Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

87 жыл бұрын әнші, КСРО Халық әртісі Роза Жаманова дүниеге келді

«Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны жарық көрді

- = -

Осыдан 9 жыл бұрын Атырауда халық жазушысы Зейнолла Қабдолов атындағы мұражай ашылды

26564
Осыдан 9 жыл бұрын Атырауда халық жазушысы Зейнолла Қабдолов атындағы мұражай ашылды - e-history.kz
2007 жылы Атырауда Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Қабдоловтың мұражайы ашылды
Мұражай Зейнолла Қабдолов құрметті профессоры болған Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінде орналасқан. Мұражайда жазушының кітаптары, оқулықтары, көптеген суреттері, фотоальбомдары, тарихи құжаттары, эпистолярлық мұралары, публикациялары бар топтамалар жинақталған. Фотостендтер жазушының студенттік жылдары, өмір жолы, шығармашылық өмірбаяны, қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына зор үлес қосқан ұлы әдебиетшінің қалыптасуы жайында баяндайды.