Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлығы шықты

Бүгін қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушылардың бірі Евгений Григорьевич Брусиловский дүниеге келген

- = -

Халық ақыны Хамит Ерғалиев дүниеге келді

26558
Халық ақыны Хамит Ерғалиев дүниеге келді - e-history.kz
100 жыл бұрын 1916 жылы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЕРҒАЛИЕВ Хамит дүниеге келді
Хамит Ерғалиев Атырау облысының Махамбет ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945-1950 жылдары - «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері. 1950-1957 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі. 1958-1959 жылдары Қазақстан мемлекеттік әдебиет баспасы поэзия секциясының меңгерушісі болған. Ақынның 30-ға тарта жыр жинақтары, «Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Жылдар, жылдар» атты поэмалары бар. Ақын поэзиясында Азамат соғысының отты жылдары, Украин халқының ұлы ақыны Т.Шевченко тағдыры, академик, композитор А.Жұбанов бейнесі, дәуіріміздің басқа да өзекті мәселелері көркем бейнеленген. Сонымен қатар оның қаламынан туған әңгімелер мен естеліктер, әдеби мақалалар мен эсселер де бар. Ол Д.Байронның, П.Неруданың, Н.Хикметтің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, Р.Ғамзатовтың, А.Сурковтың кейбір поэзиялық туындыларын, Шекспир сонеттерін қазақ тіліне аударған. Қырғыз халқының «Манас», қарақалпақ халқының «Қырық қыз» эпостарын қазақ тіліне тәржімалауға ат салысқан. Ақынның өз шығармалары да бірқатар шет ел тілдеріне аударылған. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», 1-2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.