Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Атақты Кейкі батыр туралы ғылыми еңбек шығады

2258
Атақты Кейкі батыр туралы ғылыми еңбек шығады - e-history.kz
Кейкі батырдың ерлігі, батылдығы, туған елін бақытты және тәуелсіз етуге деген ұмтылысы туралы көптеген кітап, повесть, поэмалар мен деректі әңгімелер жазылды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмыс тобы танымал қаһарманның сыртқы бейнесі мен мүсіндік реконструкциясын әзірлеу бойынша ғылыми жұмыстар кешенін аяқтады. Бұл туралы Кейкі батырдың дайын мүсінін тапсыру барысында өткен ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының жұмыс тобымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды National Digital History Мәдениет және Спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министр А. Мұхамедиұлының айтуына қарағанда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының ең танымал көшбасшыларының бірі болған Кейкі батырдың бас сүйегін Қазақстанға қайтару мәселесі бойынша үлкен жұмыс жүзеге асырды. Ұлттық қаһарманның бас сүйегі Санкт-Петербург қаласында орналасқан Ресей ғылым академиясы Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейінде сақталғандығы белгілі.

«Бұл мемлекетіміз және ұлттық тарихымыз үшін ерекше маңызы бар  тарихи оқиға. Ресей мәдениет министрлігі және мәдениет министрінің өзі Владимир Мединский жан-жақты қолдау көрсетті. Бас сүйекті Қазақстанға қайтару және тасымалды ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыстың ірі көлемі жүзеге асырылды»,-деді министр А.Мұхамедиұлы.

Кейкі батыр бас сүйегін Қазақстанға қайтару екі мемлекет Премьер-Министрлерінің жүзеге асырған келіссөздердің нәтижесі болып табылады.

А. Мұхамедиұлының пікірі бойынша, Кейкі батыр бас сүйегін қайтару мәселесінің маңыздылығы туралы түсіністік халықтар арасындағы достық қарым-қатынастардың нығаюына бағытталған. Қазақстан және Ресей, соның ішінде Қазақстан және Ресей мәдениет министрліктері, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі,  Ресей ғылым академиясының Антропология және этнография музейі Қазақстанға бассүйекті қайтару бойынша бірлескен тарихи жұмысты жүзеге асырды.

Венгрия ғалымдары жүргізген ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы танымал ғалым, ҚР Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай баяндап берді.

«Кейкі батырдың бейнесін қалпына келтіру барысында белгілі бір қиындықтар болды. Антропологтардың айтуы бойынша, батырымыздың басына жеті ауыр соққы тиген екен. Бас сүйектің өзге де зақымданулары болды. Бірақ антропологиялық реконструкцияларды жасауға арналған заманауи технологиялардың арқасында, венгр ғалымдары екі ай бойы үздіксіз жұмыс нәтижесінде Кейкі батырдың мүсінін қалпына келтірді», - деп хабарлады Н. Әлімбай.

Кейкі батырдың ерлігі, батылдығы, туған елін бақытты және тәуелсіз етуге деген ұмтылысы туралы көптеген кітап, повесть, поэмалар мен деректі әңгімелер жазылды. Олардың ішінде 2001 жылы жарық көрген Серік Тұрғынбектің «Кейкі батыр» тарихи дастаны, 2014 жылы Ш. Байдильдин шығарған «Кейкі батыр» кітабы бар.

Сонымен қатар, биыл талантты қаламгер А. Нұрмановтың Кейкі батыр жөніндегі «Құланның ажалы» романы 2 мың данамен басылып шығарылды. 2017 жылы т.ғ.к. О. Бекмағамбетовтың авторлығымен «Кейкі батыр» ғылыми монографиясы шығады деп күтілуде.

Алдағы уақытта Мәдениет министрлігі тарапынан Кейкі батыр туралы театралдық қойылымдар, деректі және көркем фильмдер түсіруді жоспарлап отыр, делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетер болсақ, Кейкі батырдың бассүйегі қазан айында Мәс­кеудің Мәдениет министрлігіне қарай­тын Мәдени мұра департаменті арқылы елге әкелінген болатын. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?