Шота Уәлиханов жәдігерлерді сыйға тартты
15.06.2018 2795
Музей Шоқан Уәлихановтың 150 жылдығы қарсаңында 1985 жылы ашылған, ал, әжесі Айғанымның мекенжайы 1993 жылы ашылды

Музейдің қалыптасу тарихы ХІХ ғасырдан бастау алса, бұл музей 1824 жылы салына бастаған. Музей бірнеше рет бұзылған, Кенесары көтерілісі кезінде ішінара өртелген, ал билік басына коммунисте келген тұста оны толығымен бұзып тастаған. Оның бөренелерінен көрші деревнянада үйлер мен аудан орталығында Мәдениет үйі салынған, бірақ кейін бұл үй де өртеніп кеткен. ХХ ғасырдың 80-нші жылдарының аяғында осы жерге археологтар келіп, қазба жұмыстарын жүргізіп, бес үйдің іргетасын табады.  

Іздеу жұмыстарының бағдары қызметін әрқашан шоқы атқарды. Оның үстіне, Шоқан Уәлихановтың салған суреттері Марғұланның кітаптарында сақталған, сондықтан да, 5 үй бірден-ақ анықталды.

Ол кезде біз Көкшетау облысына қарағандықтан, жобалар Бұланды, Зеренді, Щучье орман шаруашылықтарына таратылып берілді. Сонымен 1992 жылдың жазында бәрі қайтадан қалпына келтіріліп, Ортаазиялық республикалардың президенттері: Н. Назарбаев, А. Ақаев, И. Кәрімов салтанатты түрде осы музейді ашты.

– Ширек ғасыр уақыт өтіпті, содан бері музейде жаңғырту жұмыстары жүргізілді ме?

– Иә, біз, түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Өздеріңізде түсінесіздер, бұл ағаш сәулет өнері, яғни, бәрі ағаштан жасалған: шатыр да, қақпалар да, бағандар да ағаштан жасалған. Бәрі де шіруге бейім. Шатырдан да су ағуы мүмкін. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, біз, ақаулар актісін жасап, «Қазреставрация» РМК мен Орал филиалы бізге жөндеу-жаңғырту жұмыстарын жүргізіп берді. Биыл тағы да жөндеу жұмыстарын өткізсем деймін, өйткені, қатал климат жағдайлары ағашқа әсер етпей қоймайды. Ашығын айтар болсақ, «Мәдени мұра» бағдарламасы арқасында біраз жұмыс атқардық: Шоқан Уәлиханов музейін толығымен қайта жаңғырттық. Ғимарат 1929 жылы салынған, шатырынан су ағатын, біз оны толығымен ауыстырдық. Даму қорынан бізге 3 млн теңге бөлінді: біз терезелерді, жылу жүйесін ауыстырдық, ғимарат ішіне еурожөндеу жүргізіп, барлық залдарды көркемдедік. Екі залдан бес нақты үлкен зал жасадық.  

– Бүгінгі күні музей қандай қызмет атқарады?

– Қызметі туралы. Қазір усадьба Республикалық сәулет реестрінде, біз жалпыұлттық мәнге ие киелі нысандар тізіміне ендік. Бізге негізінен балалар, оқушылар, студенттер, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары, Ресей қалалары мен таяу шетелден қонақтар келеді. Жазда біз үлкен іс-шаралар өткіземіз, киіз үйлер тігіп, этноауыл жасаймыз. Бұл жерде фильмдер де түсіреді. Усадьба әдемі жерде орналасқандықтан, Шоқан туралы, Ақан сері туралы фильмдер түсірілді. Сырымбет таулары, табиғат, ландшафт – бәрі қамтылған.

– Келушілеріңіздің қандай да бір мониторингін жүргізесіздер ме? Жыл сайын динамика қалай өзгеруде?  

– Бірден айта кетейін, біз екі музейді басқарамыз – Шоқан Уәлиханов музейі мен Айғаным усадьбасы, адамдар ағыны жыл санап өсуде, жастардың тарихқа деген құмартушылығы арта түскені байқалады. келушілер саны үш мыңға тақап қалды. Бұл – тыл еңбеккерлерімен, ауған соғысына қатысушылармен, Батыр аналармен өткізілген экскурсияларды, лекцияларды, кездесулерді есепке алғандағы қарапайым мониторинг. Ал, бізде есепке алынбағандары да бар. Біз жастарды Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм рухында тәрбиелейміз.

– Міне, жаз да келіп жетті. Осы жылға қандай іс-шаралар жоспарланған?

– Биыл іс-шараларымыздың бәрі «Рухани жаңғыру» ұранымен өткізіледі. Биыл Петропавл қаласындағы Абылай хан музейімен бірлескен квестер ұйымдастырылады. Биыл міндетті түрде көшпелі көрмелер болады. Музейімізге келе алмайтын адамдар болғандықтан біз мектептерге, аудандық мәдениет үйлеріне барып іс-шаралар өткіземіз.

– Музейлеріңізде қандай бірегей жәдігерлер сақталуда?

– Музейдің жәдігерлерден құралатыны белгілі. Біздің музейімізде 5 мыңнан астам жәдігер бар. Олардың арасында ғылыми-негізгі және ғылыми-көмекші жәдігерлер бар. Музейімізге Шота Уәлиханов сыйға тартқан Шоқан Уәлихановтың сандығы тарихи жәдігерлер қатарына жатады. Осы сандық және басқа да жәдігерлер ҚР Ұлттық музейінде көрмеге қойылды. Шоқанға, оның саяхатына арналған зал бар, тағы бір зал туған өлкемізге арналған. Бізде Шоқанның әкесі Шыңғыстың шапаны, белбеуі, әжесінің қамзолы, Шоқанның жолсапарда ұстайтын сөмкелері сақтаулы, оларды шөберелері сыйға тартты.

– Әңгімеңізге көп рахмет, музейлеріңізге табыс тілейміз!

– Рахмет!