Қарсақбайдағы Қаныш Сәтбаев тұрған үй - Ulytau GEO

Бөлісу

04.11.2025 6603

«Ұлытау-GEO» деректі фильмдер топтамасының екінші бөлімі - Қаныш Сәтбаевқа арналады. Бұл шығарылымда біз жас Қаныш Сәтбаевтың Жезқазғанға алғаш келген кезін әңгімелейміз. 


1930 жылдар… Ел қиындық көріп жатқан шақ. Соған қарамастан, ол Қазақстан жерінде әлемдегі ең ірі мыс қоры бар екенін дәлелдеуге бел буады. Қарсақбайдағы зерттеулер, Мәскеудегі қызу талқылаулар — бәрі Сәтбаевтың табандылығының арқасында жүзеге асты. Осылайша Жезқазған біртіндеп ірі өндіріс орталығына айнала бастады.

Фильмді «Qazcontent» акционерлік қоғамы түсірген. Жобаның басты мақсаты – Ұлытаудың кенді өңір ретіндегі маңызын ғана емес, сонымен қатар тарихи және рухани орталық ретіндегі құндылығын кеңінен таныту. Сондай-ақ фильм аймақтың киелі орындарын насихаттап, туризмді дамытуға және жастардың тарихқа қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Деректі фильм жеті бөлімнен тұрады. Онда Жошы хан, Алаша хан кесенелері, Хан ордасы, Әулиетау (Ақмешіт) сияқты қасиетті орындар мен Ұлытау ауылының қазіргі бейнесі қамтылған.

Фильмде Ұлытау облысының өткені мен бүгінгі келбеті астасып, шахтерлердің өмірі мен наным-сенімдері, Қаныш Сәтбаевтың ғылымдағы мұрасы, сондай-ақ геология мен мәдениеттің өзара байланысы жайлы тың деректер ұсынылады.

Топтаманың алғашқы сериясы – «Дәуір көрген – Қарсақпай. Алғашқы табылған мыс» деп аталады. Ол Қазақстан металлургиясының бастау алған жері Қарсақпайға арналады.