Күндерек. 17 наурыз - әлем және Қазақстан тарихында
17 наурыз - Григориан жылнамасының 76-күні. Осы күні әлем елдерінде көптеген айтулы мерекелер атап өтіледі. Қазақстан тарихында елеулі орны бар бірнеше тұлғалар осы күні дүниеге келді.
17 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар
ТІНӘЛИНА Дариға Байжұманқызы – белгілі кинорежиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, «Черно-белое кино» атты монографиялық кітаптың авторы.
Дариға Тінәлина 1921 жылы Ақмола облысы, Аршалы ауданында (бұрынғы Вишневка ауданы) дүниеге келген. Әкесі Біләл Тінәлин ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинмен серіктес болған. Отызыншы жылдардың небір зобалаңын көріп өскен Дариға Алматы театр училищесінде білім алады. 1939 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекетік кинематографистер институтына түсіп, алдымен актерлік, кейін режиссерлік факультетте оқиды. Атақты Александр Довженкодан сабақ алады, Вячеслав Тихонов, Сергей Бондарчук, Василий Шукшин, Сұлтан Қожықов, Нонна Мордюковалармен бірге оқиды. 1940 жылы «Романтики» деген киноға түсіп, басты рөлдегі чукот қызы Тин-тин рөлін сомдап шығады.
Режиссер Дариға Байжұманқызы еңбек жолын актерліктен бастаған. Ол «Абай әндері», «Жамбыл», «Романтиктер», «Үкімет мүшесі» тағы басқа музыкалық-көркем фильмдердегі эпизодтарда ойнаған. 1953 жылдан бастап режиссер ретінде жұмыс істеп, Қазақстан кеңістігінде атты ғылыми-танымдық фильмді түсірді. 30 жылдан астам уақыт еңбек жолында қоңыр дауысымен мыңнан астам фильмді дубляждаған. 1964 жылдан «Қазақфильмнің» режиссері ретінде әлемдік және кеңестік алтын қордағы ондаған фильмді қазақ тіліне дубляж жасаған. Дауысты дәл берудің үлкен шебері болған деседі. “Соғыс және бейбітшілік», «Багратион», «Атамекен» сынды фильмдерді қазақша сөйлетті. «Қыз бен жігіт», «Ботагөз» фильмдерінің киноленталарын қалыпқа келтірді.
Дариға Тінәлина 2011 жылы тоқсан жасында қайтыс болады.
Алтынбеков Бауэр Ембергенұлы - ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. «Құрмет» орденінің иегері.
Ғалым Бауэр Ембергенұлы 1958 жылы Қарағанды қаласындағы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Еңбек жолын қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып бастап, аталған институтта көп жылдар еңбек істеген. 1971-1974 жылдары - Ақтөбе мемлекеттік медицина институты жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі. 1974-1990 жылдары - Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарды. 1995 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы жалпы гигиена және экология кафедраларының меңгерушісі болып істеген.
Ғалымның ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы мен адам физиологиясы, эргономика, кәсіби патология, әлеуметтік гигиена мәселелеріне арналған. 21 медицина ғылымы кандидатын, 11 докторын даярлаған. Гигиена труда шахтеров, Руководство по гигиене труда, Антракоси-ликоз (бірлесіп шығарған), Русско-казахский термино-логический словарь по профилактической методике атты кітаптардың, 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 7 монографияның, 21 әдістемелік ұсыныстың авторы. Семей ядролық полигонының және антропогендік экологияның сол аймаққа тигізіп отырған зардаптарын да зерттеген.
Бауэр Ембергенұлы – 1931 жылы 17 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Серғалиев Мырзатай Серғалиұлы - тіл білімі маманы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.
Тілші ғалым Мырзатай 1960 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Аталған университеттің аспирантурасында білім алған. Көп жылдар бойы Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, Қазақ Мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, профессор, декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі болды.
Серғалиевтің қазақ тілінің синтаксисі мен стилистикасына арналған “Синтаксистік синонимдер” (1981), “Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы” (1991), “Синтаксис және стилистика” (1997), “Синтаксистік зерттеулер” (2004), “Қазақ тілі мәдениеті” (М.Балақаевпен бірге, 1995, 2004), “М.Әуезов және көркем шығармалар тілі” (1998), “Ғ.Мүсірепов және тіл мәдениеті” (2003), әдебиет сынына қатысты “Сөз сарасы” (1989), лексикография саласында “Русско-казахский словарь” (1993, 1995, 2000, 2002 — 04), “Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі” (1996), “Казахско-русский, русско-казахский словарь” (2004) атты еңбектері жарық көрген. “Қазақ грамматикасы” атты академикалық еңбектің (2002) авторы. 600-ге жуық ғылыми еңбегі жарияланған, оның ішінде 15 монография бар.
Мырзатай Серғалиұлы – 1939 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы (бұрынғы Сергеев ауданы) Жаңажол ауылында дүниеге келген.
Қайырбеков Ақылтай Қайырбекұлы - медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ ұлттық медицина университетінде профессор.
Ол 1973 жылы Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Еңбек жолын Атырау облысы Балықшы ауданы ауруханасында дәрігер болып бастаған. Кейіннен аталған аурухананың бас дәрігер қызметін атқарды. Алматы қаласындағы 5-клиникалық ауруханада дәрігер болып қызмет жасады. 1979-2003 жылдары Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтаудың медицина және экономикалық проблемалары ғылыми орталарында лаборатория меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Ақылтай Қайырбеков - 1948 жылы Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылында дүниеге келген. 141 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы.
Қашағанов Нұрлан Мұсақанұлы – әскери сала қызметкері, 3 дәрежелі Айбын орденінің иегері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.
Ол 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы жоғарғы жалпыәскерлік қолбасшылық училищесін бітірді. Кейіннен Қазақстан Республикасы ҚК Әскери академиясын бітірді. Офицерлік қызметін Республикалық ұлан взводының командирі болып бастады.
2013 жылдың шілдесінен 2016 жылдың маусымына дейін — «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары — «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасының штаб бастығы. 2016 жылдың 2 маусымынан 2019 жылдың 21 қыркүйегіне дейін – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметтерін атқарды.
17 наурыз - әлемде
17 наурыз – Ирландия қамқоршысы - Әулие Патрикті еске алу күні (ағылш. St. Патрик күні, Ирландия. Lá ’le Pádraig). Әулие Патрик күні әлемнің әртүрлі қалаларында Дублинде, Нью-Йоркте, Буэнос-Айресте, Мельбурнде наурыздың 17-сі күні аталып өтеді. Әулие Патриктің құрметіне әндер мен билермен шеру ұйымдастырылады, ирландиялық сыра өзенге құйылады. 17 наурыз - ирландиялық әулиенің ғана емес, ирландиялық жанның да мерекесі. Бұл мереке ұлттық шекарадан асып, Ирландияның халықаралық күніне айналды. Жасыл киінген адамдардың жарқын шерулері, шерулері мен мерекелері (Ирландияның ұлттық түсі) ирландиялықтар тұратын барлық жерде байқалады.
Әулие Патрикті еске алу күніін ирландиялықтар осыдан мың жыл бұрын атап өте бастаған. Ол кезде бұл қарапайым халықтық мереке болған.
17 наурыз - бүкіләлемдік ұйқы күні деп талады. Ол 2008 жылы 14 наурызда халықаралық ұйқы күні комитетінің бастамасымен құрылды. Бұл мереке әлеуметтік-сауықтыру бағытына ие. Ұйқы - бұл организмнің өмір сүруінің ерекше түрі, күндізгі ұйқыдан кем емес. Дұрыс ұйықтау күшті қалпына келтіруге, денсаулықты жақсартуға, психикалық және физикалық демалуға көмектеседі. Денсаулық пен сергектікті сақтаудың қажетті шарттары-теңдестірілген тамақтану, демалу және ұйықтау. Дүниежүзілік ұйқы күнінде жыл сайын ұйқының маңыздылығы, ұйқының проблемалары және оның бұзылуына байланысты бұзылулардың әсері туралы хабардарлықты арттыруға арналған конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастырылады.
17 наурыз - Таиландта Муай тайдың ұлттық күні аталып өтеді (бұл мереке Тай боксының ұлттық күні, Муай тай ұлттық боксы күні деп те айтылады). Тай боксы (муай тай) – Таиландтың жекпе-жегі. Ол ежелгі тай жекпе-жегі - муай бораннан қалыптасқан. Таиландтағы ең танымал спорт түріне арналған мейрам әйгілі муай тай шебері Най Кхам Томның құрметіне белгіленді. Муай-тайдың көрнекті жауынгерлері ежелгі дәуірден бастап асыл атақтарға ие болды және корольдік гвардияға қабылданды. Негізінде, Орта ғасырларда муай-тай жекпе-жегі қарапайым адамға мемлекеттің элитасына шығуға мүмкіндік беретін жалғыз жол болды. Сондықтан тайландтар арасында жекпе-жектің бұл түрінің танымалдылығын асыра бағалау қиын.