Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауын жариялады

1899 Бегалиева Мәдина Қожбанқызы дүниеге келді

Ш.Уәлиханов бірінші болып Таш Рабат құрылысын сипаттап жазды

- = -

«Ұлттық игілік» сыйлығы жарияланды

26314
2006 жылғы 26 қаңтарда Қазақстанда Еуразиялық мәдениет қорының бастамасымен «Ұлттық игілік» сыйлығы жарияланды. Сыйлық қызметі өз отанында да, бүкіл әлемнің де көңілінен шыққан, Қазақстан азаматтарына республиканың мемлекеттілігі, экономика, ғылым және мәдениет салаларының дамуына өзіндік зор үлес қосқаны үшін беріледі. Сыйлық иегері ретінде мемлекеттік, қоғамдық, діни қайраткерлер, сондай-ақ ғылым, экономика, әдебиет, өнер, білім беру және спорт саласының қайраткерлері бола алады. Еуразиялық мәдениет қорының кеңесі сыйлықты беру туралы шешім шығарады. Алдын-ала сараптамалық жұмысты өткізу үшін сараптамалық комиссия құрылады. «Ұлттық игілік» сыйлығы жыл сайын жарияланды. Сыйлық лауреатына баумен байланып, стильді жасалған алтын пластина «Алтын пайцза» тапсырылады. Дәл осындай белгілер өткен ғасырларда Қазақстан даласының әйгілі адамдарына сыйланған. Белгінің оң жағында табанында құзғынды ұстап тұрған асыл тұқымды сұңқар бейнеленген. Осы барельеф жақсылықтың жамандықты жеңгенін білдіреді. Сонымен қатар лауреатқа ерекше құжат - Еуразиялық мәдениет қорының паспорты ұсынылады, онда тиісті ақпаратпен қоса, барша Еуразия елдерінің Парламенттері мен Үкіметтеріне «осы паспортты ұсынған» адамға жан-жақты ықпал ету жайында өтініш бар. «Алтын пайцза» - Еуразиялық мәдениет қорының ең жоғарғы сыйлығы.