Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1918 жылы «Алаш» қазақ ұлттық қозғалысы Кеңес өкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреттерін заңсыз деп жариялады

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жарияланды

- = -

1917 жылы казак әскерінің Жетісу әскери кеңесі әскери үкіметті құрастырды

26268
1917 жылдың 14 қараша айында казак әскерінің Жетісу әскери кеңесі әскери үкіметті құрастырды. Кеңес өкіметімен күресу үшін Верныйға (қазіргі Алматы) ақ гвардияшыл офицерлер және юнкерлер келді. 1917 ж. қарашада Оралда контрреволюция ошағы құрылды. Осында құрылған облыстық әскери үкіметі көп кешікпей жергілікті Кеңесті қудалады және өкіметті жаулап алды. Бұл әскери үкіметі Қазақстандағы ақ гвардияшыл контрреволюциялық қозғалыстардың басты күштері болды. Олар ақ гвардияшыл офицерлікке, казак станицаларының кулак элементтеріне және көші-қон ауылдарына сүйінді, сонымен бірге жергілікті кадеттер, эсерлер, меньшевиктер, «Алаш», «Шуро-и-ислами» партиясының көшбасшылары мен басқа кейбір партиялар, саяси қозғалыстарымен қуатталынды.