Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қағаз үй» сериалының режиссері Карлаг жайлы фильм түсіреді

497
«Қағаз үй» сериалының режиссері Карлаг жайлы фильм түсіреді - e-history.kz

Сурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Netflix-пен эксклюзивті келісімшарт бойынша Карлаг туралы «Бітімгершілік» /La Tregua атты қазақстандық-испандық фильмнің түсірілімі басталды, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy  порталы  Қарағанды облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Картинаның бас режиссері – «Қағаз үй» сериялымен көрермендерге танымал Мигель Анхель Вивас. Фильмде адамдардың қиын тағдыры, өмір сүру үшін күнделікті күреске қарамастан, адамның қадір-қасиетін сақтау туралы айтылады.

Жұлдызды режиссер актерлердің шеберлігіне ерекше назар аударады. Жаңа фильмдегі басты рөлдерді бұрын "Қағаз үй" телехикаясында Рио рөлін сомдаған Мигель Эрран және "Элита" драмасында Андер Муньосты бейнелеген Арон Пипер, сондай-ақ қазақстандық актерлер Дина Тасболатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Ақкөзов сомдайды.

1930–1950 жылдардағы Карлаг атмосферасы костюмдермен, реквизиттермен және декорациялармен беріледі, оларды жасау үшін суретшілер мұрағаттар мен мұражайларда көп уақыт өткізген екен.

Бастапқыда фильмді Қазақстанда түсіру жоспарланған болатын, бірақ кейін жоспарлар өзгерді. Испанияның Бильбао қаласының маңында түсірілім үшін миниатюралық Карлаг салынды.

– Біз барлық жағдайды, қазақ даласын дәл жаңғырту мүмкін емес екенін түсінеміз, бірақ біз барынша тырыстық. Біздің команда көптеген құжаттарды зерттеді, Қоюшы-суретшілер тобы орасан зор жұмыс жасады. Қиын болды, бірақ біз Бильбаода Қазақстанның бір бөлігін қайта жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық, – дейді фильмді түсіруге жауапты Plano a Plano кинокомпаниясының директоры Цезарь Бенитес.

"Бітімгершілік" – қазақстандық актерлердің, продюсерлердің, үйлестірушілердің және басқа да мамандардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылып отырған Netflix үшін алғашқы жоба.

– Бұл жоба халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Біз оны жоғары стандарттар мен жаһандық әлеуетке баса назар аудара отырып, оны іске қосуға мұқият дайындадық. Қазіргі жағдайда, әлем сын – тегеуріндерге және ортақ тіл табуға тап болған кезде, мұндай жобалар өнердің біріктіруге қабілетті екенін көрсетеді, – деп атап өтті фильмнің бас продюсері Аманат Қонақбаев.

Түсірілім екі жарым айға созылады. Авторлар дайын фильмді А санатындағы ең үлкен фестивальдарда көрсетеді деп көзделіп отыр.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?