Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ CСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақстан президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды

Халел Досмұхамедұлының туған күні

- = -

Ұлы Отан соғысындағы қазақтың жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туылған күні

26422
Ұлы Отан соғысындағы қазақтың жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туылған күні - e-history.kz
Бүгін‬ 1922 жылы Ұлы Отан соғысындағы қазақтың жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың дүниеге келген күні.
Хиуаз Доспанова 1922 жылы Атырау облысында дүниеге келді. Ақылды әрі білімді қыз соғыс басталатынына 1 жыл қалғанда, орта мектепті алтын медальмен бітіреді. КСРО ұшқыш-батырларының ерлігіне тәнті болып, бала жасынан ұшқыш болуды армандаған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде жергілікті аэроклубты бітіріп, запастағы пилот куәлігін қоса алды. Хиуаз Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына құжат тапсырғанымен, жолы болмады. Академияға ер адамдар ғана қабылданған еді. Қыз Медицина институтына оқуға түседі. Бірінші курс бітірген соң, 1941жылдың жазында соғыс басталды. Айлакер ұшқыш әйелдерді немістер «Nachthexen» («Түнгі мыстандар») деп атаған. Қызыл жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерін, «Кавказды қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарын иеленді... 2004 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Хиуаз Доспановаға республикамыздағы ең жоғарғы марапат — «Халық Қаһарманы» Алтын Жұлдызы берілді. 2008 жылы ержүрек ұшқыш әйел дүниеден өтті, бірақ оның есімі халық жүрегінде мәңгі қалары сөзсіз.