Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Эксперименттер елі

2412
Эксперименттер елі - e-history.kz
Шын мәнінде 1922 жылы құрылған Совет Одағының бүкіл тарихы аңыздандырылған. Тарихшы ретінде мемлекет тарихындағы бірде-бір бұрмаланбаған оқиғаны таба алмадым

Мысалы, азамат соғысы жұмысшылар мен шаруалардың «жауыз» буржуазияға қарсы әділетті соғыс ретінде, индустрияландыру және ұжымдастыру кезеңдерінің жүргізілуі – тап жаулары – кулактармен күрестегі советтік ұжымдық құрылыстың жеңісі ретінде үнемі және біржақты жеткізіліп отырды.

Бірақ аштық және миллиондаған адамдардың өлімі, жалпы колхоз құрылысының қабілетсіздігі мен тиімсіздігі, 1920-1950 жылдардағы қуғын-сүргін ауызға алынбады. Украинада ұжымдастыру жылдары (1928-1933), 6 млн жуық адам өлді, ал Қазақстанда 3 млн.-нан аса. Тіпті, құрбандарды «ақтау» («Хрущев жылымығы») дегеннің өзі, партия функционерлерінің жеке категориясы мен өздері сол тәртіпті жасаған және тірегі болған белгілі М. Тухачевский, С. Косиор, Я. Рудзутак сияқты әскери қолбасшыларға ғана тиесілі болды. Үндемеу саясатының салдарынан көптеген батыстың тарихшылары, журналистері, социологтары большевизмнің миллиондаған құрбандарынан хабары болмай, Совет өкіметінің жетістіктеріне тоқталатын (А.Жид, Г.Уэльс, Б.Шоу және басқа) қызықты құбылысқа әкелді.

Ұжымдастыру үшін жасалған демонстрация. 1930-жылдар

Есте қалатыны, қуғын-сүргіннің диірменіне түспей қалған совет элитасы, кешегі табынған пұттары мен көшбасшыларынан оңай бас тартты. Мысалы, 1956 жылы Иосиф Сталиннің «жеке басына табынуды» әшкерлегеннен кейін сол номенклатура 1964 жылы Н. Хрущевтың «волютаризмін» бетіне басты. Н. Хрущев қызметін айыптағаннан кейін Л.Брежневты мадақтаған кезең келді. Өзінің кезегінде Л. Брежнев билік құрған уақытты М.Горбачев тұсында «тоқырау кезеңі» ретінде масқараланды. Бірақ қызық нәрсе қалыптасты. ХХ ғасырдың 30-ншы жылдарынан бастап большевизмнің өзімен бірге алып жүрген (мемлекеттің құлдырауы, азаматтарды жаппай жазалау, шіркеу, мешіт, синагогаларды жою), сол қиратушы күшпен бірге елдің барлық аймақтарында мектеп, университеттер ашылып, жолдар мен гидроэлектрстансалары салынады. Сол сияқты ұлыдержавалық белгілер қалпына келтіріліп, алдыңғы дәстүрлер қайтарылды. Кең тараған бауырластық, әлеуметтік әділеттілік ұраны адамдар жүрегінен орын алды.

Заң бойынша ССРО азаматтары тең құқықты. Советтік билікке шалғайдағылардың сүйіспеншілігін оятқан, ұлттық республикалар мен автономиялардың пайда болуы. Жаппай насихат советтік өмір салттың басымдығы, совет азаматтарының жанын жадыратады, олардың болашаққа сенімін арттырады. Шалғайдан жігіттер мен қыздар ССРО астанасы – Мәскеуден, елдің ірі қалаларында білім алуға нақты мүмкіндіктері болды, ал қажетті минималды білім алғандар өздерінің пролетариаттан шыққандығын мәлімдеп, әлеуметтік басқышпен екпіндей жоғары жылжиды. Жан-жақты пайдаланатын «социализм» термині, біздің ойымызша оның классикалық мазмұнына сәйкес келмейтін.

ССРО-да 1930 жылға қарай барлығы ортақтастырылған, мемлекеттік «номенклатуралық капитализм» құрылды, сол сияқты бюрократтардың аз ғана тобының қолына шоғырланған: жер, кен, оның байлығы, басқару, тіпті совет азаматтарының өмірі мен денсаулығы. «Советтік социализм» жетістіктері өмір көрсеткендей, технологиялық жарылыстың емес, көпшілігінде қарапайым совет азаматтарының ауыр еңбегінің нәтижесі болатын. Сталиндік басшылардың 1937 жылы ССРО-да социалистік құрылыс орнады дегенді бекітуі құрғақ пікірге айналды. Айта кету керек, айтылып өткен технологиялық жарылысты кейбір біріктірушілер, оны жеке билік тәртібін нығайтуға және Сталинге табынуды ұлықтауға белсенді түрде пайдаланылды. Тұрғындарға әсер ететін ақпараттық каналдарды кеңейту және жетілдіру туралы болып отыр. Радио, телеграф, пошта қысқа мерзімде ССРО-ның бүкіл аумағын партиялық насихатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Большевиктер мүшелерінің өздерінің күштеріне сенімділігі мақсаткерлігі, тегеуріні, одан соң 1918 жылы Коммунистік партия (РК(б)П), 1936 жылы Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясы, ал 1962 жылы Совет Одағының Коммунистік партиясы болып қайта құрылуы, миллиондаған адамдар үшін тартымды күшке айналады. Әсіресе неміс фашистері агрессиясына тойтарыс беру жылдары большевиктердің (коммунистердің) беделі өсті. Екінші Дүниежүзі соғысын айта отырып, советтік насихатшылар сол соғыстағы совет халқының шеккен сұмдық шығындарын жасырды.

Мысалы, советтік партиялық машина қирағаннан кейін гитлерлік Германияның шабуылы басталған уақытта Совет мемлекеті көшбасшыларының дайындалмағаны және сорақы жауапсыздығы, әскери тұтқындардың ауыр тағдыры туралы көпшілікке белгілі болды.

Ресми мәлімет бойынша 1941 жылдың маусым-қараша айларында 3,9 млн. совет азаматтары тұтқынға түскен. Кеңес Одағы уақытында «Әскери тұтқындарды ұстау туралы» Женева конвенциясына (27 шілде 1929 жылы) қол қоймағандықтан, Совет Одағы миллиондаған өздерінің азаматтарын азап шектіртуге мәжбүр етті. Оған қоса, фашистік лагерлерден қашып шыққан Франциядағы, Италиядағы, Югославиядағы Қарсыласу қозғалысының мүшелері тарихи Отанына қайтып келгенде тағы да қуғын-сүргінге ұшырады.

Германияны жеңгеннен кейін Совет өкіметі отандастары оралған жағдайда қолдау және көмек көрсететіндіктері жөнінде өтірік уәде берді, бірақ қайта оралғандар түрмеде бейтарап ұсталынып, ССРО тарағанға дейін құқылары шектелді және арнайы қызметтің бақылауында болды. Әскери тұтқын Әйткеш Толғанбаевтың тағдыры осыған мысал болады. Мысалға, Батыс елдері тұтқында болған отандастарымызға анағұрлым өркениетті қарым-қатынас жасады. Қажетті процедуралардан кейін бұрынғы бейтарап ұсталғандар күнделікті өмірге оралды, көпшілігі арнайы марапатқа ие болды, онысы – «Тірі қалғаны үшін» төсбелгісі.

Советтік әскер тұтқындарын тасымалдау. 1941 ж.

Астанадан қашық емес, Ақмол (бұрынғы Малиновка) ауылында бір кездері совет әйелдерінің ірі лагері орналасқан. Ол Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері деген атауы болатын (АЛЖИР). Мінекей, осы сұмдық лагерде отырған әйелдердің тек фамилиясы тізілген тізімнің өзі кең ауқымды алып жатыр. Әйел-анаға түрме қабырғасында тек бір-екі күн болғанның өзі нені білдіреді? Елестету қиын, анығы – бұл адам атаулыға жасалған сұмдық қорлық.

Лагерлерде мұндай жазықсыз зарыққан, миллиондаған құрбан болды. Николо Верт өзінің «Совет мемлекеті тарихы» еңбегінде былайша жазады: «ақыр аяғында, қырық жылдық таластан соң, 1930 жылдардың соңында тұтқындар саны 3,5-нан 9-10 млн. адам санымен анықталады» . Бұл сандар сұмдық және оны қарапайым адамның елестетуі де мүмкін емес. Оның қасіреті сонда, қазіргі күнге дейін, адамгершіліксіз және әділетсіз сотталған, көптеген мыңдаған қуғын-сүргінге түскендердің есімдері белгісіз. Большевиктік номенклатураның іс-қимылынан тұрғындардың барлық бөлігі жапа шекті, бірақ ең қорғансызы қарапайым азаматтар болатын. Соның жарқын бір мысалы, үш көрнекті қазақ интеллектуалдарының тамаша әйел-музасы – Фатима Ғабитованың өмірі. Артық айтқандық болмас, оның бүкіл өмірі совет билігі арнайы органдарының бақылауының астында өтті. Айдалған, айыпталған және өзінің жары күнәсіз «халық жауы» болып жарияланғаны үшін жеккөрінішті болуы және үй-күйсіз қалған қорғансыз нәзік әйел бес баласымен, қуғындалудың барлық ауыртпалығын көтерді.

АЛЖИР тұтқындарының тізімі. Ақмол селосы

Бірақ ол берілген жоқ және әділетсіздік пен қуғындауға қарсы өзінше күресті. Жеке басқа табыну айыпталу кезеңінде Фатима Габитова былайша жазады: «бойжеткен кезде (революцияның алғашқы жылдары), Совет Одағы қысымын көтере алмай, туған өлкемізді тастауға мәжбүр болдық. 16 жасымда тұрмысқа шықтым. Менің жарым, қазақ халқының ақылды, қайратты, күшті және құрметтейтін ағартушысы болған. Совет үкіметі ұлтшыл ретінде одан күдіктенгендіктен жазықсыз өмірін қиды.

Мен жалғыз, өз қайғыммен бірге, қолымдағы екі жетімекпен қалдым. Екінші рет тұрмысқа шықтым. Оның да ешқандай жазығы жоқ еді, НКВД аямады. Ол өнерлі, өзіне ешкім шақ келмейтін ақын еді. Мен енді бес баламен қалдым. Бүкіл мүлкімді тартып алды, өзімді жер аударды. Кейде жұмыс табудың сәті түссе, ал көбіне жұмыссыз босып, күнкөріс үшін тентіреп кетуге тура келді...

Балалар орта мектепті өте жақсы бітірді, бірақ бұл олардың қалаған жоғары оқу орындарына түсуіне көмектескен жоқ. Амалсыздан түскен жоғары оқу орындарын өте жақсы аяқтағанмен, олардың аспирантураға түсуге құқысы болмады. Егер жұмыс істеуге мүмкіндік болса, оларды алыс түкпірге жіберді. Теңдік қайда? Еркіндік қайда?

Ешкім жауап бере алмайды!

Совет  Одағына мен не істедім, менің кінәм неде?»[1]

Расында, оның қандай кінәсі бар? Өзге де адамдардың кінәсі неде?

Леонид Млечин өзінің «Нарком Ворошилов» кітабында Совет өкіметі басшыларының адамгершіліктен жұрдайлығын ашық сипаттайтын оқиғаны келтіреді. «Молотов зейнетке шыққанда оған сұрақ қойылған екен: «– Неге қуғын-сүргін әйелдер мен балаларды да қамтыды?» «Неге дегенді қалай түсінуге болады?» – деп таңғала бұрынғы үкімет басшысы былайша жауап беріпті: «– Олар қандай да бір шамада оқшаулануы тиіс. Әйтпесе олар кез-келген шағымдарды және белгілі дәрежеде азғындықты таратушылар болатын еді»[2]. И. Сталинның серіктестері үшін құқық нормасы да, ар-ұят сезімі мен аяушылық деген болған емес. Миллиондаған күнәсі жоқ қуғын-сүргінге түскендерді айтпағанның өзінде, қуғындауға ұшырағандардың туғандарының, әйелдерінің, ағайындарының, балаларының, апаларының тағдыры, оларды ойландырған емес. Бұл жерде қандай әділдік және мемлекеттік құрылыстың болашағы туралы айтуға болады?! Мәдениеттің гүлденуі және тілдерді қолдау туралы айта отырып, ұлттық тілдегі бала бақша мен мектептерді жабу, оларды даму мүмкіндігінен айыру болатын.

Ар-намыс еркіндігі туралы айтады да, елдегі орны бар бүкіл дінді жаппай қудалау. Ежелгі діндер – ислам, христиан, иудаизмнен бас тарта, бірақ олардың көптеген нышандарын қабылдай, большевизм діни фетиш рөліне, өзінің ілімін қойды. Оған қоса, ленинизм ілімінің өзі пұтқа табынуға айналды, осылайша ол әлемдегі бүкіл дінді «алмастырды». Большевизм көсемдері бүкіл әлемнің көз алдында құдайды өздерімен теңестірді. Елдің барлық бұрышындағы бұзылған шіркеулер мен мешіттердің орнына, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ тәрізді революция көсемдері мен пайғамбарларына және олардың серіктестеріне арналған бірдей және сұр түсті ескерткіштер қаптады. К. Маркс, Ф. Энгельс және В. Ленин жоғарғы құдірет, ал оның шәкірттері Саяси бюро мүшелері тәңір рөліне енді.

Сөз жүзінде мемлекетті жою қажеттігін айтқанмен, большевизм көсемдері мемлекеттік институттарды жоғарыға көтерді. Мемлекеттің советтік типі – көптеген аппараттары және барлық жерге кіруге құзыретті ізге түсу қызметтерімен, жалпылама қамтитын органға айналды. Марксизм-ленинизм идеясы қандай елге енгізілсе де, Азия, Еуропа немесе Америка, Қытайда, Корея, Куба, Анголада болсын, «советтік социализм» деспоттық және бюрократтық мемлекет құрды.

Мұндай «социализмнің» шарықтау шегі, ХХ ғасырдың 70-нші жылдары жаңа құрылыс құру жолындағы қысқа мерзімде, 3 млн. аса адам қырылған, Кампучия болды. Әлеуметтік өмір саласында да жақсы жағдай қалыптасқан жоқ. Езіп-жаншуды жою қажеттігін жариялай келе большевиктер жұмысшыларды пайдаланудың тетігін ашқан, Маркстің қосымша құн туралы тезисін негізге алды. Шын мәнінде қанау, бірқатар ғалымдар пікірінше экономикалық категория емес, қанау – адамгершілік тәртібінің іс-қимылы. Біз көріп отырғандай, большевизм адамды адамның қанауын жойып қана қойған жоқ, одан әрі «советтік социализмде (барлық социалистік лагерде деп есептеңіз) жұмысшы қолымен және совет адамдарының интеллектісімен жасалған қосымша құнды, құнды иеленген, мемлекеттік аппараттың өзі басты қанаушы рөлінде қалды. CСРО-ның бүкіл кеңістігіндегі әлеуметтік саясаттың көрінісі ретінде, бір-біріне ұқсас ортақ үлгідегі қалалар, кенттер мен селолар саны өсті. «Социалистік» мемлекеттің казармалық сипаты ғимараттардың құрылысынан да жарқын көрініс тапты. Мысалы, кеңес адамы үшін «Ирония судьбы или с легким паром» кино фильмінің кейіпкері мас күйінде бір қаладан екінші қалаға ұшып келіп, дәл сондай үйге кіреді, тіпті есікті өзінің кілтімен ашқаны түсінікті де күлкілі болатын. Үйлердің бір типті сұр түсі басқа да Болгария, ГДР және басқа да социалистік бағыттағы елдердің қалаларына ортақ сипат болатын, бір қалыпты ұстау және кертартпалық «социалистік» бағыттың ерекше белгісіне айналды.

 


[1]Ғабитова Ф. Өртеңде өнген гүл. Өлеңдер, проза, естеліктер, күнделіктер, хаттар, пікірлер, ойлар... Алматы: Атамұра, 1998.-272 бет–Б. 146. Перевод К.Саманбекова.

[2]Млечин Л. Нарком Ворошилов. С-Петербург, 2015. – 320 с.

 

 

Бүркітбай АЯҒАН, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?