Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

108 жыл бұрынКеңес Одағының Батыры Ысқақов Қапай дүниеге келді.

26517
108 жыл бұрынКеңес Одағының Батыры Ысқақов Қапай дүниеге келді. - e-history.kz
1906-1973 жылдары өмір сүрген. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында туған.
1941 жылы маусымда Қызыл Армия қатарына шақырылып, Богдан Хмельницкий орденді 294-ші Черкасск атқыштар дивизиясының полкі құрамында болған. Батыс, Сталинград, екінші Украин майдандарында ұрысқа қатысып, ерен ерлік көрсеткен. Соғыстағы ерлігі үшін 1944 жылғы қыркүйектің 13-інде Батыр атағын алған. Соғыстан кейінгі жылдары туған ауылында тұрып, еңбек еткен. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Туған ауылы Георгиевкада Батырға ескерткіш орнатылып, бір көшеге есімі берілген.