
Жаппай ұжымдастыру кезіндегі көшпелі қоғамның қарсылығы.
1930 жылы 27 наурызда Ақсу ауданын басып алып, көтерілісшілер осы жерді көтеріліс орталығына айналдырды. Жергілікті Кеңес үкіметінің ресми өкілдері тұтқындалды. Ресми құжаттарда жазыл-ғандай көтерілісшілердің тарапынан «Кеңес үкіметі жойылсын!», «Коммунистерді, комсомолдарды соғыңдар!», «Салықтар жойылсын, тұқым қорын жинауға қарсымыз!» деген мазмұндағы ұрандар көтерілген. Егеубек Жанбаев, Қалдыбай Қалиев және Ғали Сатырбаев көтерілісті ұйымдастырушылар болды.