Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен өткен семинар
13.11.2015 2177
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған. Бұл тәуелсіз еліміздің жаңа тарихы басталған күн

Елорда төріндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының кітапханасында тәуелсіздік туралы Декларацияның қабылданғанына 25 жыл толуына орай Назарбаев зияткерлік мектептерінің мұғалімдерімен кездесу-семинар өтті, - деп хабарлайды «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының кітапханасы» ММ Жұртшылықпен байланыс қызметі.

Кездесу семинардың мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуындағы және Қазақстан Республикасын әлем қауымдастығының мойындауындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін, еліміздің тәуелсіздігін нығайтудағы сан қырлы қызметін, жасампаздық және шығармашылық идеяларын, мемлекетті дамытуға арналған «Қазақстан-2050 стратегиясын», «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға 100 нақты қадамын» келешек ұрпаққа насихаттауды жүзеге асыру. 

Кезекті семинарға Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен басшылық құрамы, өзге мектептердің ұстаздары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Кездесу-семинарының модераторы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының кітапханасы директорының орынбасары, саясаттану ғылымдарының докторы Жапсарбай Қуанышев. Саясаткер өз сөзінде: "1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған. Бұл тәуелсіз еліміздің жаңа тарихы басталған күн",-деп атап өтті. Сонымен бірге, Елбасының бүгінгі таңда іске асырылып жатқан стратегиялық идеялары мен бағдарламаларының өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастау алып, жүйелі түрде дамытылып, нақты іске асырылып келе жатқандығына семинарға қатысушылардың көңілін аударды.

 «Қазақстан 2050» стратегиясы тақырыбында және «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға 100 нақты қадам» тақырыбында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, заң ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Тлепина дәріс оқыды. 

Кездесу-семинары Кітапхана қызметінің аға сарапшысы — Бибігүл Бекенбаеваның «Елбасы еңбектері» тақырыбында баяндама жасауымен жалғасты. Семинар барысында қатысушылар Экспозиция-көрме жұмысымен және интерактивті 6 үстел контенттерімен танысты. 

Практикалық бөлімін Ұйымдастыру-имидждік жұмысы қызметінің жетекші сарапшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент — Күнсұлу Исинова жүргізді. Кездесу-семинарына келген Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары кездесу-семинарды ұйымдастырушыларға ризалығын білдірді.