Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әкемнің Әлихан жайлы әңгімесі

1471
Әкемнің Әлихан жайлы әңгімесі - e-history.kz
Осыдан бес жыл бұрын Балқаш қаласына барған едік. Сол сапарымызда сұңғыла бір қариямен таныстық. Есімі Қабылбек екен. Әкесі Рамазан әйгілі Әлихан Бөкейханның атқосшысы болған адам.

Біз ақсақалмен алты сағатқа жуық дидарласып, әңгімесін бейнетаспаға жазып алдық.

Мына төмендегі жанымыз ауыра отырып жарты сағатқа қысқартқан бейнебаян көп әңгіменің көзмоншақтай бір үзігі ғана. Барлығын  толықтай беруге көрерменнің уақытын аядық.

Біз көбінесе Алаш арыстарын  айтқанда сірескен ресми даталар мен  дәрежелерден (автобиографиясынан) арыға бара алмай жатамыз. Ал мына бейнебаяннан Әлиханның азаматтық өмірі мен кісілік келбетінен мол мағлұмат аласыздар.  Осы бір аз ғана деректен Әлиханның «жақсыда жаттық жоқ» деген қазақ ғақлиясына тұтас тұлғасымен үлгі болғандығын көреміз.  Ағайынға айтпағымыз  алтын уақытыңыздың жарты сағатын қиып көріп шығыңыздар.  Өкінбейтіндеріңізге өзім кепіл.

 

                                                            Ықылас Ожайұлы

 

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?