Әлем тарихына «Үлкен террор» деген атпен енген 1937-1938 жылдардағы сталиндік репрессияның шындығы әлі толық ашылған жоқ. Бұл қазақ халқының басындағы аса ауыр қайғылы кезең болып саналады. Себебі қазақ арасынан шыққан оқыған, білімді, бір мекеме тұрмақ, бір-бір елді басқаруға қабілетті интеллектуал тұлғалардың барлығын да қанға бөктіріп, қасап жасаған қасіретті уақыт ешқашан ұмытылмауға тиісті. Естігенде немесе оқығанда аза бойың қаза болатын мұндай сұмдық жайттарды бүгінгі Қазақстан қоғамы Ашаршылық нәубетімен қосамжарлап, маңызы мен мағынасын ұға қойған жоқ.
Совет империясы туралы тарихи шындықты қалпына келтіруге ықпал етуді мақсат еткен «Әділет» тарихи ағарту қоғамының құрылғанына биыл 35 жыл толып отыр. Ұйымның алғашқы төрағасы болған, репрессия құрбандарының ұлы Санжар Жандосовтың қолына СССР Жоғары Соты Әскери коллегиясының Алматы қаласында 1938 жылдың ақпан-наурыз айларында атылған азаматтардың тізімі бар құжат келіп түседі. Онда 25 ақпаннан 13 наурыз аралығында (арасында жендеттердің демалыс жариялаған күндері болған) ұзын саны 631 адамның бір ғана Алматыда атылғаны анықталған. Тізімді саралай келгенде, қандықол жендеттер күніне орта есеппен 43 адамды жер жастандырып отырған. Бұған Сталиннің көзіне түсу үшін әлі де «құрбандық шалуға» 1600 адамға лимит барын сұраған Қазақстанның сол кездегі басшысы Л. Мирзоянның құпия хаты себеп болып, Мемлекеттік қауіпсіздігі комитетінің комиссары, Сталиннің бажасы Реденстің тізімдегі азаматтарды атуға рұқсат еткен қолы қойылған құжаты негізінде қанқұйлы қылмыс жүзеге асырылды. «Тауқымет пен тағзым» кітабында Кремль басшылары осыншама қазақ зиялысын опат қылуға бір ғана өкіл – диввоенюрист Грячевті жіберуі әбден жеткілікті деп тапқанын жазады.
Қазақ азаматтарын қуғындау мен асып-атудың басы совет билігі орнағаннан басталғаны белгілі. 1925 жылы дін қайраткерлерін, 1928 жылы ірі буржуазия өкілдерін, 1931 жылы алашордашыларды, 1937 жылы совет билігіндегі ұлтшылдарды құртып, көзін жою жоспарлы түрде ұйымдастырылып, жүргізілгеніне көз жетеді. Бұл елдің бетке ұстар азаматтарын ұстап, қамап, жазалау арқылы елді қорқытып, үркітіп, қоғам арасында әдейі үрей туғызу үшін жасалған отырлау саясатының бір көрінісі еді.
Алматыда атылған 631 адамды ұлттық құрамына қарай жіктер болсақ, 75 пайызы қазақтар болады. Онда да ұлт зиялылары, оқыған, ел қорғандары, мақтаныштары болған тұлғалар еді. Олардың арасында есімдері ел арасына танылған, биік беделге жеткен азаматтар көп болды.
СССР Жоғары Соты әскери коллегиясының Алматы қаласында 1938 жылғы ақпан айында өткен көшпелі сессиясының үкімі бойынша жазықсыз атылған азаматтардың тізімі
25 ақпан (39 адам):
1. Айтуаров Бабай
2. Арутюнян Варм Асатурович
3. Асфендияров Санжар Жапарұлы
4. Бөкейханов Ғабдулла-Хакім
5. Горский Александр Климентьевич
6. Горольман Михаил Григоревич
7. Дивеев Шакир Галеевич
8. Есқараев Сүлеймен
9. Жаманмұрынов Тел
10. Жұбанов Құдайберген
11. Жүргенов Темірбек
12. Иванов Василий Иванович
13. Измайилов Грифан Мифтохович
14. Квачадзе Сергей Константинович
15. Комолов Герасим Семенович
16. Қожабаев Хасен
17. Құлымбетов Ұзақбай Желдібайұлы
18. Құрамысов Ізмұқан Мақашұлы
19. Меңдешов Сейтқали Меңдешұлы
20. Молдажанов Ілияс Ысмайлұлы
21. Мусин Айтмұхамет
22. Нахимжан Амзе
23. Нұрмұхамедов Хасен Нұрмұхамедұлы
24. Павлов-Фейгель Иосиф Моисеевич
25. Пухов Вячеслав Исанович
26. Рольщиков Борис Петрович
27. Рот Имре Генрихович
28. Садықов Сұлтанбек Бекұлы
29. Сарымолдаев Қабылбек
30. Сәдуақасов Жанайдар
31. Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас)
32. Степанов Николай Владимирович
33. Сұлтанбеков Жағыпар Сұлтанбекұлы
34. Сырғабеков Нығметолла
35. Тәштитов Қайсар
36. Тоғжанов Ғаббас Сәдуақасұлы
37. Төлепов Мирасбек Нұрғалиұлы
38. Төреғожин Зейнолла Сейітжанұлы
39. Юсупов Шакир Якупович
26 ақпан (37 адам):
1. Ашимхин Алексей Иванович
2. Биленко Владимир Леопольдович
3. Богатников Алексей Семенович
4. Бораев Оразғали
5. Варламов Николай Николаевич
6. Васильев Павел Алексеевич
7. Воробьев Иосиф Иннокентьевич
8. Дүйсенов Хаким
9. Есқалиев Сұлтан
10. Жансүгіров Ілияс
11. Жантілеуов Шайхы Османұлы
12. Железбаев Мақсұт
13. Жұлдызбаев Асқарбек Табылбекұлы
14. Журлов Владимир Лукич
15. Зефиров Сергей Павлович
16. Исмағұлов Ғазиз Манапұлы
17. Қабылов Ілияс
18. Күленов Сәлемхат
19. Күлетов Қазмұхамед Кәрібайұлы
20. Қаратілеуов Сәлімгерей
21. Қасаболатов Есенгелді Керейұлы
22. Лекеров Әзімбай Лекерұлы
23. Майлин Бейімбет Жармағамбетұлы
24. Мұхамеджанов Қапан
25. Орынбаев Мұқаш
26. Распонов Виктор Яковлевич
27. Сапарбеков Сәдібек
28. Сәбитов Бегім
29. Сейдалин Асқат Фазиұлы
30. Тортаев Шахман
31. Устинов Сергей Платонович
32. Часовников Виктор Иванович
33. Шанин Жұмат Тұрғымбайұлы
34. Шоманов Рахметжан Қалиманұлы
35. Ысқақов Ғарибулла Мұсабайұлы
36. Жүсіпбеков Хамза
37. Асфендияр Кенжин (Ә. Жангелдиннің қайын атасы себепті атылмай босатылған жалғыз адам)
27 ақпан (41 адам):
1. Асанбаев Мағзұм Асанбайұлы
2. Ахметжанов Сұлтан Сапарұлы
3. Аюпов Мүлік
4. Әлиев Осман
5. Әлиханов Фазыл-Ағзам
6. Әлібаев Абат
7. Байғаскин Есім
8. Байдәулетов Хакімжан
9. Баймаханов Садуақас
10. Бекжанов Шайхислам
11. Берлин Борис Михаилович
12. Бырдин Борис Сократович
13. Ватман Борис Георгиевич
14. Елбесінов Хұсайын
15. Ержанов Бақыт Сәрсенұлы
16. Кәдірбеков Мерғали
17. Кегель Николай Николаевич
18. Кенбаев Сейітбек Кенбайұлы
19. Қапин Сабыр
20. Қаспақов Аманбай
21. Малаев Ғафар
22. Марков Василий Иванович
23. Мартынов Николай Алексеевич
24. Менешев Әмірғали
25. Серев Сүлеймен
26. Мұртазин Ғазиз
27. Мырзалиев Мұхаметқали
28. Оттен Борис Фердинандович
29. Өтекин Әлкей Сыздықұлы
30. Полатбеков Шәбден
31. Прокофьев Иван Васильевич
32. Ротшейн Мойсей Давыдович
33. Серғазин Хамидолла
34. Случак Владимир Еремеевич
35. Тасмағамбетов Ғұбайдолла
36. Тәжібаев Дүйсен Бөтенұлы
37. Темірбеков Зарап
38. Тұнғаншин Мұхамедияр Керейұлы
39. Тінтаев Темірбек
40. Чудочкин Михайил Александрович
41. Шонанов Телжан
28 ақпан (40 адам):
1. Абдуллин Баймахан Әлішерұлы
2. Абланов Садық
3. Айбасов Бірмұхамед
4. Ахметов Шалтанбай
5. Әлжанов Хажгерей
6. Әубәкіров Фидахмет
7. Байдақов Бақытжан Байдақұлы
8. Баймахамбетов Жанай
9. Батырбеков Жұмабек
10. Башаев Хабидолла
11. Бәйісов Артық
12. Бражинцев Федор Петрович
13. Бүркітбаев Әшір
14. Душетов Рахымбек
15. Едомский Михаил Гаврилович
16. Есмурзин Хасейн
17. Жандосов Оразалы Қиқымұлы
18. Жанкин Мұхамедияр
19. Жардецкий Константин Николаевич
20. Жұмабаев Молдағали Жұмабайұлы
21. Ибрагимов Ысқақ
22. Иванов Александр Андреевич
23. Измайлов Хайруш Нурумович
24. Көлбаев Сейтқасын
25. Қамалов Темір
26. Құлымбеков Әбдірахман
27. Құрманалин Ерембек Құрманұлы
28. Мұстафин Ақай
29. Саматов Мұхтар Саматұлы
30. Сейсекенов Бүркітәлі
31. Сидаш Пантелеймон Николаевич
32. Сиятов Ахметкали Жұмағалиұлы
33. Тәтімов Мұхаметқали Қойшыбайұлы
34. Тимпко Артур Александрович
35. Тоғанбаев Қартқожа Жананұлы
36. Тыштыбаев Байкен
37. Тіленшиев Нақысбек
38. Үмбетов Мірғали
39. Эстрин Александр Яковлевич
40. Седов Борис Дмитриевич