Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Кейкі батыр бассүйегінің суреттері жарияланды

2878
Кейкі батыр бассүйегінің суреттері жарияланды - e-history.kz
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі қызметкерлері қазіргі уақытта Кейкі батырдың бассүйегі аталған мекемеде сақталып тұрғанын айтты

Музей директорының орынбасары Бейбітқали Қақабаевтың мәлімдеуінше, музейдегілер Кейкі батыр жеткізілген арнайы қорапты ашпаған. Музейде батырдың бассүйегін қоятын арнайы бөлме бөлінген, онда қызыл матамен оралып жабылған жылжымалы қорап орналастырылып, жанына майшам қойылған. 

«Контейнердің ішін біз ешкімге көрсеткен жоқпыз. Ол барлығына көрсетуге болатын қандай да бір зат емес, ол – адамның бассүйегі. Сондықтан біз оны ашпауға тырысамыз. Жуырда, яғни 1-2 күннің ішінде біз Кейкі батырдың бассүйегін Венгрияға сараптамаға жібереміз. Қазір қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр», – деді Бейбітқали Қақабаев. 

0887c861ca82d6dab4e35b0f1143ecc9.jpg

Бассүйекті Венгрияның антрополог ғалымдары зертейтінін бұған дейін айтылған болатын. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Райымқұлова арнайы мәлімдеді. Соның жалғасы ретінде Орталық музей директорының орынбасары Б. Қақабаев: «Венгрияда біздің мақсатымыз – ғылыми және генетикалық зерттеулер жүргізу. Кейін электрондық технологиялармен сүйектерді қайта қалпына келтіріп, Кейкі батырдың пішінін көруге бөледі. Венгрияда ғалымдар мұндай зерттеулермен жақсы айналысады. Оларға бұл зерттеу қызық болады, себебі олар өздерін қыпшақ санайды», - деді. 

Қазірдің өзінде ақпарат құралдарында Антропология және этнография музейінің қызметкерлері түсірген батырдың бассүйегінің фотосуреттері жариялана бастады.

57087bed71f94361574fe9d233be60b9.jpg

Бассүйекке қатысты пікірін білдірген Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай: «Кез келген музей түскен бұйымның паспортын жасайды. Қайдан келгені, кімдікі екені, қалай келгені, пошымы, мөлшері жазылады. Бастың өзінде жазылған сұмдық қанды оқиғаның ізі де көрініп тұр. Тізерлетіп қойып, кетпенмен мойнынан шапқан. Оң жақ бетін шауып түсірген. Өтпейтін кетпенмен бірнеше рет шабу деген сұмдық қой. Енді оны айта алмаймын, қарау да өте ауыр. Кетпен ізі бірнеше жерде бар», - деген болатын. 

Батырдың бассүйегін Венгрия ғалымдары әбден зерттеліп, басының нобайын жасаған соң, елге қайтарылып, туған жері Торғай өңіріндегі зиратына жерленетін болады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?