Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген «Қазақстан тарихын зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

13217
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген  «Қазақстан тарихын зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы - e-history.kz
2014 жылдың 26 ақпанында Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақстан тарихын зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өтті.

2014 жылдың 26 ақпанында Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақстан тарихын зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстан тарихы және құқық, экономика негіздері кафедрасының ұйымдастыруымен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға Астана, Қостанай, Лисаковск, Рудный, Арқалық қалалары, сондай-ақ, Федоров, Қарабалық, Жангелді аудандарының қатысушыларынан 57 мақала қабылданды.

Конференцияның пленарлық мәжілісін Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру жұмыстары жөніндегі проректор, ф.ғ.к., Б.Д.Искакова құттықтау сөзімен ашты.

Пленарлық мәжілісте Тарих және өнер факультетінің деканы, филос.ғ.к., АрқМПИ доценті Г.С.Конкина, ҚМПИ тарих магистрі А.Б.Анасова, Қостанай құрылыс колледжінің оқытушысы Г.Ж.Алембаева, , АрқМПИ аға оқытушысы Н.И.Есімханова баяндама жасады. Бұл баяндамаларда тарихшылардың алдында тұрған маңызды міндеттер, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың бірыңғай мемлекеттік стандартын әзірлеу, сонымен қатар археология, этнография, антропология ғылымдарының зерттеулеріне сүйене отырып, Қазақстан тарихының біртұтас концепциясын жасау туралы өзекті мәселелер қозғады.

Пленарлық мәжілістен кейін, 3 секция бойынша конференция өз жұмысын жалғастырды. 1.«Отандық тарихты оқудағы теориялық-методологиялық негіздері»

2.«Қазақстан тарихын зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері және оны жүйелеу»

3.«Қазақстан тарихын оқытудағы ғылыми-әдістемелік негіздері».

Конференцияға қатысушылар Отан тарихының өзекті мәселелері, мемлекет тарихы дамуының соңғы 20 жылының мәні мен маңыздылығына тоқталып, осы жылдардағы тарихи маңызы зор оқиғалар: мемлекеттік шекараның белгіленуі, Конституцияның қабылдануы, әлемдік діндер форумы, 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммиті, алдағы ЭКСПО – 2017, «Стратегия - 2030», «Стратегия - 2050» бағдарламаларының қабылдануы мен іске асырылуы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегі мен ерекше рөлін атап көрсетті.

Секция жұмыстарында сондай – ақ, өлке тарихы, тарихты оқытудың қазіргі ғылыми – әдістемелік негіздері мен қазіргі мектептегі Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Конференция жұмысының нәтижесі бойынша резолюция қабылданды.