Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

92 жыл бұрын қазақтарға «қазақ» деген тарихи атауын қайтару туралы шешім қабылданды

26381
92 жыл бұрын қазақтарға «қазақ» деген тарихи атауын қайтару туралы шешім қабылданды - e-history.kz
1925 жылы 15 сәуірде Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысы бойынша Қызылордада болған ҚКСР Қырғыз (Қазақ) Кеңестерінің V съезінде қазақтарға «қазақ» деген тарихи атауын қайтару туралы шешім қабылданды. Барлық ресми құжаттарда «Қырғыз КСР» орнына «Қазақ КСР» деп жазыла бастады. «Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді. Оны өткен замандардың ағымдары көтерсе де, қазіргі күнде ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», деп сөйлеген. Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт алдындағы тағы бір ұлы еңбегі - қазақты қайтадан қазақ атандырып бергені.