Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

112 жыл бұрын Семей мұғалімдер семинариясы ашылды.

105 жыл бұрын Әліби Жангелдин Мәскеу қаласынан дүниежүзін жаяу аралау сапарына аттанды.

55 жыл бұрын Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылып, тұңғыш рет шойын өндірілді.

6 жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астана қаласындағы төбесі жабық 30 мың орындық жаңа стадионның ашылу салтанатына қатысты.

- = -

6 жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астана қаласындағы төбесі жабық 30 мың орындық жаңа стадионның ашылу салтанатына қатысты.

26503
6 жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астана қаласындағы төбесі жабық 30 мың орындық жаңа стадионның ашылу салтанатына қатысты. - e-history.kz
Жабық стадион споршыларға қысы-жазы жаттығуларына мүмкіндік береді, ол УЕФА-ның барлық стандарттарына сай салынған.
Жасанды газон жамылғысы төселген футбол алаңы ФИФА мен УЕФА-ның стандарттарына толық сәйкес жасалған. Бұл стадионда футбол ойынынан бөлек спорттың күрес, бокс, спорттық гимнастика, дзюдо, каратэ сынды түрлерінен жарыстар өткізуге болады. Жаңа футбол стадионының ерекшелігі – 20 минуттың ішінде ашылып-жабылатын шатыры бар. Спутниктің және эфирлық антенналары бар теледидар желісімен, радиохабар эфирімен, отырыс залдары, баспасөз конференция залдары дыбыс күшейткіш және синхронды аудармасымен, таблосымен, телерадиокомментаторымен жабдықталған. Көрермендердiң ыңғайы және сыйымдылығы үшін мiнбе екi деңгейде орналасқан: 16 мың көрермен астыңғысында, 14 мың үстіңгісінде, стадионның батысында VIP-орындар орналасқан.