Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

МҰРАҒАТТЫҢ БІРЕГЕЙ ҚҰЖАТТАРЫ

2553
МҰРАҒАТТЫҢ БІРЕГЕЙ ҚҰЖАТТАРЫ - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тарихи-құжаттамалық көрме ашылды

Бұл құжаттарда еліміздің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктері кеңінен көрсетілген.  Жас республика аз ғана уақыт ішінде  экономикада, саясатта, әлеуметтік салада айтарлықтай табыстарға, халықаралық сахнада мойындауға қол жеткізді. Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық Азия аймағында және бүкіл әлемде бірқатар жаһандық бастамалардың қозғаушысы болып табылады.

Қазіргі Қазақстан – жоспарлы реформаларды жүзеге асырған және болашаққа сенімді қадам жасап отырған қалыптасқан мемлекет. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Көшбасшылығы еліміздің 21 ғасырда ілгерлемелі дамуының негізгі факторларын: сыртқы саясаттың көпвекторлылығын және мемлекеттің жасампаз бітімгерлік бастамаларын айқындады. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихы Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында сақталған құжаттардан көрініс табады. Ресми хроника құжаттарымен қоса, бұл саяси және қоғамдық ұйымдардың материалдары, жеке құжаттар, мерзімді баспа.  Тәуелсіздіктің негізгі кезеңдерін мұрағаттық құжаттар арқылы көрсету өткен оқиғаларға, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бүгініне объективті көзқарас қалыптастыруға бағытталған.  

Көрмеде Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы бойынша заңнамалық және заң шығарушылық құжаттардың түпнұсқалары, стратегиялық жоспарлар, Қазақстанның сыртқы және ішкі саясат құжаттары, Тәуелсіздік тарихынан фотохроникалар алғаш рет ұсынылып отыр. Көрмеде сондай-ақ тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған алғашқы құжаттардың бірі қойылған. Бұл "Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшiн жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1991 жылғы 12 желтоқсандағы N 540 Жарлығы.

90-шы жылдардың басында-ақ республика сыртқы саясат саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді: еліміздің егемендігін әлемнің барша елдері мен халықаралық ұйымдары мойындады. Құжаттар арасында -  ҚР Президентінің БҰҰ-ның бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярма мырзаның атына Қазақстанды БҰҰ мүшелікке қабылдау туралы өтініші, ТМД құру туралы Алматы декларациясы және т.б. Еліміздің  әлемдік қауымдастықтағы беделі артты, екі жақты байланыстар дами түсті, Қазақстан Президентінің бастамасымен қолға алынған ынтымақтастық жобалары үлкен  жаңалық туғызды. Қазақстан мен АҚШ арасындаға өзара қарым-қатынас тарихы көрменің біраз бөлігін алып отыр. Алматы қ. АҚШ бас консулдығына ұсынылған материал және көрмені ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірген жөн. 

Н. Назарбаевтың АҚШ Президенттері Дж. Бушпен, У. Клинтонмен, Дж. Бушем-кішімен, Б. Обамен тарихи кездесулері бейнеленген. Сондай-ақ Қазақстандағы барлық АҚШ елшілері де көрсетілген. Озық мемлекеттердің қолдауына ие бола отырып, жас Қазақстан саяси-экономикалық байланыстарды кеңейту  үшін барлық қажетті жағдайларды жасай алды. Қауіпсіздік мәселелері маңызды орынға ие болды. Қаржы-экономикалық блогы ұлттық валютамыз теңгемен байланысты құжаттар арқылы ұсынылған: Ұлттық валютаны енгізу туралы жарлық, әртүрлі номиналдағы теңгенің алғашқы купюралары, Президент Н. Назарбаевтың теңгенің алғашқы бумасымен түскен суреті және т.б.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған экспозиция жеке бөлім болып тұр. Көрмеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының қалыптасу тарихы, мемлекеттік рәміздерді қабылдаумен байланысты нормативті-құқықтық актілер ұсынылған. Шағын кітап көрмесі Қазақстан Республикасының Президентіне арналған. Сөрелерде отандық және шетелдік ғалымдардың, жазушылардың Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазған кітаптары қойылған.

Көрменің ашылуына Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірқатар саяси шешімдер қабылдауға белсене қатысқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, АҚШ, РФ, ҚХР, Иран мемлекеттерінің дипломатиялық корпусының, мемлекеттік мекемелердің басшылары,  ғылыми және шығармашылық интеллигенция, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, сондай-ақ қор құраушылар, ардагерлер, Алматы қ. ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған: Гүлнұр Серікқызы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?