Қазақстандағы жаңа медианың қалыптасуы
08.11.2022 2618

Жаңа медиа дегеніміздің өзі – ілгеріде пайда болған әрі цифрландырумен жүзеге асатын  ақпараттар мен ойын-сауық хабарларын тарататын механизм. Ана тіліміздегі ақпарларды порталдар мен сайттар, форумдар мен блогтар арқылы аудитория тікелей қабылдап жатыр.  Қазақ тілді сайттар мен домендер күн санап артып келеді. 


Бұл – Қазақстанда жаңа медиа бар екенін білдіреді. Бірақ жүз пайыз дамыған, бәріне бірдей қолжетімді деген сөз емес. Заманауи медиа елімізде журналистиканың жаңа формасын дүниеге әкелді. Ол интернет журналистика және азаматтық журналистика деген атаумен кең қолданылып келеді. Жаңа медианың бір жаңалығы – ол ақпаратты мәтінге бағындырмайды. Өйткені, жаңалықтардың берілуі мультимедияға, графикалық тенденцияларға айналды. Түсінуге ыңғайлы шағын гипермәтіндер, газет-журналдардың қатталып, радио-телевизия және мұрағаттардың қолжетімді болуы әрі іздеу жүйесінде табуға ыңғайлы болғандығы көңіл қуантады.  Заманауи медия демократиялық үрдістердің одан әрі дамуына зор ықпал қосты. Цензураның белгілі бір деңгейді жойылуы – журналистерге деген сенімділікті арттырды. Ақпарат тұтынушылардың интернет арқылы БАҚ-пен еркін хабарласып немесе пікір білдіруіне мүмкіндік берілді.  Сондай-ақ, журналистердің аудиториямен кері байланыс орнатуы, олардың медиа ісіне тарту, сапалы ақпарат, оңтайлы шешімдер жасауға үйретуде. Қазір қазақ халқының сауаты артты. Себебі  кез келген жаңалықты сүзгіден өткізе алатын жағдайға жеткенін білеміз. Сайттарда еркін коментарий (ой-пікір) жазып, ашық пікірталас ұйымдастыра алады. Кейбір жағдайларда өз арасында айтысып-тартысып жатады. Мұның өзі де  еркіндік, сөз бостандығын көрсетеді. Бүгінгі таңда барлығында дерлік веб-сайт, портал, жекелеген блогтар, рейтинг-сауалнамалар бар. Яғни дәстүрлі БАҚ жаңа медианың көмегімен нарыққа шығып отыр. Ендігі кезекте журналистердің басты мақсаты -  барлық платформаларды игеріп алуы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін төнген қауіп – кез келген адамның жаңалықтың алдын орап, Twitter, Instagram немесе Facebook секілді әлеуметтік желілер арқылы түрлі видео, фото, мәтін түрінде материал бере алады. Шынын айтқанда, тұтынушылардың көбі дәстүрлі БАҚ-ты(газет,журнал,радио) емес, онлайн жүйені қолдануды жөн көреді. Өйткені ол тез, әрі уақытында таратылады. Онлайн хабар тарату, әсіресе, газеттің өміршеңдігіне кері әсерін тигізіп жатыр. Газетті сатып алғаннан гөрі электронды нұсқасын оқи салуды жөн көреді. «Тегін дүниеге ақы төлеудің не қажеті бар?» деген ескі мәтелдегі идеология баспасөзге ауыр соққы болды. Бүгінгі таңдағы ең тиімді жол – теледидар мен компьютер алдында сүйікті хабарыңызды сарылып күтуді қажет етпейтін процесс. Қолыңыздағы мобайлды пайдаланып кез келген уақытта, кез келген жерде соңғы оқиғалар мен шоуларды көруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, соңғы 5 жылдың статистикасына қарасақ, әлеуметтік желіден жаңалық оқу трендке айналып, бірнезе есеге пайызы артқан. Айта кетерлігі әлеуметтік желі арқылы ақпаратты тек репортерлер ғана емес, көп жағдайда әуесқой адамдар береді. Сонда да ғаламтордағы ақпарат ағыны – журналистің зор мүмкіндігі. Тіпті кейбір кезде тілшілер мен жүргізушілер бір орында отырып, сюжет жасап шығуына болады. Бірақ бұл көп жағдайда бола бермейді. Ал дағдарыс орнап, түрлі кедергілер болғанда керісінше дәстүрлі медианың көмегіне жүгінеміз. Осы орайда нағыз журналистерге ақпаратты анықтап, оны зерделеп беруге де болады. Бұл үлкен артықшылық. Медиа терминін жеке қарастырғанда екі мәселені ұмытпауымыз керек. Оның ең алғашқысы – аудиторияның әртүрлі деңгейде болуы. Мысалы, жынысы мен нәсілі,  түрлі факторларға сәйкестігі және т.б Екіншісі – медианың өз ішінде формалардың көп боулы. Яғни, конвергенцияның дамуын айтамыз. Конвергенция – әртүрлі саланы қамти отыратын термин. Журналистің жан-жақтылығы мен қайсыбір сала болмасын оның мән-мазмұнын ұғынуын айтамыз.  Бүгінгі күні журналистика заманауи трендтер арқылы  табыс тауып, өз-өзін қаржыландыруға қауқарлы. Жаңа медиа дегеніміздің өзі – ілгеріде пайда болған әрі цифрландырумен жүзеге асатын ақпараттар мен ойын-сауық хабарларын тарататын механизм.  Ана тіліміздегі ақпарларды порталдар мен сайттар, форумдар мен блогтар арқылы аудитория тікелей қабылдап жатыр. Қазақ тілді сайттар мен домендер күн санап артып келеді. Бұл – Қазақстанда жаңа медиа бар дегенді білдіреді. Бірақ жүз пайыз дамыған, бәріне бірдей қолжетімді деген сөз емес. Заманауи медиа елімізде журналистиканың жаңа формасын дүниеге әкелді. Ол интернет журналистика және азаматтық журналистика деген атаумен кең қолданылып келеді. Жаңа медианың бір жаңалығы – ол ақпаратты мәтінге бағындырмайды. Өйткені, жаңалықтардың берілуі мультимедияға, графикалық тенденцияларға айналды.  Түсінуге ыңғайлы шағын гипермәтіндер, газет-журналдардың қатталып, радио-телевизия және мұрағаттардың қолжетімді болуы әрі іздеу жүйесінде табуға ыңғайлы болғандығы көңіл қуантады.  Заманауи медия демокртаиялық үрдістердің одан әрі дамуына зор ықпал қосты. Цензураның белгілі бір деңгейді жойылуы – журналистерге деген сенімділікті арттырды. Ақпарат тұтынушылардың интернет арқылы БАҚ-пен еркін хабарласып немесе пікір білдіруіне мүмкіндік берілді.  Сондай-ақ журналистердің аудиториямен кері байланыс орнатуы, олардың медиа ісіне тарту, сапалы ақпарат, оңтайлы шешімдер жасауға үйретуде. Қазір қазақ халқының сауаты артты. Себебі  кез келген жаңалықты сүзгіден өткізе алатын жағдайға жеткенін білеміз. Сайттарда еркін коментарий(ой-пікір) жазып,   ашық пікірталас ұйымдастыра алады. Кейбір жағдайларда өз арасында айтысып-тартысып жатады. Мұның өзі де -  еркіндік, сөз бостандығын көрсетеді. Бүгінгі таңда барлығында дерлік веб-сайт, портал, жекелеген блогтар, рейтинг-сауалнамалар бар. Яғни дәстүрлі БАҚ жаңа медианың көмегімен нарыққа шығып отыр. Ендігі кезекте журналистердің басты мақсаты -  барлық платформаларды игеріп алуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін төнген қауіп – кез келген адамның жаңалықтың алдын орап, Twitter, Instagram немесе Facebook секілді әлеуметтік желілер арқылы түрлі видео, фото, мәтін түрінде материал бере алады. Шынын айтқанда, тұтынушылардың көбі дәстүрлі БАҚ-ты (газет,журнал,радио) емес, онлайн жүйені қолдануды жөн көреді. Өйткені ол тез, әрі уақытында таратылады. Онлайн хабар тарату, әсіресе, газеттің өміршеңдігіне кері әсерін тигізіп жатыр. Газетті сатып алғаннан гөрі электронды нұсқасын оқи салуды жөн көреді. «Тегін дүниеге ақы төлеудің не қажета бар?» деген ескі мәтелдегі идеология баспасөзге ауыр соққы болды. Бүгінгі таңдағы ең тиімді жол – теледидар мен компьютер алдында сүйікті хабарыңызды сарылып күтуді қажет етпейтін процесс. Қолыңыздағы мобайлды пайдаланып кез келген уақытта, кез келген жерде соңғы оқиғалар мен шоуларды көруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, соңғы 5 жылдың статистикасына қарасақ, әлеуметтік желіден жаңалық оқу трендке айналып, бірнеше есеге пайызы артқан. Айта кетерлігі әлеуметтік желі арқылы ақпаратты тек репортерлер ғана емес, көп жағдайда әуесқой адамдар береді. Сонда да ғаламтордағы ақпарат ағыны – журналистің зор мүмкіндігі. Тіпті кейбір кезде тілшілер мен жүргізушілер бір орында отырып, сюжет жасап шығуына болады. Бірақ бұл көп жағдайда бола бермейді. Ал дағдарыс орнап, түрлі кедергілер болғанда керісінше дәстүрлі медианың көмегіне жүгінеміз. Осы орайда нағыз журналистерге ақпаратты анықтап, оны зерделеп беруге де болады. Бұл үлкен артықшылық. 

«Медиа» терминін жеке қарастырғанда екі мәселені ұмытпауымыз керек. Оның ең алғашқысы – аудиторияның әртүрлі деңгейде болуы. Мысалы, жынысы мен нәсілі,  түрлі факторларға сәкестігі және т.б Екіншісі – медианың өз ішінде формалардың көп боулы. Яғни, конвергенцияның дамуын айтамыз. Конвергенция  - әртүрлі саланы қамти отыратын термин. Журналистің жан-жақтылығы мен қайбір сала болмасын оның мән-мазмұнын ұғынуын айтамыз. Мұқтаж адамдарға филантроптық көмек көрсетуге дайын адамдармен қарым-қатынас жасап, сапалы журналистиканы дүниеге әкелді. Сапалы журналистикаға бақуатты байлар ғана емес, қарапайым адамдар да көмектесуде. Бұл бағытта Ютуб желілері мен өзге сайттар және блогтарда контенттер  құрылып, жаңа медианың дамуын күшейтуде. Дегенмен жаңа медианың тарихи журналистикадан айырмашылығы - ашық сын айтуға шеберлігі бар, батыл мамандардың болуында. Журналист ақпаратты сілтеме беру арқылы ашық көзқарастарды жеткізе алады. Бұрынғыдай емес, қазір көрерменнің қаншалықты білімді әрі көзі ашық екендігін анықтай алады. Мысалы, Қытай мен Үндістан, Ресей мен Жапонияда мерзімді баспасөздің саны көбейсе, Европада керісінше, онлайн платформаны жүйелі пайдаланып отыр. Олардың ойынша, бұл – болашақ. Цифрландырудың ең алғашқы кезеңі ретінде қарайды. Әлемнің қай бұрышында болмасын дәстүрлі медиа мен жаңа медиа қатар келеді. Мұндай тепе-теңдіктің болғаны да дұрыс шығар. Себебі барлығы бірдей заманауи трендтерге өтіп кетсе, мұның да пайдасы шамалы болар еді. Адамдар жазу-сызудан қалып, кітап пен газет оқуды ұмытып кетер еді. Баспасөздің жаңа дәуірінде интернет журналисткиа қарқынды дамып келеді. Заманауи журналистердің жеке ықпалын жүргізуге мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік әлемді, тұтас континетті қамти алады. Интернеттің де күші сол. Басқа бірде-бір БАҚ құралы интернет секілді барша әлемді жаулап ала алмайды. Мысалы, Қазақстанның газетін Өзбекстан оқымайды, Ресейдің радиосын Еуропа тыңдамайтын болса ақталуға құқық бар. 

Ал интернет сайттарды тілден тілге аударып, кез келген адам смартфонынан оқи береді. Гугл, Яндекс, Опера, Ютуб, Твиттер, Фейсбук, Инстаграм секілді желілердің бірі болмаса бірін пайдаланбайтын адам жоқ шығар. Тәптіштеп түсіндіргеніміз осы.  Медиа журналистиканың тағы бір ерекшелігі – ол біреудің инфестициясына тіпті тәуелді емес. Мүлде тәуелді емес деп те айта алмаймыз. Дегенмен әрбір материалдың қаралымы мен жинаған ұпайы (лайк) үшін қаражат тауып, өз-өзін қамтамасыз ете алады. Қазіргі БАҚ-тың жаңа формасы – динамикалық диалогқа жүргізілген[4,42 б.]. Ол не десеңіз, тілші халықпен тікелей байланысқа шығады. Оның пікірін дәл тікелей эфир уақытында біліп, желідегі әр материалдың астындағы коментарийлерден біле алады. Осыған сай, күнделікті жіберген қателігі мен көрерменнен түскен өтініштерді қабылдап отырады. Алайда, бұл журналистер үшін бұл тиімді ме? Көп жағдайда әлдеқайда тиімдірек. Себебі журналист – қоғам көзімен нағыз идеал болуы керек. Жаңа ғасырымызда әлемдік цифрландыруға сай толық жасақталған интернет әлемі таралымы мен тағылымы көп платформаға айналды. Мұның да жаман жақтары болғанымен, сапалы контенттер олармен күресіп келеді. Заманымыздың бүкіл болмысын қолыңыздағы айнадай ғана сматрфоннан көріп отурдың өзі – ғасырдың жаңалығы, қызығы. Әсіресе БАҚ дамуында орасан зор рөл атқарып, жаңа сатыларға бітірндер шығып келеді. Коммуникация құралдары ғасырлар бойы қарыштап дамып, бұдан зор интернет жылдамдығымен ақпарат тарату мүміндігі туғалы тұр.  Он бесінші ғасырда кітапты, он алтыншы ғасырда газетті, он жетті ғасырда журналға қолымыз жетті. Одан бері келе жиырмасыншы ғасырда радио мен телевизияның біржолата ғаламды бағындырғаны да толқыныс тудырды. Ендігі кезекті жиырма бірінші ғасырдың өзі Интернетті сыйға тартты. Бұл үдерісті Қазақстанға кеш келмеді. Уақытында, заманның талабына сай сәтте келді. Бұл оқиға еліміздің журналисткиасының өнімділігі мен пәрменділігін арттырып, медианың сан қырын үйретті.  Қолда бар алтынның қадірін біліп, оны қарай дамытсақ, дамыған  елдердің журналистикасынан қалыспайтын түріміз бар. Сонау көне түркі жазуларынан бастау алған, заман көшінен бір қалмай келе жатқан еліміздің өскелең ұрпағы қазақ журналистикасын әлі де дамытатынына сенемін. Қазақтың ғаламтор журналистикасы егемендіктің еңселі жылдарында, яғни, 1995 жылдан қалыптасып келеді.  10 жыл ішінде отандық интернет желісі –  Қазnet-тің үлкен бір бөлігіне айналды десек, қателеспеспіз. Бұл біздің – жеңісіміз бен абыройымыздың асқақтауы.  Қазnet-тің жанданып, оның жаңа арналары ашыла түсті. Дәстүрлі арнадан заманауи мәтін жазу ісіне кірісті. Қазақтілді контенттер көбейіп, аудиовизуалды хабарлар кеңінен таратыла бастады. Ғаламтор ақпарат ағынының тиегін ағыта отырып, ғаламдық кеңістіктің сан қилы салаларын қамтыды.  Жаңа медиа жиырмасыншы ғасырдың ширегінде фильмдер, сурет пен музыка, ауызекі және жазбаша тілдің басын біріктірді. Мәдениет пен өркениеттіліктің басын біріктіріп сауатты сапалы контенттерді тудырды. Жаңа медианың бір жақсы қыры – әлемнің кез келген нүктесінен тұрып тілшілеріміз тікелей эфир арқылы шынайылықты жеткізе білді. Оның тағы бір артықшылығы – мұрағатта еркін сақталып оны кез келген уақытта әрбір адамның көруіне боалтын еді. Сондай-ақ интернет журналистиканың арқасында  ақпаратты тура сол күйінде ешбір түзетусіз беру  еркіндігі де берілді. Әсіресе бұл тұрғыда ютуб желісіндегі түрлі контенттерді алар болсақ, оларды сөз бостандығы мен сатира кеңінен қолданылады. Мысалы елімізде қазақ интернеті тағы бір сайтпен толықты. Ол – дана Абайдың құрметіне ашылған портал.  Бұл порталдың ееркшелігі – ұлы Абайдың шығармашылығы мен тың зерттеулер, зерттеуші ғалымдардың еңбектері жарияланған. Порталдан Абайға қатысты, Абайды танымы мен өсиетін өз бойына сіңіргісі келетін әрбір азаматқа қолайлы метарилдар табуға болады. Ғалымның өзі өлсе, хаты өлмейтіні хақ. Екіншісі baq.kz –ана тіліміздегі интернет сайты. Порталдың мақсаты мынадай: ғалмтордағы ана тіліміздегі басылымдардың басын біріктіру. Бұл сайтта еліміздің түрлі абсылымдары өз өнімдерін жариялай алады. Олардың қатарында: Алаштың айнасы, Айқын газеті, Алматы ақшамы, Жас алаш, Жас қазақ, Жетісу, Қазақстаны заманы, Замана, Ақиқат, Алаш, Жалын, Мөлдір бұлақ, Мұқағали, Үркер және т.б жалпы саны  жиырма тоғыз газет пен алты журнал кіреді. Үшіншісі «Дауа қамшы» –«Qamshy» сайтының ең бірінші қосымшасы. Ең бастысы Қытай медицинасын қазақтың амандығы үшін пайдалануды көздейді. Әлгі сайтта не керектің бәрі бар. Бұл порталдың мақсаты – еліміздің дамыған елдеріндей болуына әрі өркениетті мәдениетті елге айналуын қамтамасыз ету. Одан қала берсе, ғаламның медицина орталықтарымен тығыз қарым-қатынас жасауды да қолға алып отыр. Төртіншісі –ult.kz – «Ұлт порталы. Нейтралды түрде, биліктің де, оппозициялық топтардың да кемшіліктерін айтып, бетіне басып отырады. Қазақтың дамыған елдердегідей демократиялық жүйеде болуын қолдайды. Оның міндеті – алаш халқын сауатты, өзіне сенімді, өз халқы үшін дес бермейтін, білімді азаматтар қатарына қосу. Бесіншісі – zhanaoi.kz , «Жаңа-ой Орталығы». Қазіргі таңдағы цифрландыру үрдісін жүргізіп отырған сайттардың бірі және бірегейі. Заманауи технологияны алға тартып, қоғамның айшықты мәселелерін көрсету. Ғаламтордың ғаламат күшін пайдаланып, елдің жиырмасыншы ғасырдың жаңалықтары мен қызықтарын білсе деген мақсаттары бар. Абай айтқан сөздерді жиі еске салып, бүгінгі күнмен астастыратын материалдары да көп. Жалпы халықтың ізгі өмір сүруін өздеріне міндет санайды. Тағы да бір бажайлап қарар болсақ, екі мың он екі- екі мың он үшінші жылдары шыққан мынадай сайттарға тоқталмауға сірә болмас. Кейінгі уақытта қазақша сайттар арасында тақырыптық сайттар көбейе бастады. Бұл да деңгейдің өскенін білдіреді.