіктері көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – деді А.Лукашенко.

Сондай-ақ, Беларусь Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихты зерттеуде әділеттілікті қалпына келтіруге жете көңіл бөлетінін атап өтті.

– Сіз бұрынғы лагерьдің орнында «АЛЖИР» музейін ашуға көп күш жұмсадыңыз. Бұл лагерьде бұрынғы Одақтың түкпір-түкпірінен айдалып келген адамдар қамалды. Оның ішінде Беларусиядан келген әйелдер де болды. Бүгін біз бірқатар хаттар мен тағдыры лагерьмен байланысты адамдардың іс қағаздарын ала келдік. Бұл – маңызды құжаттар, – деді А.Лукашенко.      

Кездесу соңында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастарды дамытудың өзекті мәселелерін де талқылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?