Дивизиялардың даңқы
11.06.2024 1139

Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде елімізден шыққан қаншама батырлар, көзсіз ерлік көрсеткен жерлестеріміз болды. Қалың қол бастаған қолбасылар әп дегенде көзге түсіп, жауынгерлердің өмірін соғыс тырнағынан арашалап аман есен алып шықты. Жауынгерлердің өмірін сақтай отырып, тактикалық жаңа жетістікке жеткендері де аз емес. Осы қол басшылардың тактикалары әлі күнге елімізде ғана емес, шет елдің әскери сабында да қолданыста келеді (Бауыржан Момышұлы мысалында).


Жер жүзінде болған ең ауқымды, ең ірі соғыстардың бірі – Екінші дүниежүзілік соғысы. Совет одағына қарсы Германияның одақтастары румындар, венгрлар, италияндықтар, словактар, финдар да қатысқан болатын. Жапония, Испания, Түркия, Болгария Гитлердің жағына өтуге дайын еді. Совет Одағын тығырыққа тіреген бұл шиеленіс Закавказье мен Қиыр Шығыста ірі әскери құрамдарын ұстап тұруға мәжбүр етті. Совет-герман соғысы Екінші дүние жүзілік соғысының бір бөлігі еді. Бұл дүниежүзілік соғыс Еуропада басталып, үлкен ауқымды, көп мемлекеттердің қатысымен өтсе де, адами шығынға келген кезде совет-герман соғысының көрсеткіштері одан асып түсті. Соғыс әрекеттері совет-герман соғысында қыза түсті. Совет-герман соғысы сондай бір қиын сәтте басталды. Оған себеп отызыншы жылдардағы аштық, қудалану, репрессия, әскери басшылардың тұтқындалуы еді. Осының салдарынан соғыс басталған кезде советтер жағы біраз шығынға ұшыраған болатын. Қaзaқcтaндық 72-гвapдиялық Кpacнoгpaдтық Қызыл Тулы дивизия Ұлы Oтaн coғыcы жылдapындaғы жaуынгepлік жopығын Cтaлингpaд шaйқacынa қaтыcудaн бacтaп, Чeхocлoвaкияның acтaнacы Пpaгa қaлacыныц түбіндe aяқтaды. Oл бapлық шaйқacтap мeн ұpыcтapдa coвeт гвapдияcының дaңқын acыpып, Совет Қapулы Күштepінің тaңдaулы құpaмaлapының біpінe aйнaлды. 

Сол жылдың тамызында ақмолалық және қарағандылық жауынгерлер қайта жасақталды. Жиырма жетінші желтоқсан күні Тропик қаласында өткен ірі шайқастардың біріне қатысып, жаудың бетін тойтарды. Келер жылдың басында дивизия тағы бір стратегиялық маңызы бар Сталинград жеріне бағытталды. Сталинградта дивизия Дон құрамын күл талқан ету үшін генерал-фелдмаршал Манштейінге бет алды. Севостопольді азат ету қан майданында соғысқан дивизия Қырымда да соғысқан болатын. Ал 29-шы атқыштар дивизиясы Ақмола өлкесіндегі жауынгерлерден жасақталып, желтоқсанның он бесі күні сап түзеді. 1941 жылы сәуір айында Қарағанды және Ақмола елді мекендерін қосып жатқан темір жолы арқылы дивизия Тула облысына бет алды. Келер жылы шілде айында Сталинградқа көмек ретінде барған болатын. 

Бұл кезде Сталинградта соғыс оты қыз-қыз қайнап жатқан болатын. Соғыс өртіне лап етіп, дивизия да кіріп кетті. Аталмыш дивизияның көмекке келуі жау әскерінің саны жағынан және әскери техникалары саны жағынан үлкен шығынға батырды. Дивизияның алғашқы операциядағы жеңісі орасан зор еді. Олардың осы шайқасқа түсуінен бастап жеңісі орсан зор еді. 1943 жылдың оныншы қаңтары мен отыз бірінші қаңтары аралығыгда өткен көшедегі шайқастарында жаудың елу мыңдай жауынгерін өлтіріп, он үш мыңға жуық неміс һәм рум әскерлері мен офицерлерін, оған қоса страгиялық субъект болып табылған құны зор екі генералды тұтқындаған болатын. Осындай ерліктері еленіп, аталдмыш дивизия жетпіс екінші гвардиялық атқыш дивизия болып қайта құрылды.  Осы жылдың жазында аталмыш 72-гвардиялық дивизия атақты Курск доғасы қан майданында болды. Бұл шайқас Белгород түбінде орын алды. Гвардиялық дивизия Харков, Кировоград, қалаларын азат ету үшін өз өмірлерін тіккен болатын. Осының арқасында гвардиялық дивизия чехтарды, автриялықтарды, румындарды және венгриялықтарды жаудың құрсауынан азат еткен болатын. Дивизия құрылғанда сапта 9784 әскер болса, соның 75 пайызы оралмады.

Қырқыншы жылдарда неміс әскерлері тарапынан жасалған Барбаросса жоспары бойынша советтер елді мекені екі ай мерзімінде жаулануы тиіс еді. Олардың жоспары Архангель – Еділ – Астрахан арқылы шығып Мәскеуді жаулау еді. Жау шебі «Совет Одағы көп ұлтты құрамдас болғандықтан соғыс басталысымен әр ұлт азаттық үшін бой көтеріп, ішкі талас тартыс арта түседі» деп пайымдады. Этникалық конглемератты жеңу оңай деп есептеді. Олар жаулап алған аймақтарда Остланд рейхс комиссариаттарын — герман провинцияларын құруға талаптанды. Германия билігінің елімізге деген көзқарасы да анық еді. Совет Одағын жаулап алғаннан кейін кілт пен қақпа болып табылатын елімізді – Орта Азияға шығатын жол әрі шикізат көзі ретінде қарастырды. Олардың жоспарларының бірі адам санатына жатпайтын славян халықтарынан жер бетін тазарту еді. 

Тарих қойнауында ашылмай жатқан құпия көп. 1941 жылдың наурыз айында Ақмола қаласында жасақталған 106-атты әскер дивизиясы, міне, соның нақты дәлелі. Жалаң қолмен жайға шапқан дивизия жауынгерлері майдан даласында көзсіз ерлік танытып, қасық қаны қалғанша жаумен шайқасты. 4000-ға жуық адам 3000-дай жылқымен 12 эшалонмен Украина еліне аттанды. Украинаға ең соңғы эшалон 1942 жылдың мамырында келіп жеткен болатын. 

Ал енді қарулану жағына келетін болсақ, ол жағы өте нашар болған. 4000 адамның 102-сінде ғана мылтық болған еді. 3000-ға жақын қылыш, сонымен қатар 60-қа жуық адам минаметпен қаруланған еді. Мамыр айының өзінде әскерлерді киіммен қамтамасыз етуге өкіметтің шамасы болмады. Қысқы тонмен пимамен соғысқан. Жасақ құрамында 3 полк, артилериялық дивизион, малдәрігерлік қызмет, дәрігерлік және күзет взодының әскерлерін қосқанда барлығы 4090 адам болған. Ол уақытта оңтүстік майдан командованиесі маршал Тимошенко және сол майдан штаб бастығы Иван Баграмян, сонымен қатар әскери советтің өкілі болған Никита Хрущевтің қателігінен осындай ауыр, орны толмас шығынға батқан болатын. Хрущев билікке келгеннен кейін осы Харьков түбіндегі соғыстарға байланысты барлық құжаттардың көзін жойғызған және ол жерлердегі бауырластар зираттарын тегістетіп орнына ағаш отырғызып жіберген. Дивизияның 90 пайызы қазақтардан тұрды. Харьков қазаны деген атпен тарихта қалған майдан неміс басқыншыларынан азат ету операциясын да ерен еңбек танытқан. Бүгінгі деректер бойынша дивизия жауынгерлері 150 танкке қарсы тұрып, жаңбырша жауған оққа кеудесін тосқан.

Немістің Клейц атты генералы «Харьков үшін соғыс» атты еңбегінде 106-атты дивизия жайлы, олардың қарулануы, тактикалық қозғалыстары және ерліктерін көзбен көрген. Неміс әскерлерін бастап алға басайын десе, жолдың барлығында қаза болған атты әскерлер, көлік пен де, жаяу да өту мүмкін еместігін баяндайды. Сол дивизия түгелімен сол жерде ерлікпен опат болды деп жазады өзінің еңбегінде неміс генералы. Красноград қаласы үшін болған шайқаста әскердің азық-түлігі оқ-дәрісі бітіп күш сарқылады. 

Ал 1942 жылы 26 мамырда шешуші айқас болады. Қанды қырғында жауынгерлердің тең жартысынан көбі жер жастанып, қалғандары еріксіз тұтқынға түседі. Міне, осы Тимошенко, Багрямандарды, Хрущевтарды Сталин өзінің штаб басына шақырып, қатты ескерту берген болатын. Бірақ жабулы қазан жабулы күйінде қалған. Соғыс тарихында 106-Ақмола кавалеристер дивизиясы болған-болмағанын белгісіз етіп, тарих сахнасынан ысырып тастады билік көзі. Бұл жайында азаттықтың ақ таңы атқан айтылмады. Ақмолада жасақталған 106-атты әскер кавалериясының жауынгері Дәуіт Үскембаевтың майданнан жазған хаты да бар. Ол хат Көкшетаудағы Совет Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин мұражайында сақтаулы. Ол сол кезеңдегі ауыр шайқастардан сыр шертеді. Неміс басқыншыларын қарсы тұрып ажалды қаймықпай қарсы алған дивизия жауынгерлерінің ерлігі тарихтың өшпес оқиғасы болып қалары сөзсіз. 

Ендеше көптеген тілдік терминдерін атқа байланыстырған қазақ жұртының әдеті бойынша, осы тақырыпқа қарай ат басын бұрайық. 1941 жылы желтоқтан айы мен 1942 жыл наурыз айлары аралығында Ақмола елді мекенінде 106-Қазақ ұлттық атты әскер құрамасы сап түзеді.

Бұл дивизия жaйлы aқпapaттap мінe қaзіp ғaнa шығып жaтыp, oны Укpaинa eлінің apхив мaтepиaлдapы apқылы біліп жaтыpмыз. Әзіpгe тeк шaғын ғaнa мaқaлaлap арқылы бaяндaй aлaмын. Ocы EҰУ пpoфeccopы М. Құcaйынoвтың  eңбeктepі apқылы біpшaмa мaғлұмaттap шығa бacтaды. 1941 жылы қараша айының жиырма бірі күні Ақмолада өткен қалалық парткомитетінің бюросы отырысында қарап өтілген ұлттық әскери кавалерияға ең мықты деген жігіттерді қызметі мен лауазымына қарамастан қабылдау керектігі баяндалды, кавалерияның басшылығына майор Борис Панков, комиссариятына Темірғали Мәмбетов, саяси жетекшілікке Нұрқан Сейітов, штабтың басшылығына майор П.М. Осадченко тағайындалған болатын. Саяси бөлімнің басшысы Сағадат Құлмағанбетов деген жігіт сайланды. Аталмыш кавалерияға қабылданғанға шейін Сағадат Құлмағанбетов Ақмола облыстық парткомитетінде хатшылық қызмет атқарғанын айта кету керек.

Әскери кавалерия сапында үш бөлім, артдивизион, мал дәрігері қызметі, дәрігерлер және күзет бөлімі болған. Жалпы адамдар саны 4092 екені кавалерияны тіркеу құжаттамасында көрсетілген. Бұл тіркеу құжаттамасы кездейсоқ қазақ тарихшыларының қолына түсіп, тарихшылар арасында сенсация болған еді. себебі, аталмыш әскери кавалерия туралы дерек көздері Ресей Федерациясы архивтерінде мүлде кездеспейді, олар түгелімен жойылған немесе құпия сақтауда. Мұның анық қанғығы кейінірек баяндалды. Осы 4092 сарбазға бар жоғы 101 винтовка, 42 дана 50 мм, 17 дана 82 мм миномет бөлінген еді. Автомат, тапанша деген қару өзі былай тұрсын аты атлмаған. Көлікпен де қамтамасыз етілмеген, жылқылар саны 3181 бас. Түптеп келгенде сарбаздарға қылыш та жетпеген. Олардың алдындағы материялдық қамтылуын былайша суреттеуге болады. Мамыр айында кәдімгі қыста киетін тон мен аяғына пима жалаң қол сарбаздар, тіс тырнағына дейін қаруланған, үйретілген неміс әскерлеріне қарсы тұрған. Бұл былайша айтқанда қойды қасқырға қарсы қоюмен тең. Бірақ соны біле тұра советтер билігі осындай сорақы іс-әрекетке барған. Қылмыстың қылмысы дерсіз. Ал осыған қарамастан жауға қарсы шапқан қазақ жігіттері қандай ер жүрек батыр болған деп тамсанарсыз.

Соғыс алаңына аттануға даярлық жүргізіп жатқанда, 1942 жылы наурыз айының он алтысында 106-кавалерияны таратып жіберуге шешім қабылданады. Ал оның құрамындағы әскерлерді басқа да құрамдарға қосу ұйғарылады. Осыдан кейін соғыста 106-кавалерия дивизиясы болды дегенді жоққа шығара бастайды. Дегенмен, ақиқат қашанда ақиқат болып қалады, сондықтан кім, қалай, қанша жерден бұл әскерлердің барын жасырғанымен, ақиқат бір күні көл бетіне қалқып шыққандай тарих бетінен жарқырап шығары анық. Оған бүгінгі жаңадан ашылып жатқан, мұрағаттардың түбінен табылып жатқан құжаттар және сол ардагерлердің өздері һәм олардың ұрпақтарның келтірген тарихи дәйектемелері куә бола бола алады.

Бұйрық бекітілген кезден бастап 4 күн өткеннен соң билік тағы да бір бұйрық шығарған болатын. Он бұйрықта ақмолалық әскер құрамы шұғыл түрде соғыс алаңына аттандырылсын делінген. Сөйтіп, 106-кавалерия 1942 жылы наурыз айының жиырма үші күні эшелондарға жайғасып, соғыс алаңына аттандырылды. Кавалерия генерал Носков басшылық еткен алтыншы корпусқа барып қосылды. Осылайша қазақ жігіттері Харьков қаласы түбіндегі ұрысқа қатысқан болатын.

Алтыншы әскери кавалерия корпусы танктердің бөлімімен бірлесе отырып, Харьков қаласын жаудан босату операциясына қатысты. Күш, әрине, тең емес, соған қарамастан қазақ әскери құрамы жаумен арпалыса отырып, елу шақырым алға жылжыды. Ал, Красноград қаласы үшін болған шайқаста кавалерияның азық-түлігі сарқылған болатын, оқдәрі де түгесілді, күш қайрат қажыды.

Сарбаздар бірнеше күн бойы ұйықтамағандықтан, тамақ ішпегендіктен қатты шаршап шалдығады. 1942 жылы мамыр айының жиырма алтысы күні әскери құрам соңғы шайқасқа шығып, күйрей жеңілген болатын. Дивизияға тылдан ешқандай көмек қолы созылмады, әуеден ұшақ ұшпады, құрлықтан әскер шаппады. Танктердің жағармайы таусылғандықтан олар іске жарамсыз болмай қалды, арқадан келер көмек көрінбегендіктен тантер жау қолына түсіп өздеріне қарсы бағытталған қаруға айналмасы үшін танктер жауынгерлер тарапынан жойылған болатын.

Дивизия тағы да аз уақыт қоршауда отырып қарсылық көрсеткен болды, дегенмен олар неміс әскерлері тарапынан жасалынған тосқауылды бұзып шыға алмады. Осылайша оңтүстік-батыс атты майданда шеткері де орналасқан 23500 әскер аман қалды да, ал қоршауда қалған 576500 әскер жау қолынан қаза тапты. Осылай Харьков атты қазанға үлкен қақпақ жабылған болатын.

Осы қанды қырғынға куә болғандар Харьков маңы құдды қасапханадай боп кетті. Адамдардың мәйіті мен жылқылардың өлігінен аяқ басар жер қалмады. Неміс әскерінің ұшақтары аймақты хлорлап жағымсыз иісті кетірген болды. Әйтседе шіріген иіспен дем алу мүмкін емес еді. Осы қаза тапқан сарбаздардың көпшілігі қазақ жігіттері еді.

106-дивизияның тұтқынға түсіп қалған жауынгерлері неміс әскерлері концлагерлерге қамады, қара жұмыстарға салды. Тұтқыннан босап  шыққан жауынгерлер советтер әскері сапына қайта қосылып, бауырлар үшін кек алғысы келгендер аз болмады. Дегенмен олар бар шындықты жайып салады деген қорқынышпен билік оларды сатқын деп айыптап, трибуналға тартып, ату жазасына кесті. Кейбір бөлігін неміс тұтқындары қатарына қосса, кейбірін итжеккенге айдап, азапқа душар етті.

106-дивизия сапында болған Сыдық Түменбаев аталған оқиға жайлы аз-кем былай деп баяндады: 1942 жылы мамыр айында соғысты бастадық. Қылыштан басқа қолымызда жауға қарсы сілтер қару жоқ. Қанды қырғынды өз көзіммен көрдім, бір күндік шығынның өзі қаншама болды. Шілде айында тағы да бұйрық бойынша шабуылға шықтық. Шабуылдап жүріп, 18000 әскер жау қолында тұтқындалдық. Тұтқында жүріп қашуға тырыстық. Жиырмасыншы ақпанда 7 адам қашып шықтық тұтқыннан. Файыз Ысқақовпен совет әскеріне аман-есен қосылдық. Бірақ бізді қарсы алғандарына аса қуанышты емес көрінді. Кейін комендатураға шақыртылдық. Ол жерде бізді сатқын деп айыптап, он жылға соттап жіберді. Өз еліңде абақты да азап шеккен қиын екен. НКВД тарапынан болған қыспақ қатты болды. Сол жерде қатты науқастанып, Қарағанды лагеріне ауыстым. 1953 жылы ақпан айында үйге оралдым дейді өзінің сөзінде. 

Сыдық ардагер әскери дивизияның ішіндегі аман қалғандардың бірегейі еді. Дивизия полкында кіші саяси жетекші қызметін атқарған, әскерге Семей қаласында шақырылған. Сыдық ақсақалдың майдандас жолдасы Мұстафа Юнустың немересі Мәдина Береке атасының мына жазбаларымен бөлісті. Оның айтуы бойынша он адамға тек бір-ақ винтовка беріліпті. Әлгі винтовка иесі опат болғанша қалған тоғызы соның артынан жүріп отырады. Ол оққа ұшқаннан кейін қаруды қолға алу деген – өз өмірімен қош айтысуға қол қою деген сөз еді. Жауынгерлер бес күнге дейін ұйқы көрмеген. Сапта кетіп бара жатып ортадағылар сапта ұйықтаған. Кейін шеттегісімен орын ауыстырып, кезекпен ұйықтаған. Сөйтіп жүргенде Сыдық қария тобы тұтқынға түскен. Кейін тұтқыннан қашып шығып, совет әскері сапына келіп қосылған. Ол жерде отанын сатқан сатқын деген айыппен, сотталып лагерьге айдалған. Абақтыдан босап шыққаннан кейін ардагерге ешкім жылы қабақ танытпаған. Ешқандай мемлекеттік жеңілдік те қарастырылмапты. Ардагер деген бір жапырақ қағазды ешкім де қимаса керек. Тек қар қаза тапқаннан кейін ғана ақталыпты.

Ақмолалық 106-атты әскер құрамының тағдыры мен тарихы осылай болған. Тарих бетінен құжат ретінде жойса да ел жұрттың, олардың ұрпақтарының санасынан өшіре алмасы анық.

Әсіресе, Харьков қаласының тұрғыны, қандасымыз Макка Қаражанова ханым бастаған топ «Қазақ жерлестер» атты қоғам 106-дивизияның тарихы мен тағдырын бастан-аяқ зерттеп зерделеуді алға мақсат етіп қойғанды. Зерттеулер нәтижесінде екі жүзден аса еш хабарсыз жоқ болып кеткен сарбаздың аты-жөндері анықталды. Сонымен қатар аталмыш топ мүшелері Харьков облысы, Красноград қаласында мәртебелі кавалерияға ескерткіш орнату мәселесін талқыға салған еді. Адам және адам құндылығы бағаланбайтын қоғам көк тиынмен пара пар болған Совет Одағы жойылса да, сол заман зардаптарының ақ-қарасы ажыратылып, көрген қиянаттың тарихи, саяси бағасы әлі толыққанды түрде айшықталмай келеді. Барша құпия атауы әйтеу бір заманда әшкерек болары барша жұртқа аян.

Совет Одағы әскер сапында еліміздің бірталай батыpлаpымыздаpдың да есімдері күллі одақ eлдepінe жұлдыздай жаpқ-жұрқ еткен болатын. Қаншама ерлеріміз еліміздің  дәл cол кeзгі Отанымыз үшін жандаpын қиған болатын. Өкінішкe қаpай, еліміздің жауынгepлері сол кeздe дe, cоғыcтан кeйін дe айтарлықтай бағалана қоймады. Қазақ жұртына, қазақ ұлына Совет Одағының батыpы мәртебесін алу үшін оpыcқа қаpағанда он eceдей аpтық еңбек пен батылдық жаcауға әбден  туpа кeлген. Тіптті cондай көзсіз ерлік пен батылдық жаcағанның өзіндe де шовиниcттік, идeалогиялық тұpғыға сайып келгенде оны мойындау – советтік өкімeт үшін аса бір қиынға түcті десек те артық болмайды. Қанша-қанша батыpлаpымыздың бүгінгі таңға шeйін қалай,  қай жерде қаза тапқаны да белгісіз. 

Қазақ жұртының Совет Одағы Батыpы дeгeн мәртебесін алғандаp cанымeн жәнe біздің Қазақ елінен әскер сапына алынған жауынгepлepмeн шаққанда өтe кем болды. Демек, бұл тұста Совет Одағы өкіметі тарапынан болған идеологиялық саяси көзқарасты байқай аламыз. 

Бүгінгі таңға шейін батырларымыздың орта есеппен тeк 0,043%-ы ғана Совет Одағығының батыpы мәртебесі атағын алған. Мұрағат материалдарында осынау бір түсініксіз әрі көңілге қонымсыз жайттарды аңғаруға болады. Бәлки сол кездегі бір арнайы нұсқаулық па, әлде біздің қолымызғы бұл ақпараттар жетпей тұрғанда біраз өзгеріске ұшырап үлгерген бе, дейтұрғанмен әскери құрамалардың формулярында (дивизия тарихы) шабуылдар кезіңде жаудың қаншасы опат болғандығы көрсетіледі де, ал біздің қазақ жауынгерлерінің қаншасы қай жерде қалай опат болғандығы белгісіз бір себептермен көрсетілмей, жазылмай қалады. Әрине, бұл әскери заң бұзушылық. Ол кезгі қолбасшылардың жазбай қалуы заң бойынша ғана емес, адам алдындағы опасыздық болып табылады. Ал мұны әскери басшылар жақсы білді. Демек, ол кезде ақпараттардың бұрмалануы екіталай. Оны қабылдаушы, яғни архивтеуші адамнан бастап, билік арасында болған келісім болса керек. Ал мұның кімге және қаншалықты маңызды екендігі айтпаса да түсінікті бәлкім.

Бір айта кететіні тарих деректерінде тек қазақтың есімі аталмаған әскер ол атты кавалерия еді. Қалайша? Ең алғашқы атты қолға үйрету біздің елдің территориясында бастау алды, жылқыға ең алғашқы үзеңгі тағып, ауыздық салған да біз, ең алғаш аттың құлағында ойнап, шебер шабандоз болған да біз, ең алғаш ат үстінде шауып құралайды көзге атқан да біз, бірақ осы әскери құрама да біздің батырларымыздың аты аталып, түсі түстелген жоқ. Болмады емес, болды. Тек айтылмады. Оның айқын себебі сол баяғы саяси көзқарас болатын. Бір жағынан қазақтың атын, затын аян етпеу болса, бір жағынан басшылар тарапынан жасалған қателіктер еді.  

Атты кавалерияны ұйымдастырушылардың жаны ашымауы және бұл құраманы ұтымды пайдаланбауы әскери құрамды жау қолына жемтік ретінде тастағандай болды. Тісіне дейін қаруланған неміс әскеріне атсаң осыны ат дегендей, жалаң қол бір топ әскерді жібергені қалай? Ешқандай дайындықсыз, жоспарсыз, қарусыз жаудың пулемет оғының алдына, танктердің табаны астына қоюы опасыздық еді. Сол үшін де осындай қателіктерінің арты ашылмауы үшін билік бұл әскери құрамды мұрағаттан да тарих сахнасынан да өшіріп тастауға тырысты.

Соғыс басталысымен Ақмола өңірінде сап түзеген 310-атқыш дивизиясы қыркүйек айында Ленинград майданындағы соғыста неміс әскеріне қарсы тұрды. «Өмір жолын» құрған осы дивизия еді. Оның өмір жолы деп аталу себебі майдандағы жауынгерлерді дер кезінде қажетті азық-түлік және де басқа керекті материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін жүк тасушы әскерлер Ладого өзенді мұзының үстінен өтуге бел бууы еді. Қауіптіліге қарамастан әскерлер батырлық танытып мадандағы солдаттарға қажетті материалдарын дер кезінде осылайша өмірлерін қиып жеткізіп отырды. Сол тәуекелге бел буған жауынгерлердің басым бөлігі ақмолалықтар еді.

Әскери сап түзеген дивизия қаһармандық танытып Новгород, Лениград, Псков облысын және Польшаны азат етіп, жау құрсауынан босатқан болатын. Жаудың Померанның шығыс бөлігін тісіне дейін қаруланған неміс әскерінің берік қорғаны атанған Берлин әскери тобын талқандауда басты рөл атқарған осы ақмолалық дивизя еді. Олар берлин әскери тобын талқандай отырып, Эльбаға дейңінгі жерлерге аяқ басты. Дивизияның жеңісіне Мәскеуден марапаттаулар мен алғыс үзілмей келіп отырды. Біздің атақты генерал Сағадат Нұрмағамбет осы аталмыш дивизия құрамасында ерлікпен шайқасқан болатын.

Ақмолалықтардан құралған 387-атқыштар дивиясы 1941 жылдың қарашасында Батыс майданда соғысқа кіріскен болатын. Келер жылы желтоқсан айында Сталинградтың маңында болған ұрыста бой көрсетті. 1944 жылы Қырымды азат етуге және Прекоптың түбіндегі ұрысқа қатысып атақты Прекоптық дивизия атанған болатын. 

Ал 29-атқыштар дивизиясы Сталинградтың түбіндегі табан тіресте ерлік көрсетіп, жеңіс жағынан табылғандығы үшін 72-гвардия дивизиясы атанған болатын. Отызға жуық әскер және командир сол кезгі жоғары марапаттың бірі болған Совет Одағы Батыры атанған еді. 

Ақмоланың іргесінде 106-атты дивизия жасақталып, 50 шақты маршты көлік батальоны құрылған болатын. Тек қана мұнымен шектелмей ақмолалықтар басқа да дивизия саптарында да ерлікпен шайқасқан болатын. Өзге де бөлімдерде әскер құрамдарында сап түзеп, ел іргесін жауға бермеді.

Атап өткен дивизиялардың ерліктері Мәскеу қаласындағы архивтерде мұражайларда әлі күнге дейін сақтаулы тұр. Подольсктегі тарихи мұрағаттан және құжаттмалардан елімізге көшірмелері ғана жетіп отыр. Нақты әрі толық қанды ақпарат әлі жоқ. Бірақ сол көлге тамшы тамызғандай қолда бар ақпараттан аталған дивизиялардың еңбегімен ерлігі тайға таңба басқан айқын екені көрініп тұр.

Ұлттық дивизияны талдай отырып, ойыма шетелдің екі тарихшысы келді. Біріншісі – атышулы орыс ғалымы В. Суворов. Оның концепцияларының бірі бойынша «ССРО соғысқа дайын тұрды», яғни бұл дивизия 1941 жылдың наурыз айында құрылғаны – бұл теорияны айғақтайды. Екінші ғалым Р.Х. Карнактың айтуынша, ССРО басшылары орыс емес халықтарға қатты сенбеді. Дивизия соғыс басталмай жатып жасақталғанмен, Ленинград, Сталинград, Мәскеу қалалары үшін шайқастарға қатыспады, тек 1942 жылы Харковь казанынан бір-ақ шықты. Әрине қалған ақмолалық дивизиялар жоғарыда айтылған шайқастарға қатысты, дегенмен олар тек қазақтардан ғана жасақталмады, басшылардың барлығы дерлік орыс ұлты болды.