Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

Бүгін түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі МҰСАЕВ Кеңесбай Мұсаұлы дүниеге келді

26569
Бүгін түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі МҰСАЕВ Кеңесбай Мұсаұлы дүниеге келді - e-history.kz
МҰСАЕВ Кеңесбай Мұсаұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында туған. Түркістан педагогикалық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республиекасы Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. Қарайым тілінің фонетикасы мен морфологиясын қамтыған еңбегі «Қарайым тілінің грамматикасы» деген атпен жарық көрген. Онда Литва мен Украинада тұратын қарайымдардың тілдері туралы деректер жинап, тракай, галиция диалектілері жайында жазған. Ол қыпшақ тобындағы тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыда қарастырып, әліпби, лексика және орфография мәселелерін зерттеумен айналысуда. «Грамматика караимского языка: фонетика и морфология», «Лексика тюркских языков в сравнительном освещении», «Лексикология тюркских языков», «Языки и письменность народов Евразии»атты еңбектері жарық көрген. «Парасат» орденімен КСРО-ның, Қазақстанның, Ресейдің медальдарымен, КСРО Ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталған.