Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Орта ғасырлардағы Қазақстан: Түрік қағанаты

3954
Орта ғасырлардағы Қазақстан: Түрік қағанаты - e-history.kz
Біздің дәуіріміздің VI ғасырында Қазақстан территориясы әміршілері Ашина династиясынан шыққан аса қуатты держава – Түрік қағанатының қол астына кірді.

Біздің дәуіріміздің VI ғасырында Қазақстан территориясы әміршілері Ашина династиясынан шыққан аса қуатты держава – Түрік қағанатының қол астына кірді.

"Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Он жылдан кейін, 552 жылы түріктер Ішкі Азия далаларында саяси және әскери әмір жүргізіп, Түрік қағанатының негізін салды. VI ғасырдың соңында Түрік қағанаты кемеліне келіп, күші тасыған уақытты бастан кешірді. 587 жылы түріктер Бұқара түбінде эфталиттерді талқандады. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми-қаған Солтүстік Кавказды басып алып, Боспорға (Керчь түбегіне) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады.

Бірнеше жыл қатарынан болған өзара қырқыс пен қайшылықтардан кейін Түрік қағанаты құлады. 603–704 жылдары батыста өз алдына жеке Батыс-Түрік қағанаты өмір сүрді. Түрік империясының шығыс бөлігінде ұзақ уақыт таң империясының қол астында болған Ашина тайпасы Орханда өз билігін қалпына келтірді. Оның тарихы түріктердің Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған және басқа да көптеген жазба ескерткіштерінде жазылып, сақталған. 679- жылы түріктер Таң өкіметіне қарсы бас көтеріп, қағанатты қалпына келтіру үшін жан аямай соғысты. 682-жылы түрік халқының басына Құтлұғ-шор келді. 734-жылы Білге қаған қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін түріктердің бұрынғы даңқты кездері қайтып оралмады, ал 744-жылы Орхандағы көшпенділердің мұрагері – Ұйғыр қағанатының негізін салған ұйғырлардың қағандық руы - яглакар болады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?