Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Таным кеңістігін кеңейту

13261
Таным кеңістігін кеңейту - e-history.kz
Назарбаев университетінің Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар Мектебінде МТИ қызметкерлерін әр түрлі іс-шараларға шақыру игі дәстүрге айналды

Назарбаев университетінің Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар Мектебінде МТИ қызметкерлерін әр түрлі іс-шараларға шақыруигі дәстүрге айналды. Мектептің жаңа деканы Доктор Дэниель Пью сол дәстүрді жалғастырып жүр. Осы жылы ғылыми қызметкерлері әр түрлі сұрақтар бойынша семинарлар мен конференциялар қатарына барды, олар: тарих және дінтану, лингвистика және саясаттану.

18d4089877d75f391857157136030cbf.JPG

2013 жылы 19 қарашада, сейсенбі күні Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шараға шақырылды: Қазақстандағы Корей Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі –Пэк Чухен Мырза «Корей Республикасының экономикалық даму тарихы және Корей Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екі жақты қарым-қатынас» атты дәрісімен сөз сөйледі. Елшінің дәрісі бүгінгі Кореяның видеосымен, елдің тарихы мен заманауилығынан алынған қызықты фактілерімен қоса өткізілген. Пэк Чухен Мырза Орта Азия тұрғындары геномының ортақтығын дәлелдейтін зерттеулерін әлемдік ғалымдары өткізіп жатқаны жайында өз дәрісін бастады. Сонымен қатар дәріскер біздің халқымызда тарихпен, соның ішінде корей және қазақ тілдерінің құрылуы мен грамматикасында көп ортақтығы барын атап өтті.

Пэк Чухен Мырза тарих Докторы болып табылады, сондықтан көптеген сұрақтар тарихи болашақ көзқарасы жағынан жарықтандырылғанында таңданатыны жоқ. Көбінесе семинарға қатысушылардың сұрақтары ұнады. Назарбаев Университеті студенттерінің ағылшын тілді жақсы білетіні – экономика саласындағы тамаша білімдері толтырады.

Қазіргі кезеңдегі Корея тарихи ғылымының жағдайы туралы мүдделі сұхбат жайлы сөз қозғалды. Корей Республикасының тарихы Қазақстанда сияқты кейбір мәселелердің қайта ойластыруын талып ететіні жайлы сөйлеуші атап өткен болатын. Ортақ қарым-қатынас нүктелері және ортақ түп негіздерін табуымыз қажет екені жайлы Қазақстандағы Корей Республикасының Елшісі жеке таныстыру кезінде атап өтті. Пэк Чухен Мырза біздің Институт ғалымдарымен кездесу үшін шақыруды қабылдады.

Осы іс-шара корей тілінде арнайы сыныптарымен аяқталды: Корей Республикасы елшілігінің корей мәдени орталығымен каллиграфия негіздері және корей косметикасының ерекшелігі ұйымдастырылды. Осындай іс-шаралар таным кеңістігін ғана кеңейтпей, халықтардың дәстүрлері мен мәдениетіне үңілуге мүмкіндік беретінін атап өту керек.

М.Л. Анафинова, МТИ Еуразиялық және салыстырмалы

саяси зерттеулер бөлімінің бастығы

Материалды ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы Институты ұсынды