Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті жалпыхалықтық сайлауы өтті

52 жыл бұрын Павлодар педагогикалық институты ашылды

- = -

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

25927
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - e-history.kz
2012 жылғы қыстың алғашқы күні Қазақстан тұрғындары үшін тағы бір мерекелік және демалыс күні болды. Осы күннен бастап елімізде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні атап өтіледі. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының пленарлық мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және таныту мақсатында бекітілді. Мереке күнін таңдап алуға алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенттігіне қайта сайланған 1991 жылғы 1 желтоқсандағы оқиға тарихи негіз болды. Ол жалғыз үміткер болды және 88,2 % дауыс берген сайлаушылардың 98,7 % дауысын жинап жеңіп шықты. Тұңғыш Президенттің алғашқы қадамдарының бірі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ні Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы заңды қабылдау болды. Ал тағы алты күн өткен соң – 1991 жылғы 16 желтоқсанда – Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады, бұл Қазақстан егеменді мемлекет болғандығын білдірді. 1991 жылғы желтоқсанның алғашқы күндері Қазақстан үшін шын мәнісінде өзгерістерге толы, тәуелсіз Республиканың даму жолын анықтаған тағдыр шешуші күндер болды. Қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық Қазақстанды заманауи демократиялық мемлекет ретінде таниды. Бұл жолда 1990 жылы 24 сәуірде лауазымды бекіткен сәттен бастап Республиканы басқарып келе жатқан тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың еңбегі зор.