Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЕҢ ҮЗДІК 5 ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ

333
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЕҢ ҮЗДІК 5 ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ - e-history.kz

ҚАЖЫМҰҚАН – әйгілі қазақ балуаны, классикалық күрестің мейталманы, грем-рим және еркін күрестен дүние жүзінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Омбы, Мәскеу, Петербор, Париж, Лондон, Берлин қалаларында өткен кәсіпқой күрес чемпионаттарына қатысқан.

cb51f61a8342e00ea8f51884ea13a61a.jpg

Ол – күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Ал 1927 жылы Қажымұқанға «Қазақ халық батыры» атағы берілді. Күресші Алекс Аберг, Иван Шемякин, Георг Лурих (джиу-джитсу спорт түрі бойынша), Иесс Педерсен, Иван Поддубный, Станислав Збышко-Цыганевич, Иван Заикин, Джондофу Саракики сынды әлем чемпиондарын бәрін жеңіп, төрткүл дүниеде теңдессіз екенін танытқан. Сонымен бірге, Қажымұқан Мұңайтпасов – еркін күресінен әлем жеңімпазы және джиу-джитсу спорт түрінен Еуропа біріншілігінің чемпионы. Ол «Патша Сигизмундтың белбеуі» атағының иегері. 

ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ – алтын алқа иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980 ж.). Бұл мақсатқа жету үшін он жыл бойы бар күшін аямай жұмсап, көп кедергіден өтті. Олимпиаданың ең алғашқы белдесуінде мықты қарсылас әлемнің екі дүркін чемпионы, Еуропа біріншілігінің бес дүркін жеңімпазы Константин Александрмен айқасты. 

c4a076573d517e5d12ad95d1bd4999df.jpg

Содан кейін поляк Роман Керпачпен жекпе-жекке шығып, спорт алаңында жеңімпаз атанды. Венгр ұлтының өкілі Ференц Шереша және болгар Павл Христовты жеңіп, күллі әлемге Қазақстанның атын асқақтатып, туған Алматы қаласына алтын медальмен оралды. 1981 жылы қайтадан дүние жүзі чемпионы, ал 1982 жылы Әлем кубогының жеңімпазы атанды. 

ШӘМІЛ СЕРІКОВ – әлемнің екі дүркін жеңімпазы, 1980 жылғы грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы. Серіков туралы халықаралық күрес федерациясының мүшелері: «Шәміл – ғажайып! Мұндай дарынды балуанды көрерменге көрсетпеу күнәмен пара-пар», – деген. 

a808338a0fee8153c05291bcd513820a.jpg

Күрес майталманы 1 минутта «арқадан асыра лақтыру» деген жаттығуды алты рет жасап, Гиннес рекордтар кітабына енді. ССРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем және Еуропа біріншілігінің жеңімпазы Шәміл Серіков «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 

ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ – грек-рим күресінен дүние жүзі чемпионы, Әлем біріншілігі және Сеул, Барселона секілді қалаларда өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, ССРО-ның жеті дүркін чемпионы. Азия біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы. 

51cb4fb200dec11f5588adbe283dcc4a.jpg

«Дарынды балуан – бұл талантты композитор не суретші сияқты сирек кездесетін тұлға. Дегенмен де, жаттықтырушыларға балуандар дайын болып келе қалмайды. Республикамыздың жаттықтырушылар құрамы Тұрлыхановты байыппен дайындайды. Мұндай ықыласты және қамқор амал өзінің жемісін көрсетті», – деп жазған ССРО және Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы П.Ф. Матущак «Батыр из рода Турлыхан» атты кітабында. 

БАҚТИЯР БАЙСЕЙІТОВ – грек-рим күресінен әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, ССРО-нда өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері. Бақтиярдың күреске бейімділігі жастайынан байқалды. 17 жасар бала ерлер арасында ел чемпионы атанды. 

a2131b4b35ab8928a682c6884b5a8fbc.jpg

Бапкері Танат Сағындықовтың айтуынша, Байсейітов қойған мақсатынан қайтпай, жаттығуларда жанын аямай тер төгіп, еңбектенді. Тізесіне жасалған сансыз операциялардан кейін де ол әлем біріншілігінің жеңімпазы деген жоғары марапатқа қол жеткізді.