ЕАЭО туралы келісімге қол қою қарсаңында «Солтүстік-Оңтүстік» Саясаттану орталығының атқарушы директоры, М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің аға оқытушысы, Қазақстан саясатына, экономикасына және қоғамдық өміріне мүддесі бар талдаушы Юлия Якушева біздің портал тілшілерінің сұрақтарына жауап берді.
«Қазақстан -2014: Еуразиялық жобаның қарсыластарына шенеуніктер емес, бизнесмендер жауап беру керек» атты жуырдағы басылымда сіз былай жазған болатынсыз: «Болып жатқан жағдайды азаматтардың ұғыну-деңгейі үлкен емес». Ол рас, ал қазіргі уақытта не болып жатыр және 29 мамырда не болады?
— Менің ойымша, 29 мамыр — бұл символды күн. Шынында, 30 мамыр күні болғанда, бізді қоршаған әлем түбегейлі түрде өзгермейді. Бірақ бұл экономикалық мүмкіндіктердің, бизнесті жүргізу үшін жағдайлардың басқа кеңістігі болады. Осы жаңа жағдайларға әлі бейімделу керек, Ресей, Қазақстан, Беларусьта біз үшін қандай нақты мүмкіндіктер ашылатынын түсіну керек. Дәл сол себептен интеграция процесінің ақпараттық, сараптамалық қамтамасыз ету рөлі өседі. Бірақ осы бағытта әзірше үлкен жетістіктерге жете алмады. Бұл мәселе әлі күнге күн тәртібінен түскен жоқ.
Біз жаңа экономикадық модульды құрып. Бірақ осы модуль жұмыс істеуі үшін қауымдардың келісілген саясаты ғана емес, сонымен қатар еуразиялық жобаның қоғамдық қолдаудағы жоғары-деңгейі қажет.Қазір осы мәселені біз — үш елдің ғалымдар, тілшілер, қоғамдық қайраткерлері шешуіміз керек.
Еуразиялық ұғымы негізінде төзімділік және тең құқықтық жатыр. Еуразиялық одақта ең алдымен экономикалық тең құқыққа жету үшін қанша уақыт қажет?
— Жалпы экономикалық «затты» құруға қанша уақыт кетсе, сонша уақытты алады. Қазіргі уақытта БЭК біртекті емес: бизнесті жүргізудегі әр түрлі ережелер, әр түрлі салық қаржы саясаты. Жобаның дамуына қарай еуразиялық кеңістіктің әр бөлігінде бір типті «ойын ережелері» құрылады. Бизнес үшін бұл өте қажет — бизнес, өнеркәсіптік саясатының, өмір сапасының стандарттарын жүргізу арқылы тең құқылық қамтамасыз етіледі. Жағдайға байланысты айтатын болсақ, Гомель, Тараз және Челябинск қаласындағы өмір-деңгейі өсу қарқыны, сапалы толықтырулар арқылы салыстырмалы болғанда, тең құқылыққа жете аламыз. Сонда кім жеңді, ал кім жеңілді деген сөздер болмайды.
ЕврАзЭҚ туралы келісімге қол қою қарсаңында мен қазақстандық тарихшылармен осы мәселе бойынша көп әңгімелесемін. Олар Одақты жоғары бағалайды, оны құрудан оң экономикалық пайдасына сенімді. Алайда бірыңғай идеология туралы сұрақты қозғамайды. Одақты идеологиямен бекіту қажет пе?
— Бұл қиын сұрақ. Бірақ менің жауабым — «иә». Бірақ идеологияны мен пікірлестік деп емес, ал даму мотиві, жалпы құнды бағыттар деп түсінемін. Оны барлығымыз қажетсінеміз, әсіресе жастар. Осы мотивтерді құру процесі қауымнан халыққа сызбасы бойынша жүруі қажет емес. Еуразиялық жоба елдерінде кең қоғамдық пікірталас болсын. Мұнда қорқатындай ештеңе жоқ. Тек мықты модераторлар қажет.
Өз басылымдарының біреуінде сіз еуразиялық мамандықтарды даярлау қажеттігі туралы айтқан болатынсыз. Мұндай адамдарда қандай қасиеттер мен мүмкіндіктер болу керек?
— Бұл жаңа технологиялық талпыныстарға дайын адамдар. Еуразиялық жаңғыртуға ділдік жағынан дайын болған адамдар. Өз елдерінің патриоттары, сол уақытта ел үшін және Еуразиялық Экономикалық Одақ үшін жетістік факторы ретіндегі интеграцияның қажеттілігін түсінетін адамдар. Бұл маңызды тапсырма — жас еуразиялық мамандарды даярлау, және біздің Орталық осы процеске өз үлесін қосуға дайын. Тамыз айында біз жас тарихшылар және саясаттанушылар үшін біліктілікті жоғарылату мектебін ашамыз. Сонымен қатар, олардың бірі тамыз айында Астана қаласында өтеді. Ресей, Қазақстан және Беларуссь елдерінің жетекші сарапшылардың тренингтеріне жас мамандарды күтеміз.
Қатысушы-мемлекеттердің мәдениеті мен біліміне Одақ қалай әсер етеді? Бізге жаңа биіктерді күту керек пе?
— Бұл айқын тапсырма жақын болашақта орындалады. Бізге «еуразиялық болашақтықтар» керек. Еуразиялық білім мен мәдениетті тасымалдаушылар. Әрине, бұл бір сәтті процесс емес. Қазіргі уақытта елдеріміздің басшыларында жалпы еуразиялық мәдениет пен гуманитарлық кеңістік аясында мәселелерді шешуіне көп уақыт жоқ. Бірақ жақын болашақта мұндай тапсырмалар қойылатына күмән жоқ.
Егер 1994 жылы Н.А. Назарбаев Еуразиялық одақты құруға ұсыныс бермесе, сол кездегі бауырлас мемлекеттер жетекшілерінің бірі ұсынар ма еді?
— Сол уақытта ешкім ұсынбас еді, деп ойлаймын. Саясатта озық жүру, тарихи оқиғалардың барысын алдын ала білу, бір мезеттік көріністерге елікпеу, дамудың басты трендтерін анықтау — қазақстандық басшының басты қасиеті болып табылады. Н. А. Назарбаевтың тарихи сөйлеген сөзі уақытында ЕАЭО іргетасы сол уақытта қаланды деп айтуға болады.
— Себебі бұл дерексіз идея емес, виртуалды жоба емес. Елдеріміздің қоғамдық, саяси, экономикалық өмірде, ақиқат процестердің даму нәтижесі. Бұл достыққа, жаңа шекке ұмтылуға деген біздің әлеуетіміздің бірігу тренді. Мүмкін бұл сәл лепірме болып көрінеді, алайда біраз уақыт өткен соң 29 мамыр Ресей, Беларусь, Қазақстанның келесі ұрпақтары үшін тарихи кезең болатынына сенемін.
Людмила Выходченко