Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

85 жыл бұрын KAZGOR жобалау академиясы құрылды

2009 жылы Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке қойылған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

85 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Рамазанұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді

66 жыл бұрын (1950-2007) ақын, журналист, аудармашы Өтепберген АҚЫПБЕКҰЛЫ дүниеге келді

76 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жібек Есекейқызы БАҒЫСОВА дүниеге келді

88 жыл бұрын (1924) ғалым, тарих ғылымының кандидаты Базарбек ӨСЕРБАЙҰЛЫ дүниеге келді

1998 жылы 8 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы қабылданды

- = -

1992 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері бекітілді

25866
1992 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері бекітілді - e-history.kz
Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылдың дәл осы күнінде Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді
1992 жылы 4 маусымда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалауы туралы», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдар күшіне енді. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi - Мемлекеттік туы. ҚР мемлекеттік туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік ту - көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Бiрыңғай көк түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде - көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi - елтаңба. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары - Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi - шаңырақ. Ол - гербтiң жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі - әнұран. 2006 жылғы қаңтардың 6-да Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны болып бекітілді.