Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жошы-Қыпшақ ұлысы

3099
Жошы-Қыпшақ ұлысы - e-history.kz
Шыңғыс хан 1206 жылы Онон дариясының бойында шақырған күллі монғол Құрылтайында мемлекет орнатуға ерекше еңбек сіңірген ұлдары мен 88 батырларына үлес (удель) таратып сый ұсынған еді.

Осы жолы Жошыға кеңесші етіп хиянгас тайпасынан Құнанды, атақты мыңбасы Сағашуд тайпасының адамы Мөңкетуді, сардар Керейт тайпасынан Кете Үсүн-Өсетайді, Қушин тайпасынан Байқуды тірек етіп, 9 мың қараша берген.

Содан Жошы 1207 жылы жорыққа аттанып, Орман елін (Түмід, Қырғыз, Ойрат, Хаас, Хавханас, Туба) бейбіт жолмен бағындырады. Сөйтіп Тағына Тува, Оңтүстік Сібір, Саян-Алтай, яғни Байқалдан Ертіске дейінгі алып аймақ, онымен қатар, Алтай жотасының батысы мен оңтүстігі, Хан Тәңірі алабы барлығы Жошының иелігіне өтті.

Монғолдар 1219-1224 жылдардағы Хорезм жорығының нәтижесінде Ертістен Жетісудың батысы Сыр бойы, Үстірт, Әзербайжан, Грузин, бүкіл Қапқазды, қазақтың Сарыарқасы, Еділ, Дон, Дунай, Азов бойы кейін, 1238-1240 жылдары бүкіл Русь жері Киевпен қоса, Болғарияға дейінгі алып аймақ Жошы ханның иелігігне өтіп, сөйтіп әлемде «Жошы-Қыпшақ ұлысы» дейтін үлкн империя пайда болды.

Кейін Жошы-Қыпшақ ұлысының батыс қанаты бұрынғы Еділдің төменгі сағасы Ахтуба бойындағы Сарай, одан соң Берке хан заманында Еділ дариясының жоғарғы сағасына қоныс аударып, Сарай Берке атанды.

Ғылыми әдебиеттерде Жошы ұлысының «Алтын Орда» аталғанға дейінгі тарихына көп мән бермей келді. Соның салдарынан Жошы ұлысын 1240-1242 жылдары орнады деген тұжырым жасалынып келді. 1224 жылға дейін Жошылардың бастауында Сүбедей батыр Қапказ, Оңтүстік Русь даласын бағындырып Мөнкету, Қоқындардың иелігіне беріп Жошы ұлысының батыс өлкесі ретінде есептелді.

Бұл туралы монғолдың «Алтын шежіре» кітабында: «Шыңғыс хан Қоқын ноянды Русь, Шеркестен алынған ел-жерге билік жүргізуші өкіл етіп тағайындап, Мөнкету батырды қосып берді. Алыс сапарға аттанарда Шыңғыс хан Мөнкетуға: «Алыстағы жауға аттандым деп көңіліңе дық алма. Жошы ағаңды сырт көрме, айтқанына көніп жүргейсің» деп қадап ескерткен. Ұлы Шыңғыс ханның бұл бұйрығы Жошы ханның дәуірлеп тұрған заманында 1224 жылы шығарылған.

Ал белгілі тарихшы ғалым З.Қинаятұлының «Жошы-Қыпшақ ұлысы Шыңғыс ханның хан үкімімен 1224 жылы пайда болған» деген тұжырымы ғылыми дәйекті. Олай болса, Жошы-Қыпшақ мемлекеті 1242-1243 жылдары емес 1224 жылы орнаған деген қорытындыға келеміз. Жалпы Жошының қыпшақ далысна деген қызығушылығы шексіз болды. Бұған дәлел: «Жошы увидел воздух и воду Кипчакской земли, то он нашел, что во всем мире не может быть земли приятнее этой, воздуха лучше этого, воды слаще этой, лугов и пастбищ обширнее этих» деген дерек.

Шыңғыс балаларының ішінде ең көп жер иеленгені де Жошы. Оның сыртында басып алған мемлекеттертен түскен олжаның үштен бірін Орталық династияның үлесімен бірдей мөлшерде Жошы ұрпақтарына немесе Жошы-Қыпшақ ұлысына беріп отырған. Мына тарихи дерекке қараңыз. Халле қаласының қазиы болған 93 жас жасап, 1298 жылы қайтыс болған, көпті көрген қария Жамал ад-дин Абдуллах Мұхаммед ибн Салам жазбасында: «Когда татары (монгол) впервые появились с Востока, то Чингиз хан предписал им, чтобы с каждой области которая будет завоевана треть доходов доставлялась дому Берке (Жучи-Кипчакские улус), треть – дому Чингиз хана (Центральный Орду), а треть – ему (победителью) и войску его».

Жошы-Қыпшақ ұлысының мемлекет құрушы этносы – қыпшақтар. Еуропа саяхатшылары оларды коман, куман (В.Рубрук, П.Карпин), орыстар половцы деп атады. Қыпшақ тобының бірлестігіне печенектер, қарлұқтар, түргештер, азкішілер, иемек, қимақтар, найман, керейлерді де енгізіп атады. Тек ғана қыпшақтың өзі 10 тайпадан құралып Орта Азияны алып жатты. Сондықтан да Еуразия аймағын алып жатқан көшпелілердің мекенін «Дашты Кипчак» яғни, «Қыпшақ даласы» деп атаса, елін «Дашты Кипчак мамалакаты» деп атады.

Ибн әл-Асир 1230-1231 жылдары жазған тарихи жазбасында «Кипчаки, одного из самых многочисленных племен тюркских…» деп белгілесе, Тизенгаузен Жошы мемлекеті халқының көбі қыпшақтар дей келе, Ибн Абд аз-Захирдің түпдерегіне сүйене отырып Қырым, Судак, Азов бойында қыпшақтар мекендейтінін мәлімдейді. Ал Г.Рубрук: «прежде пасли свои стада Команы, именуемые Капчат, в землях между Доном и Этили (Волгой) до заняти их Татарами (Моңғол) жили Команы Капчат и вообще степь от Дуная до Этили прошлом вся заселена была Команы Капчат» дейді.

Одан әрі Г.Рубрук Еділден шығысқа қарай бір ай жарым қаңлылар жерімен жол жүреді. Бұл жердің байырғы халқы туралы Г.Рубрук: «прежде там были некие Команы, называвшиеся Кангле, по всей той земле и еще дальше жили Канглы, какие-то родственники Команов» деп қаңлыларда қыпшақ тобының бірлестігіне кіретінін қоса мәлімдейді.

В.Рубрук саяхатымен әбден танысып, өзімен бетпе-бет кездесіп, көп жайға қанық болған Роджер Бэкон «И эта земля вся принадлежала куманам, которые назывались каптаки (кипчаки)»; «…татары же населяют землю аланов и куманов от Дуная и далее, почти до самых отдаленных областей востока»; «…а вся эта земля тартарская от Танайса до самой Этилии принадлежала куманам, которые назывались кангламы»; «…Кумания была величайшей из земель. Ведь куманы обитали от Дуная до той самой земли, в которой пребывает император» деп жазады. Б.з. ХІ-ХІV ғасырлар аралығында жазылған бұл тарихи дереккөз түпнұсқалар Жошы-Қыпшақ мемлекетінің титулдық этносы қыпшақтар екенін дәлелдейді.

ХІ-ХІV ғасырларда Еуразия құрлығында қыпшақтар беделді қауым болғанын сол заманда мәтелге айналған құстың сүті туралы жұмбақтан-ақ түсінуге болады. Кодекс куманикс сөздігінде «нет у тебя, нет у меня, нет в заоблачных горах, нет в каменных городах, нет даже у кипчаков».

Жошы-Қыпшақ мемлекетінің саяси тарихы, халқының этникалық құрамы туралы сөз қозғағанда әл-Омарды бірде-бір тарихшы аттап өте алмайды. Ол: «В древности это государство было страной Кипчаков, но когда им завладели Татары, то Кипчаки сделались их подданными. Потом они (Татары) смешались и породнились с ними (Кипчаками), и земля одержела верх над природными и расовыми качествами их (Татар), и все они стали точно Кипчаки, как будто от одного (сними) рода, оттого, что Монголы (и Татары) поселились на земле Кипчаков, вступали в брак с ними и оставались жить на земле их (Кипчаков). Таким образом, долгое пребывание в какой-либо стране и земле застовляет натуру человеческую уподобляться ей и изменяет прирожденные черты согласно ее природе, как мы сказали уже выше. Иногда же замечается большая или меньшая разница цвета (тела) вследствие другой (какой-нибудь) причины, по мимо вляния страны»

Араб түпнұсқаларында Жошы-Қыпшақ ұлысында сұлтандар мен нояндарға құрмет көрсеткенде ең әуелі моңғол, одан соң қыпшақ, үшінші дәрежеде басқа түркілердің ұлтының атауы көрсетіліп дипломатиялық тізімге беріліп отырған. әл-Омар жазбасында «Хотя они (Кипчаки) одержали верх над ратями Черкасов, Русских, Маджаров и Асов…» дейді.

1222 жылы Кубаньда аландармен моңғол қолы бетпе-бет келді. Кубаньдағы тұрғылықты қыпшақтарды аландар одақтастыққа тартып, моңғол әскерлеріне бірігіп соққы бермекші болады. Сонда Сүбедей бастаған моңғол қолбасшылары қыпшақтарға арнайы сәлем жолдап: «…сізбен біздер жақын туыстармыз. Аландар жат жұрттықтар. Біз сендерге жау емеспіз» деген деректі 1230-1231 жылдары Ибн әл-Асир тарихи жазбасында жазып қалдырған. Сүбедей қолбасшының осы сөзінен кейін Кубаньдағы қыпшақтар аландарды тастап кеткен. Моңғол қолы аландарды күйрете жеңіп, Сүбедей қыпшақтарға мол сый-сияпат көркеткен.

Кешікпей Кубань қыпшақтары моңғолдармен келіспей қалады да, Русьтарға арқа сүйеуге бет бұрады. 1223 жылы Русьтар Киевте жиын өткізіп моңғол қолымен соғысуға қыпшақтарды одақтастыққа тартады. Бұл оқиғадан хабардар болған моңғол қолбасшылары: «Біз өз қыпшақтарымыздың басын біріктіру үшін жүрміз. Русьтар сендермен ісіміз жоқ, сендер қыпшақтармен одақтасудан бас тартыңдар» деп русьтарға арнайы елші жібереді. 1223 жылдың 31 мамырында басталып үш күнге созылған бұл қырғын соғысқа қыпшақтардың 50 000, русьтардың 80 000 қолы моңғолдарға қарсы тұрғанымен 25 000 ғана әскері бар моңғол жағы, әскери тактикалық басымдылықпен русь-қыпшақтың 130 000 қолын талқандап, бірнеше беделді князьдарын қолға түсіреді.

Моңғолдар қыпшақ даласына кірген күннен бастап қыпшақтарсыз Еуразияны ұстап тұру мүмкін еместігін жақсы түсінген. Онымен қатар қыпшақтардың арғы тегі бір, әрі киіз туырлықты көшпелі халық болғандықтан салт-сана, дүниетанымы ұқсас туыстас халық. Сондай-ақ Жошы-Қыпшақ ұлысында мемлекеттік тіл қыпшақ тілі болғанын Ибн Арабшах жазбасынан нақты дерек ала аламыз. Еуропаның саудагерлері, миссионерлері, саяхатшылары бүкіл Моңғол империя жерінде қыпшақ тілі ең басты қатынас құралы болғанын мәлімдейді. Еуропалық Плано Карпин, Г.Рубруктар Еуропадан қытайға дейін жүрген жолында бүкіл империя қыпшақ тілінде қатынасатыны туралы дерек қалдырған. Франциялық миссионер Пасхалий қыпшақ тілін ұйғур алфавитімен үйренгенін айта отырып, «ибо этот язык и письмо наиболее употребительный во всех царствах и империях татар, персов, холдеев, медов, а также Катае (Китай)» дейді. Венециялық саудагер Пеголотии «La рrасtіса della mercatura» атты жолжазбасында қытай еліне барғанда қыпшақ тілін білетін қызметші жолдап алу керектігін айтып, саудагерлерге кеңес береді.

1224 жылы Бату хан заманынан бастап Жошы-Қыпшақ ұлысының Хорезм, Үргенші, Сағанақ, Отырар, Сарай, Ианги (Тараз), Ясы (Түркістан), Сайрам, Сауран, Жент, Гүлстан қалаларында алтын, күміс, жез ақша шығарып сауда қатынасы мен алым-салықтың айналымына енгізген. Жошы-Қыпшақ ұлысының жекелеген қалалар мен аймақтарының айналымға енгізген теңгелерінің сыртында, жекелеген хандардың атымен ақша құйып айналымға шығарған. Онда: Бату, Берке, Кебек, Тоқтай, Өзбек, Жәнібек, Бердібек, Наурызбай, Қызыр, Қайрболат (Мір-Болат), Сұлтан Мухамед, Махмуд Яалавачтың ұлы Хорезм әмірі Масуда, Тоқтамыш хан, Шәдібек хандардың атымен 1420 жылға дейін күміс, жез ақшаларды жасап, бүкіл Жошы-Қыпшақ мемлекетінің территориясында еркін айналымға енгізіп тұрған.

Жошы-Қыпшақ мемлекеті өз ішінен екі үлкен хандыққа бөлінген. Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің иелігін «Көк Орда» деп, Батудың иелігін «Ақ Орда» деп атап, батыс қыпшақтарды үлесіне берген. Бату хан дәстүр бойынша елін үштік жүйемен басқарған. Араб түпнұсқаларда Батудың хандығын Қыпшақ хандығы деп атаған. Хандықтың орталығы Еділ дариясының бойындағы Сарай қаласы, оң қанаты Қырым, бұны Дешті-Қыпшақ немесе Қыпшақ даласы деп атаған. Парсы тарихшысы Хамдаллах Казвинидің (1281-1349 ж.ж) дерегі бойынша Еділ, Дон бойы бұрын Хазар даласы деп аталған болса, ХІV ғасырдың басынан Қыпшақ даласы атанған. Бату хан иелігінің шығыс шекарасы Шағатай хандығымен шекараласқан. Жошы-Қыпшақ мемлекеті елін әскери-әкімшілік 10 аймаққа бөліп басқарғаны туралы Египеттегі Мамлюк мемлекетінің ең соңғы энциклопедиясын жасаған ғалым Абул-Аббас Ахмед Шихабад дин әл-Мисри әл-Калкашанди жазып қалдырған.

І. Хорезм аймағы. Қият, Үргенші, Кіші Үргенші (Хиуа), Замахшар, Хазарасп, Дарған, Фараб (Отырар), Мыңқышлақ. Солтүстік шекарасы Ақтау, шығыс солтүстігі Қаратаумен шектелген. Негізгі халқы түркілер.

ІІ. Дешт-Қыпшақ. Бұл аймақтың жер көлемі Хорезм аймағының территориясының 3/1 тең. Негізгі халқы қыпшақтар. Хан ордасы орналасқан Сарай қаласы. Мұнда Атамалик Жувейнидің хабарлауынша қыпшақ, моңғол, русь, алан, черкес, грек, бұлғар өмір сүріп, Мысыр, Иран, Сирия, Римнің саудагерлері мен саяхатшылары қаптаған қала болған.

ІІІ. Хазар. Мұнда Дағыстан жеріндегі хазарлардың ежелгі астанасы Баланжар болған дегеннен басқа мәлімет жоқ. Негізгі халқы қыпшақтар.

ІV. Қырым. Бұл аймаққа Қырым, Солхат (байырғы Қырым), Судақ, Қафа (Феодосия), Үкек қалаларымен қатар Азов бойының батыс жағының біраз жері қамтылған. Негізгі халқы қыпшақтар, аздаған орыстар. Жошы-Қыпшақ мемлекетінің сыртқы қатынас, сауда-саттықтың күре жолы болғандықтан хан ордасын жағалайтын аристрократтар, қыпшақтар және әр түрлі ұлттың өкілдері осында өмір сүрген.

V. Азов аймағы. Жер көлемі Қырым аймағының жер көлемінің 4/1 тең. Бұл аймақтың қарамағына Азов, Керчь қалалары болған.

VІ. Черкес аймағы. Жер көлемі Дешт-Қыпшақ пен Азов аймағының территориясын қосқанмен тең. Халқы қыпшақтар.

VІІ. Бұлғар аймағы. Жер көлемі Дешт-Қыпшақ пен Қырым аймағының территориясын қосқанмен тең. Хан Ордасы бұл қаланы Ақча-Керман (бүгінгі Днестровскийдегі Белгород қаласы). Екінші үлкен қаласы Сары Керман, Қырым түбегінің батыс оңтүстігіндегі ежелгі гректердің қала-ұлыс жұртына орналасқан.

 VІІІ. Улак немесе Валакия. Румынияның Волахин княздігі. 1324 жылдары тәуелсіз өмір сүрген.

ІХ. Ас немесе Алан аймағы. Қырым түбегіндегі Жошының батыс Ордасының қарашалары (крепостной) көптеп орналасқан. Негізгі халқы парсы тілді, христиан дінді. Олардың басшысы түмен нояндарының дәрежесінде хан аталады. Олар бүгінгі осетиндердің бабалары. Узбек хан билігі аяқталғанға дейін аландар тау шатқалдарында шеткері өмір сүрген.

Х. Орос аймағы. Жошы-Қыпшақ ұлысының мұсылман аймақтарының батыс, батыс солтүстік жағына орналасқан. Бұл аймақтың шекарасы батыста франклер немесе Батыс Еуропамен, шығысы Бұлғар аймағымен, шығыс солтүстігі Холман жерімен шектеседі. Орыс тілді, христиан дінді.

Ад біз жоғарыда атап өткен «Жошы-қыпшақ ұлысы» жайлы тың пікірімізге қайталап тоқталар болсақ, бұл атау жайлы араб саяхатшылары мен тарихшылары жазып қалдырған 26 түпнұсқада, парсы саяхатшылары мен тарихшыларының 13 тарихи түпнұсқаларында, түріктердің 3 түпнұсқасында барлығы 19-мәрте «Жошы-қыпшақ ұлысы» деп белгілеген болса, 69 мәрте «Қыпшақ мамлакаты (мемлекеті)», «Қыпшақ елі» деп жазып қалдырыпты. Орысша әдебиеттерде «Қыпшақ хандығы» атаса, Плано Карпин «Қыпшақ елі» (Страна Команов), моңғолдың көне шежіресі «Алтын товчида (Алтын шежіре)» «Қыпшақ елі», қытай тарихшысы Б.Сайшаал «Қыпшақ хандығы» деп ресми түрде жазып, дәлелдеп келген.

Ал «Алтын Орда» деген мемлекет атауы бір де бір тарихи түпнұсқада жоқ. Бұл атауды ХVІ ғасырда орыстың түпдеректерін редакциядан өткізген авторлар жасынды түрде енгізген. 1564 жылы жазылған «Истории и Казанском царстве» деген қолжазбадан бастап, орыс түпнұсқаларында алғаш рет Алтын Орда деп белгіленді де, содан кейін Россияның бүкіл тарихи жазбаларында бұл жалған атау қалыптасты.

Тарихшы З.Қинаятұлы «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» еңбегінде «Жошы ұлысы» немесе «Жошы-Қыпшақ ұлысы» деп атау дұрыс болар еді деген пікір ұсынған. Бізде осы пікірдеміз.

Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  Түрік, Алтайтану ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?