Бұл күн тарихта

Совет Одағының Батыры Жолдыбай Нұрлыбаевтың туған күні (1922-1945)

15 жыл бұрын Алматыдағы Орталық концерт залына композитор Шәмші Қалдаяқовтың (1930-1992) есімі берілді.

- = -

105 жыл бұрын Әліби Жангелдин Мәскеу қаласынан дүниежүзін жаяу аралау сапарына аттанды.

Материалға сурет: 105 жыл бұрын Әліби Жангелдин Мәскеу қаласынан дүниежүзін жаяу аралау сапарына аттанды.
Ол 1913 жылдың қаңтарына дейін Польша, Австрия-Венгрия, Югославия, Болгария, Түркия, Сирия, Палестина, Мысыр, Месопотамия, Персия, Үндістан, Сиам, Қытай және Жапония елдерінде болды.
Жанкелдин Әліби Тоқжанұлы (1884-1953) –- мемлекет және партия қайраткері, Қазақстанда Совет өкіметін орнату және нығайту жолындағы күресті ұйымдастырудағы көрнекті басшылардың бірі. Қазіргі Қостанай облысы Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Торғайдағы кәсіптік училищесін, Қостанай орыс-қазақ және Орынбор діни училищесін бітірген. Қазандағы мұғалімдер семинариясында оқыған. Ол туралы көптеген көркем шығармалар жазылып, кинофильм түсірілген. Қостанай облысының бір ауданына, көптеген елді-мекендер мен көшелерге, мектептерге Әліби Жанкелдиннің есімі беріліп, Ақтөбе, Алматы, Торғай қалаларында ескерткіш орнатылған.