1931 жылы 11 қыркүйекте Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Газет 1935 жылға дейін «Большевистская кочегарка», ал 1935-1963 жылдары «Социалистическая Караганда» деген атаумен шығып тұрды. 1965 жылдан бастап қазіргі атымен шығады. Газет Ұлы Отан соғысы жылдары «Қарағанды комсомолы» танк колоннасының, «Нұркен Әбдіров» ұшағының, «Қарағанды әйелдері» әуе звеносының құрылысына қаржы жинауды ұйымдастырған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Аптасына екі рет шығады, таралымы 15000 дана.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 64 95 59
(ішкі - 1164)