Майтөбе майданы: Батырға қойылған белгі

Бөлісу

07.08.2025 1844

Қазақстан тарихында отарлық езгіге қарсы күрескен ардақты хандар мен батырлардың саны аз емес.   Солардың бірі – Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың белді сардары, Хан кеңесінің мүшесі, ерлігімен танылған атақты батыр Иман Дулатұлы болды. 

Батырдың елдік жолындағы ерен еңбегін ұлықтау мақсатында 2025 жылдың 3 тамызында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Майтөбе жерінде, Кенесары хан мемориалдық кешенінде арнайы белгі орнатылды. Игі шара «Амангелді Иман» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастырылған. Іс-шара Иман батыр Дулатұлының туғанына 245 жыл толуына орай жоспарланған. Батыр мерейтойына орай «Көсемкөк-245» атты автожорық ұзақтығы 1100 шақырымды құраған сапар барысында, батыр әулеті, ұрпақтары Иман батыр есімімен байланысты нысандарға соға отырып, тарихи орындарға тағзым жасаған. Иман батырға белгі орнату Қордай ауданы, Қаракемер ауылдық округіне қарасты Майтөбе жерінде өткен.  Бұл жер Кенесары хан мен оның сарбаздарының соңғы шайқасы болған тарихи мекен.


Қазақстан тарихында отарлық езгіге қарсы күрескен ардақты хандар мен батырлардың саны аз емес.   Солардың бірі – Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың белді сардарларының бірі, Хан кеңесінің мүшесі, ерлігімен танылған атақты батыр Иман Дулатұлы болды. 

Батырдың елдік жолындағы ерен еңбегін ұлықтау мақсатында 2025 жылдың 3 тамызында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Майтөбе жерінде, Кенесары хан мемориалдық кешенінде арнайы белгі орнатылды. Игі шара «Амангелді Иман» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастырылған. Іс-шара Иман батыр Дулатұлының туғанына 245 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Батыр мерейтойына орай «КӨСЕМКӨК-245» атты автожорық ұзақтығы 1100 шақырымды құраған сапар барысында, Батыр әулеті, ұрпақтары Иман батыр есімімен байланысты нысандарға соға отырып, тарихи орындарға тағзым жасаған. Иман батырға белгі орнату Қордай ауданы, Қаракемер ауылдық округіне қарасты Майтөбе жерінде өткен.  Бұл жер Кенесары хан мен оның сарбаздарының соңғы шайқасы болған тарихи мекен.

Кенесары Қасымұлына қойылған белгі 

         Иман Дулатұлы (1780-1847) – Орта жүз Қыпшақ руының Бегімбет тармағынан шыққан, қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресте ерекше көзге түскен қайраткері. Ол 1838 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске өз жасағымен қосылып, Торғай өңіріндегі сарбаздарға басшылық еткен. Көтеріліс барысында Кенесары хан Иманды өзінің жақын кеңесшісі, хан кеңесінің мүшесі ретінде жақын тартып, ханның сенімді серігіне айналған.  Кенесары Иман батырды «Айеке», «Көсемкөк», «Бозжорға» деп құрметпен атаған. Иман батыр көптеген маңызды ұрыстарда, атап айтқанда Ақмола, Көкалажар, Байтоқ маңындағы шайқастарда ерекше ерлік көрсеткен. Зерттеуші, өлкетаншуы Батырлан Сағынтаев Иман батырдың ата-тегін, әулетін, ұрпақтарын зерттеу барысында, Әбжан Құндызбайұлы «Амангелді» дастанындағы Бегімбет руының шежіресін тізбектейді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде елбегі болып, ел алдында сөз бастаған, отты жырларымен рух берген ақын Әбжан Құндызбайұлы өзінің «Амангелді» дастанында батырдың арғы тегі туралы төмендегідей жырлайды:

Есімі болған елге құдіретті,

Жырыма арқау еттім Бегімбетті.

Белбала Бегімбетке би Кенжетай,

Тауық пен одан кейін Иман да өтті.

Туады сол Иманнан жайқар Балық,

Кезінде жауға шапқан айқай салып.

Баласы Көшімбектің Сейітқасымды,

Қолдаған кедей-кепшік – қара халық.

Тастайын қоспай неге Көшімбекті,

Баулыған Аманкелді асыл текті.

Қасқарып Ғалы шердей жауды жеңген,

Ер Сардар жарқ-жұрқ еткен қайда кетті…

Бұл шежірелік жыр Амангелді Иманұлының тегі мен оның ел ішіндегі абыройын, күрескерлік болмысын көрсетумен қатар, туған ұясының ерлікке толы тарихын аңғартады. Ақын шежірені Бегімбеттен бастап таратып, Иман батыр мен оның ұлы Балық, немересі Көшімбек пен шөбересі Сейітқасым арқылы Амангелдіге ұластырады. Тарихи деректерге сүйенсек, Амангелдінің арғы атасы – Қақайұлы Дулат батыр – XVIII ғасырдың соңында Абылай хан тұсындағы жорықтарға қатысып, ерлік көрсеткен тұлғалардың бірі. Дулаттан тоғыз ұл тараған: Иман, Мысық, Тауық, Көлбай, Кейкі, Бытпылдық, Шөже, Тұрымтай, Жұрын. Солардың ішінде бес ұлы – Иман, Мысық, Тауық, Көлбай, Кейкі ел қорғап, аты шыққан батырлар ретінде белгілі. Осыған байланысты олардың қоныстанған жері ел аузында «Бес батырдың ауылы» деп аталып кеткен. 

«Кенесары хан» мемориалы  кешені

Аталған бес батырдың ішіндегі ең атақтысы – Иман Дулатұлы. Ол  Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың белді сардарларының бірі, Хан кеңесінің мүшесі, бүкіл Торғай даласында беделге ие тарихи тұлға. Иман Дулатұлы Кенесары Қасымұлы көтерілісі барысында тек әскери қолбасшы ғана емес, сонымен бірге Хан кеңесінің белді мүшесі ретінде танылған. Кенесары хан өз айналасына тек ел ішінде беделі бар, парасатты, елдік мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоятын тұлғаларды жинақтағаны белгілі. Осындай тұлғалардың бірі Иман батыр болды. Ол көтеріліс барысында қабылданатын маңызды шешімдерге ықпал етіп, хан кеңесінде әскери ғана емес, әлеуметтік және саяси мәселелер бойынша да кеңесші қызметін атқарған. Ол өз заманының көреген әскери тактигі және бірлікті сақтаудағы ұстамдылығымен ерекшеленді. Иман батырдың өмірі мен ерлігі кейінгі ұрпаққа, соның ішінде немересі Амангелді Иманұлына өнеге болып, елдік жолдағы күрестің жалғасуына тікелей ықпал етті. 1847 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған қол Қырғыз жеріне жорық жасап, Майтөбе маңында қырғыз манаптары мен Қоқан хандығының біріккен күштерімен шайқасқа түседі. Бұл шайқас Кенесары көтерілісінің соңғы кезеңі болды. 1847 жылы орын алған Майтөбе шайқасы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың соңғы әрі шешуші кезеңі болған тарихи қақтығыс. 

 

Иман батыр құрметіне қойылған белгі

Бұл шайқаста Кенесары хан мен оның сенімді сарбаздары, соның ішінде Иман Дулатұлы, қырғыз манаптары мен Қоқан хандығының біріккен күштеріне қарсы күресіп, ерлікпен қаза тапты. Майтөбе шайқасы қазақтың хандық билік жүйесінің тарих сахнасынан біржола кетуін және Ресейдің отарлық үстемдігін толық орнатуға жол ашқан шешуші сәт болды. Сонымен бірге, бұл шайқас ұлттық бірлік пен тәуелсіздік идеясы жолында күрескен тұлғалардың тарихи ерлігін ұрпақ жадында мәңгілікке қалдырды. Иман Дулатұлы осы ұрыста Кенесарыны тастамай, соңына дейін бірге болып, қиян-кескі ұрыста жанын қиған. Кекілік сеңгір баурайындағы осы шайқаста Иман батырмен бірге туған бауырлары – Тауық, Қарауыл Көлбай, ұлдары Бердалы мен Ержан және өзге де туыстары да шейіт болған. Сол төңірек бүгінгі күні «бауырластар зиратына» айналып отыр.  

Иман батырдың соғыс тәсілін, ата дәстүрін немересі Амангелді Иманов жалғады. 1916 жылы Ресей империясының «Июнь жарлығы» бойынша қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы шешімі халық наразылығын күшейтті. Осы кезеңде Торғай даласында тұтанған көтеріліске басшылықты Амангелді Иманов өз қолына алды. Ол әскери тәртіп орнатып, жасақтар құрып, хандық басқару үлгісін орнатуға ұмтылды. Амангелді көтерілістің қарулы сипатын сақтай отырып, сонымен бірге жергілікті басқару, әділ сот, азық-түлікпен қамтамасыз ету сынды ішкі құрылымдарды ұйымдастырды. Бұл тұрғыда оның іс-әрекетінде атасы Иман батырдың Кенесары ордасындағы қызметімен тарихи сабақтастық бар. 

Суреттер Сайлау Байбосын парақшасынан алынды 

Бөлісу