ЕРТЕҢГІ КҮН ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?
17.01.2018 1818
Солтүстік астананың келбетін ойдан шығарып елестетпей-ақ «Акмолинская правда» газетінің тілшілері тікелей қаланың бас сәулетшісі Тоқтар Ералиевке сұрақ қойды

1997 жылдың 10 желтоқсаны Ақмола Қазақстанның астанасы атанды – бұл бұлтартпас тарихи оқиға. Ел астанасын Ақмолаға ауыстырардың алдында бір жарым жыл бұрын көп нәрсе жасалды: әкімшілік ғимараттар қайта жаңартылып, жаңа ғимараттар салынды, көппәтерлі үйлердің тұтастай бір кварталы пайда болды, жаңа ғимараттардың іргетасы қаланды. Сәулетшілер, жобалаушылар, Ақмоланың бас жоспарын жасаушылар ел көзіне түсе бермейтін қарқынды жұмыс атқарады.

Жас астананың бас сәулетшісі ТОҚТАР ЕРАЛИЕВ «Акмолинская правда» газетінің тілшілеріне гид болып, қала құрылысы жоспарымен бөлісті.  

Астана Ақмолаға «көшті», бірақ жаңа мәртебесі бар қаланың қалыптасуы өте ауыр жүріп, бір емес, бірнеше жылға созылады. Құрылыс кешені – жобалаушылар мен инженерлерден бастап қарапайым жұмысшыға дейінгі көптеген қатысушыны қамтитын экономика кластерінің бірі. Соның өскіні Ақмолада пайда болды.

Құрылыс материалдарының өндірісі жанданып, инженерлік инфрақұрылым негіздері пайда болды. Бастапқыда бас жоспардың тұжырымдамасы көпшіліктің күлкісін келтіріп, бұның бәрі мүмкін емес деген пессимизм тудырған. Бас жоспарды әзірлеу қарқынды жүріп жатыр және ол 1998 жылы аяқталуы керек. Бас жоспарды әзірлеу үрдісіне 30-дан астам ұйымдар мен мекмелер ат салысуда. Олар өз есептері мен жолбаларын берді. Әзірге бәрі ойдағыдай жүріп жатыр. Бұнымен қатар астананың құрылысы жүріп жатыр.

Адамдарды экстремалды жағдайлардан қорғау – тапсырмалардың бірі. Бұл жерде қатты аяз бен дүлей жел  жиі болады. Міне, сондықтан да, қыстыгүні жел жылдамдығын бәсеңдететін орманды аймақ үлкен рөл атқаруы керек. Арналар жүйесін құру жайлылықты қамтамасыз етіп, ауа ылғалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің алдымызда бірнеше жоба макеттері.

Міне, мынау – теміржол вокзалының жобасы. Қазіргі вокзалдың алдында үлкен алаң, ал жан-жағын сұрықсыз дүңгіршектер қоршаған. Болашақ вокзалда сауда орталығы, блицкеңселер, қонақ үй, көпқабатты автотұрақ, ірі супермаркет ойластырылған. Ескі аэропорт та жаңғыртылуда. Жүк тасымалы мен жолаушылар ағынының өсетіндігін есепке ала отырып, жаңа терминал салу қажет.  Төбесі жабық базар шатыр астында орналасып, сервис деңгейі жақсарады.

Бұл базар оны жылдам супермаркетке айналдыруға болатындай етіп жоспарланған. Орналасу орны – тоғызыншы шағын аудан маңайы. Алматылық Тоқтар Ералиев Ақмоладағы құрылыстың жылдам қарқынына таңғалады.

«Алматыда бұндай болған жоқ. Қарқын, әлемнің ірі қалаларындағыдай жоғары». Қаланың ескі бөлігі де түрленеді. Оларды әлемдік стандарттарға сай жайлы, жабдықталған кварталдарға қалай айналдыру керектігі бойынша бағдарламаны әкімдік әзірлеп те қойды.  

Ғимараттардың бірінші қабаттары дүкен, сервистік кәсіпорындар ашуға шағын бизнеске берілетін болады. Қасбеттері жаңартылып, жазға таман Ақмола түрленіп, құлпырып шыға келеді. 1999 жылдан бастап сол жақ жағалаудың құрылыс алаңдарына көшу көзделген. Бұл қаланың оңтүстік бөлігі мен Шұбардан кейін орналасқан аудан. Уақыт өте келе жаңа орталық сол жаққа ауысады. Дипломаттық қалашық үшін де орын сол жақтан бөлінген.  Ақмола сұлу астанаға айналуы керек.

Суреттерде: жабық базардың, теміржол вокзалының, аэропорттың, ел Президентінің болашақ резиденциясының жобалары.

Басты суретте - сәулетші Тоқтар Ералиев.

Дереккөзі: Vласть https://vlast.kz/  интернет-порталы