Доңыз жылындағы тарихи оқиғалар IV
04.01.2019 1777
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннан кейін Доңыз жылын үшінші рет қарсы алып отыр. Осыдан бұрын 1995 және 2007 жылдары тойлаған болатын.

Осы жылдары республикада болған маңызды оқиғалар туралы NDH айтып береді

1995 жыл

1 наурызда ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

2016 жылдан бастап бұл күн Алғыс күні болып атап өтіліп келеді. Ұйым ел азаматтарының құқықтық теңдігі мен бостандығы мәселелерімен, ұлттық мәдениеттерді жан-жақты дамытумен айналысады.

1995 жылғы 8 наурызда Қазақстанда саяси дағдарыс орын алды, нәтижесінде Конституциялық сот 1994 жылғы 7 наурызда өткен Жоғарғы Кеңеске сайлауды жарамсыз деп танып, XIII шақырылымдағы Жоғарғы Кеңесті таратты.

Оқыңыз: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДОҢЫЗ ЖЫЛЫ

1995 жылғы 29 сәуірде Президенттің өкілеттілік мерзімін 2000 жылға дейін созу туралы референдум өтті. Ресми деректерге сәйкес сайлауға ел азаматтарының 91 % қатысқан, олардың 95 % артығы Н. Назарбаевтың өкілеттілігін созуды құптап дауыс берді. 1993 жылы құрылысы басталған Банкнот фабрикасының салтанатты ашылуы 1995 жылғы 19 мамырда өтті. Сол күні-ақ егеменді Қазақстанның «200», «500» және «1000» теңге номиналындағы алғашқы банкноттары шықты. Н. Назарбаев Банкнот фабрикасында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені көрсетіп тұр Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 шілдедегі Қаулысымен жаңа салық – акциздер күшіне енді. Акциздалуы керек өнімдер қатарына арақ-шарап өнімдері, шампан шараптары, шарап жасайтын материалдар, темекі өнімдері, алтын, платина, күмістен жасалған бұйымдар, былғары терілер және көптеген басқа өнімдер жатты. Акциздер қадағалануы жоқ алкогольдік өнімдер нарығын реттеуі керек болды.

1995 жылғы 8 – 9 тамызда Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясында ұлы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған сессия өтті. Салтанатты іс-шарада Шыңғыс Айтматов, Намик Кемал Зайбек, Х. Чинь және басқа да көптеген шетелдік абайтанушылар қатысты. 1995 жылды ЮНЕСКО Абай жылы деп жариялады. Ақын-ағартушының мерейтойын Ресейде, Францияда, Түркияда, Үндістанда, Қытайда, Египетте, Мажарстанда және әлемнің басқа да 20 елінде тойлады.

30 тамызда 1995 жылғы Конституция қабылданған референдум өтті.

1995 жылғы 23 қазаннан бастап «Хабар» агенттігі телехабарлар тарата бастады. Еліміздің медиа-холдингі Қазақ ТВ ақпарат қызметі негізінде пайда болып, «Ұлттық Телевизиялық Ақпарат Агенттігі» деп аталды.

1995 жылғы 16 желтоқсанда Алматыдағы бас алаңда биіктігі 31 метрді құрайтын Тәуелсіздік монументінің құрылысы аяқталды.

2007 жыл

2007 жылғы 1 қаңтардан бастап «Алқабилер туралы» Заң күшіне енді, оған сәйкес қылмыстық істер алқабилермен қаралуы мүмкін болды. Алқабилерге үміткерлер тізімін әкімдіктер дайындайды. Бұл тізімге жасы 25-тен асқан, бұрын сотталмаған, психикалық дені сау, қылмыстық іс фигуранттарына қатысы жоқ қазақстандықтар кіре алады.

2007 жылғы 1 қаңтардан бастап Елбасы тапсырмасы бойынша рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді Қазақстанға кіргізуге тыйым салынды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 2007 жыл Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Даниал Ахметовтың отставкаға кетуімен есте қалды. Министрлер Кабинетін басқаруға Кәрім Мәсімов келді. 1-2 ақпанда Украинадағы Қазақстан жылының ресми түрде басталғанына старт берілді.

Келесі 2008 жыл Украинаның Қазақстандағы жылы болғандығын айта кеткен жөн. Бүгінде Қазақстандағы украин диаспорасы қазақ, орыс, өзбек диаспораларынан кейін төртінші орында тұр. Виктор Ющенко мен Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы Қазақстан жылын ашуда

2007 жыл қаржы жүйесінің экономикалық құлауымен көп жылға созылған күрестің басталуымен әлем тарихында қалды. Әлемдік қаржы дағдарысы әлемнің барлық мемлекеттеріне тиіспей қоймады. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздестірген Президент 2007 жылғы 13 сәуірде «ҚР экономикасын модернизациялау бойынша шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

2007 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанның барлық территориясында тек Қапшағай су қоймасы мен Ақмола облысының Щучинск ауданындағы арнайы бөлінген жерлерден басқа жерде казино мен ойын автоматтарында ойнауға тыйым салынды. Ойын бизнесінің иелері заңсыз кәсіпкерлік қызметтерін доғаруға мәжбүр болды.

2007 жылдан бастап 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні деп жарияланды. Бұл күн кездейсоқ таңдап алынған жоқ: 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздері тұңғыш рет бекітілген еді. Тудың авторы суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Қазақстандықтар Мәскеуде ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтуде

Саяси маңызды жаңалықтарды айтар болсақ, 2007 жылдың 21 мамыры «қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Бұл реформаның аясында Парламенттің рөлі арта түсті. Парламент депутаттарының саны 77-ден 107-ге дейін өсті, Қазақстан халықтары Ассамблеясы Мәжіліске 9 депутат ұсыну құқығына ие болды. Бұдан басқа, Президент өкілеттілігі 7 жылдан 5 жылға қысқарды.

Оқыңыз: ДОҢЫЗ ЖЫЛЫНДАҒЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР

18 - 20 тамызда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партия тізімдері бойынша және Қазақстан халықтары Ассамблеясынан депутаттарды мерзімінен бұрын сайлау өтті. Сайлауға 7 саяси партия қатысты: «Нұр Отан» Ұлттық-демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократтық партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Ауыл» Қазақстанның социал-демократтық партиясы, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы және «Руханият» партиясы. Сайлау нәтижесі бойынша «Нұр Отан» Ұлттық-демократиялық партиясы сайлаушылардың 88,05% дауысына ие болып, ҚР Парламент Мәжілісінің 98 орнына ие болды. «Нұр Отан» Ұлттық-демократиялық партиясының өкілдері  Көріп отырғанымыздай, Доңыз жылы революцияға дейінгі, кеңестік кезеңдегі, ал қазір Тәуелсіз Қазақстан территориясында әрқашан керемет оқиғалар мен жарқын жетістіктерге толы болған екен.

Дегенмен де, біз Қазақстандағы белгілі астропсихолог, «Звездный паспорт» интернет-жобасының авторы Сахиба Шәйкеновадан 2019 жылдан не күтуге болатыны туралы сұрап білдік:

«Еліміз құрылған сәт – ресми туған күні 1991 жылғы 16 желтоқсан, бұл Қой жылы. Қой жылы туғандар үшін Доңызы жылы сәтті жыл болмақ, өйткені Доңыз, Қой мен Мысық бір құрылымда, және осы жылдары туған адамдар да бір-біріне сәйкес келеді. Қой жылы туған мемлекет немесе адам үшін 2019 жыл сәтті жыл болады. Бұл дегеніміз, сыртқы саладағы істер, әсіресе, сыртқы экономикадағы қызмет өрге басады. Ел ішіндегі өзара түсіністік арта түседі. Қазақстан үшін Жаңа жыл өте позитивті болады».