«Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» конкурсы
29.01.2016 3086
Конкурстың мақсаты мен міндеттері – мемлекетіміздің маңызды тарихи оқиғалары мен тұлғаларын көркемдік-бейнелік көріністерді зерделеу және оларды беру тәсілдері арқылы патриоттық тәрбиеге ықпал ету

2016 жылдың 2 ақпанында сағат 11.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында тарихи жанрдағы бейнелеу өнері туындыларына «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық конкурсының жариялануына байланысты баспасөз конференциясы өтеді. Конкурс еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы құндылықтарының контексінде біртұтас мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталған. 

Тарихшылармен және ғалымдармен, жазушылармен және философтармен қатар суретшілер де тарихтың, рухани мәдениеттің, ұлт пен ел өмірінің шежірешілері іспеттес. Шебердің тарих тереңіне шын ықыласымен терең көз тастауы, сол кезден-ақ ғылыми қоғамның игілігі болған, қалың көпшілікке аса мәлім емес тарихи әңгімелердің (сюжеттердің), тақырыптар мен тұлғалардың мәнін ашып, көркемдеп бейнелеу оларды халықтың ұғымына түсінікті, белгілі және ұғынуына жеңіл етуге септігін тигізеді. Өйткені, кейде нағыз әділ әрі терең жазылған ғылыми трактатқа қарағанда көрнекті көркем шығарманың атқаратын ролі қомақтырақ болатыны рас. Кез келген тақырыптың көркемдік-бейнелік көрініс табуы қашан да патриоттық тәрбие беру ісінде, өз еліне, тарихы мен мәдениетіне мақтаныш пен сүйіспеншілік тудыруда мәні зор және қызу қолдау табады. Әсіресе, егер ол хас шебердің қолынан шыққан дүние болса. 

Суретшілерге Қазақстан мәдениеті мен Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихына өзінің жеке салмақты үлесін қосуына және өнердің жетекші жанрлары кескіндеме мен мүсіннің қанат жаюына ықпалын тигізуіне, келер ұрпаққа еліміздің басты көркемдік ордасында мәңгілік сақталатын, көрнекті туынды қалдыруына зор мүмкіндік туып отыр.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері: мемлекетіміздің маңызды тарихи оқиғалары мен тұлғаларын көркемдік-бейнелік көріністерді зерделеу және оларды беру тәсілдері арқылы патриоттық тәрбиеге ықпал ету. Суретшілер арасында бәсеке тудырып, бейнелеу өнері шеберлерінің кәсіби көркемдік деңгейін көтеріп, жетілдіру. Әлем өнері тарихындағы маңызды жанрлардың бірі тарихи жанрдың одан әрі дамуына қозғау салу. Мұражай коллекциясын Қазақстан халқы тарихының беттерін жаңаша ашатын қондырғылы көркем туындылармен толықтыру міндетінің де маңызы аз емес. 

Конкурс шартымен баспасөз конференциясында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының директоры, профессор Г.К. Шалабева таныстырады, сондай-ақ Ә. Қастеев атындағы мұражайдың сайты мен әлеуметтік сайттарында жарияланатын болады. Конкурс 2016 ж. 15 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының залдарында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмемен аяқталады.