МЕМЛЕКЕТТІК ГИМН АВТОРЛАРЫ 20 МЫҢ РУБЛЬДЕН АЛҒАН
11.12.2017 5155
Осыдан 25 жыл бұрын, 1992 жылдың желтоқсанында, егеменді Қазақстанның Мемлекеттік Гимні бекітілді

Халықтың рухани бірлігін білдіретін гимн маңызды мемлекеттік нышан. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін жас республикаға жаңа Мемлекеттік Гимн қажеттілігі туралы сұрақ туындады.

1992 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін дайындау үшін Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Президиумымен жұмыс тобы құрылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің үздік мәтіні жобасына байқау жарияланды. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар қатысып, бақ сынасты, бұл, шын мәнінде, бүкілхалықтық байқау болды. Байқау барысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып отырды.

Жұмыс тобы 6 отырыс өткізіп, 267 ұсынысты қарады. Солардың ішінен үздік деген 3 жоба таңдап алынып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясының қарауына енгізілді. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес ақындар М.А.Әлімбаев, Қ.Г.Мырзалиев, Т.М.Молдағалиев, Ж.Д.Дәрібаева бірлесіп жазған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін бекітті. Композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған советтік кезеңдегі гимн әуені өзгеріссіз қалдырылды.