Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тұңғыш қазақ антропологы – 85 жаста

2607
Тұңғыш қазақ антропологы – 85 жаста  - e-history.kz
Бүгін Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен антрополог, ғалым Оразақ Смағұловтың мерейтойына арналған «Тұңғыш қазақ антропологы - 85 жаста» атты мерейтойлық іс-шарасы өтті

Қазақстанның тұңғыш антропологы Оразақ Смағұловтың мерейтойын құттықтауға ҚР Мәжіліс депутаттары, еліміздің және шетел тарихшы ғалымдары, қоғам қайраткерлері мен өнер майталмандары, антрополог-ғалымның шәкірттері және де ЕҰУ тарих факультеті студенттері мен магистранттары қатысты. 

Сексеннің бесеуіне аяқ басқан Оразақ Смағұлов – еліміздегі антропология мектебінің негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Болония ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР ғылым мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері. 

78021f253bba3d7a3608cab24c2df713.jpg

Қазақ халқының шығу тегі мен генеологиясына байланысты тұңғыш зерттеулерді де ғылымға қосқан Оразақ Смағұлов ағамыз болатын дейді бүгіні шараға ағамызды құттықтауға келген археолог, этнограф, ғалым Ұлан Үмітқалиев: «Бүгінгі күні Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен қатар тарих ғылымына еңбегі сіңген атақты академик ғалымымыз, антрополог Оразақ Смағұловтың 85 жылдық мерейтойыда тұспа-тұс келіп отыр. Енді міне ұлттық музейдің конференц залында ғалымымыздың мерейтойлық шарасы болып өтті. Ол кісі қазақ халқының шығу тегіне байланысты, генеологиясына байланысты сүбелі еңбектер жазды. Бұл кісінің еңбектері болашақ ұрпақ үшінде, қазіргі жас зерттеушілер үшінде үлкен ғылыми еңбек. Оразақ Смағұлұлына үлкен табыстар тілейміз», – деді. 

fd1f7f8b4285178351f252bc5a8de2c0.jpg

Сондай-ақ бүгінгі мерейтойлық шарада ғалымның шәкірттері академик О. Смағұловтың зерттеулерінің арқасында Қазақстанның антропологиялық мәліметтері алғаш рет қазақ халқының этникалық тарихы мен этногенезі бойынша тарихи дерек ретінде пайдаланылғанын, палеоантропология, этникалық краниология, серология, соматология, одонтология, дерматоглифика мәселелері бойынша жасаған ғылыми қызметі Қазақстанның ежелгі, орта және қазіргі кездегі тұрғындарының арасындағы 40 ғасыр бойғы генетикалық сабақтастықты айқындауға зор үлесін қосқанын айта кетті. Сексеннің сеңгіріне шыққан ғалымымызға ізгі тілектері мен қошеметтерін аямады. Келген қонақтарда О. Смағұловтың қазақ тарих ғылымындағы сүбелі үлесін айтып, сый-кәделерін де ұсынды. 

e410f6e674ed0722ac233c102d5f5acf.jpg

«Барлықтарыңызға ізгі-ниеттеріңізге рахмет. Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырған ұлттық музейге алғысымды білдіремін», – деді ғалым Оразақ Смағұлов. Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен барша қазақстандықты құттықтап, бүгінгі жеткен жетістігіміздің арқауы егемендіктің, тәуелсіздіктің арқасы, оның жолында ізін қалдырған ұлы бабаларымыз бен хандарымыздың арқасы екенін жеткізді. «Қазақ хандығының 550 жылдық шарасы – үлкен мерейтой. Қазақ халқын қазақ тарихынан бөліп алып кете алмайсыз. Оның арғы жағында көне ерте ғасыр, сақ-қола дәуірі кезеңдері жатыр. Мен өмірімнің тең жартысын осы антропология ғылымына арнадым. Қазақ жеріндегі алғашқы адамнан бастап, ХХ ғасыр басындағы адамдардың дене, бассүйектерін зерттедім. Бұл ғылым – тарихта ең қиын ғылымның бірі. Енді айтарым бүгін біз хандықтың тойын тойлап, еліміздің жеткен жетістігін әлемге паш еткізуіміз егемендіктің арқасында деп білемін», – деп сөзін аяқтады мерейтой иесі. 

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?