Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Павлодарда Сұлтанбет сұлтанның рухына арналған мазар ашылды

2510
Павлодарда Сұлтанбет сұлтанның рухына арналған мазар ашылды - e-history.kz
Павлодарда «Батыр жолы» атты жастардың бірегей жобасы іске қосылды. Ертіс өңірі оқушылары мен студенттері тарихи орындарға тәу етуді қолға алды.

Павлодарда Сұлтанбет сұлтанның рухына арналған мазар ашылды

Павлодарда «Батыр жолы» атты жастардың бірегей жобасы іске қосылды. Ертіс өңірі оқушылары мен студенттері тарихи орындарға тәу етуді қолға алды. Соның бірі – әйгілі «Қалмақ қырылған». Бұған дейін жастар Баянауыл өлкесіне барып қайтты. Сонымен бірге, Әбжан өлкесінде ұлы билеуші Сұлтанбет сұлтанға және оның ұрпақтары Иман мен Жантемірге арналған мазар ашылды. Сұлтанбет сұлтан – Абылайханның немере ағасы. 18 ғасырда Сұлтанбет сұлтанның қолбасшылығымен қазақ әскері Жоңғар басқыншыларымен тәуелсіздік үшін күрескен. Соғыс құрбаны мыңдап саналды. Бұның бәрі Ертістің оң жағалауында болған оқиға. 1771 жылғы шешуші шайқаста Сұлтанбет жоңғарларды ойсырата жеңеді. Бұл тарихи дерек жайлы мәлімет аз болғанымен, ауыздан-ауызға тарап, бізге аман-есен жетті. Ұлы қолбасшының құрметіне Ақтоғай ауданының Әбжан ауылында биіктігі 5 метр болатын күмбез тәрізді мазар тұрғызылды. Құрылыстың төменгі бөлігі сегіз қырлы етіп жасалған және Ұлытаудан әкелінген 3 тонналық тас қойылды. Қазір зерттеушілер Сұлтанбет сұлтанға қатысты әр елдің мұрағатында сақтаулы мәліметтерді жинастырып жатыр.

Сәуле МАМЫТОВА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: 

 -Елбасымыз айтып жатыр, біздің Тәуелсіздігімізді нығайту үшін ең негізгісі – патриотизим, Отансүйгіштік керек деп. Сол Отансүйгіштің фундаменті - біздің тарих білуіміз. Соны білу үшін, соны жариялау үшін, осындай шаралар өте қажет.

Павлодар облысында соңғы жылдары рухани құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінге дейін Мәшһүр Жүсіп, Исабек ишан, Ғабдулу-Уахит хазірет және Таймас әулие сынды белгілі тарихи тұлғалардың кесенелері салынған.
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?