Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
24.06.2016 1760
ҚХА-ның қоғамдық марапаттауы өтіп, «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі», құттықтау папкалары тапсырылды

ҚР Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні қарсаңында 24 маусым күні Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. 

Шараға ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, БАҚ басшылары мен бас редакторлары қатысты. 

Алқалы жиынды ҚХА журналистер клубының төрайымы Гүлмира Қаракөзова жүргізіп, Ералы Тоғжанов өзі бастап ашты. 

Отырыс барысында отандық БАҚ жаңғырту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы БАҚ факторы, журналистер қауымдастығының қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту барысындағы міндеттері, «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін іріктелу мен түсіндірудегі ҚХА Журналистер клубының рөлі сынды мәселелер талқыланды. 

Отырыс соңында ҚХА-ның қоғамдық марапаттауы өтіп, «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі», құттықтау папкалары тапсырылды.

Фотосуреттерді түсірген Бауыржан Жуасбаев.