13 наурызда қазақтың ұлы композиторы Мұқан Төлебаетың туғанына 102 жыл толды. Оның қысқа да жарқын өмірі аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шықты.
КСРО-ның халық әртісі, көрнекті композитор, қазақ музыка мәдениетінің классигінің шын аты — Мұхамедсәлі Төлебаев. Бірақ туыстары мен замандастары оны Мұқан деп атаған еді. Осылай оны Мұқан деп атап кетті. Ол 1913 жылғы 13 наурызда Алматы облысы Бөрлітөбе ауданында дүниеге келген.
Музыкалық балалық шағы
Мұқанға дарын анасының ақ сүтімен таралған еді. Анасы көп балалы отбасынан шыққан. Оның отбасында шығармашылық дәстүрлер басым болды. Әкесі халық музыкасын жақсы білетін адам болған еді. Мұқанның анасы Тәжібала ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегінде танылған адам болды. Ағасы Апырбай осы кезде белгілі ақын әрі күйші болып, 6-жасар Мұқанға домбыра тартуды үйретіп, оны әртүрлі тойларға өзімен бірге алып келетін болды. Әрине, осының барлығы Мұқанның өмірі мен болашақ мамандығын таңдауға әсер етті.
Мұқан мектепте оқығанда, өлеңдер мен әуендер жазды. Ол ауылда бастапқы білім алып, ауыл кеңесінде жұмыс істеді. Кейін Қапал педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Бірақ та үшінші курс студенті болып жүрген кезінде, әкесі қайтыс болды. Мұқан отбасының тұңғышы болғандықтан, өз үйіне қайтып келеді. Бухгалтер-есепші болып жұмыс істеп, айтыстар мен концерттерге атсалысып жүрді.
Өнертану ғылымдарының докторы Нұрғиян Кетегенова Мұқан Төлебаевтың шығармашылығын зерттеп, өзінің «Славный сын песенного народа» деген кітабында композитордың сол кездегі дарындылығы көпшілік көзіне түскен, деп жазады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, бір кезде Мұқан үйлену тойына шақырылады... Бір бай адам Төлеу деген сұлу қызды тоқал ретінде алмақшы болды. Төлеудың әкесі осы жасы үлкен ер адамға қарыз болды. Сөз кезегі Мұқанға берілді, осы уақытта ол домбыраны қолына алып, «Жар-жарды» орындай бастады. Дәстүрлі әніндегі әшкерелеуші сөздеріне толы болған еді. Мұқан болашақ келіннің ағасына қарай отырып, жас Төлеудің ащы тағдарының арқасында отбасының материалдық жағдайын түзетемін деген ниетін бетіне тура айтты. Мұқан ән салып болғанда, Төлеу жылай бастайды. Болашақ келіннің жылағанынан анасы мен әпкесі қосылған еді. Осылай, үйлену тойы өтпей қалды. Жұрт өз үйлеріне тарап кете барды...
Мәскеудегі оқуы
1936 жылы аудан орталығында көркем өнерпаз байқауы өтті және ең мықты қатысушылар Алма-Аты қаласына жіберілді. Осы жылдың тамыз айында дарынды жігіт П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясына қабылданды. Осылай, 23-жасар жас жігіт кәсіби білім ала бастады. Ноталық белгілермен танысып, жеке ән салу кафедрасында оқып жатты. Оқу жылдарында Мұқан Төлебаевтың музыкалық талғамы қалыптасты. Жерлес-курстастарымен бірге Ресейдің Үлкен театрындағы қойылымдар мен симфоникалық, камералық музыканың концерттеріне барып келді. Осындай қойылымдар «Біржан — Сара» операсының болашақ авторының кәсіби шеберліктерінің өсуіне септігін тигізетіндігіне еш күмәніміз жоқ.
Мұқан өкпе ауруын жұқтырып, созылмалы ауырып жүргендіктен, вокалдық бөлімнен композиторлық бөлімге ауысады. Мұнда фортепианоны меңгереді. Осы жылы Төлебаев өзінің «Кешкі көк» романсын жазады. Мұқан Төлебаев осы романсты З. Ильясовтың шығармасының негізінде жазды. Айта кету керек, әнмен салыстырғанда, романстың формасы мен фактурасы күрделі.
Ұлы Отан соғысы басталды
1941 жылдың жазында Мұқан Төлебаев бес жыл оқып болған соң, консерваторияның негізгі курсына оқуға түспекші болған. Алайда Ұлы Отан соғысы басталды. Басқа студенттер сияқты ол да майданға бармақшы болды, бірақ денсаулығы нашарлап кетті. Кейде тіпті сабаққа да бармайтын болды, сондықтан әскерге жарамайды екен. Алма-Аты қаласына қайта келіп, отансүйгіштік тақырыбында «Соқ, барабан!», «Қанатым», «Жорық», «Жеңіске» әндерін жазады. 1942 жылы «Таня туралы ән» жазады, бұл ән Зоя Космодемьянскаяға арналады. Аталмыш ән соғыс туралы жазылған Республикалық музыкалық шығармалардың байқауында бірінші премияны алды. Кейін К. Симоновтың «Жди меня» өлеңінің әсерімен «Тос мені, тос» әнін жазады. Ал «Кестелі орамал» әнін Е.Петербургсийдің «Синий платок» әнінің әсерімен жазды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтын рухын көтеру үшін тарихи және патриоттық өлеңдер қажет болды. Алғашқы ұлттық композиторлар Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди «Абай», «Төлеген Тоқтаров» операларын жазады, ал Евгений Брусиловский Мұқан Төлебаевпен бірлесіп, «Амангелді» операсын жазады. Осы опера композиторларды жақындатты. Осылай, олардың шығармашылық жұмысының арқасында Қазақстан Республикасының Әнұраны жазылды, ол 60 жылдан астам ҚР Әнұраны болып саналған.
Керемет жетістік
Мұқан Төлебаев «Амангельді» операсын жаза отырып, ХIХ ғасырдың композиторы, қазақ ақыны Біржан сал мен ақын Сара Тастанбекқызының айтысының негізінде «Біржан — Сара» операсын жаза бастайды екен. Төлебаев өзінің «Біржан -Сара» операсын орыс пен батыс еуропалық классикалық опералардың негізінде жазды, осының арқасында ұлттық опера өнері жаңа кәсіптік деңгейге көтерілген.
1946 жылдың 7 қарашасында Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында операның тұсаукесері болып өтті. Е.Брусиловскийдің естеліктерінде: «Бұл қазақ музыкалық театрының мерекесі болды. Қазақ тыңдарман қауымы «Біржан — Сараны» алғыспен қабылдады. Әрбір спектакль табысты өтті. Кеше ешкімге белгісіз болған Мұқан Төлебаев енді белгілі тұлға атанды»-де жазылған. Басты рөлдерді ең алғаш болып сомдаған — Анвар Үмбетаев, Күләш Бәйсейітова. Екеуі де көпшілікке танымал әнші болған. Театрдағы көрермендер сахналық көріністерге тамсана қарап отыратын. Әрине, фотосуретте операның қазіргі қойылымы бейнеленген, бірақ Күләш Бәйсейітованың естеліктеріне қарағанда, ол сахнаға салт атпен шыға берген еді...
1958 жылы «Біржан — Сара» операсына Мәскеудегі Үлкен театрының көрермендері ду қол шапалақтап тұрды. Бұл Мұқан Төлебаевдың жұлдызды сәті болған еді. Композитор «КСРО-ның халық әртісі» деген жоғары атаққа ие болды.
Мінсіздікке ұмтылыс
1947 жылы Мұқан өзінің танымалдығы мен денсаулық ауруларына қарамастан Мәскеуге келіп, консерваторияға оқуға түседі. 34 жасында ол қайтадан студент болып атанды. Ол білімге құштар болып, өзінің шеберлігін жетілдіреді. Төлебаевтың опералық жұмысының екінші редакциясы үшін Сталин сыйлығына ие болды.
39-жасар Мұқан Төлебаевтың өмірінде бәрі болған: жоғары деңгейдегі білім, халық ықыласы мен құрметіне бөлінген, Сталин сыйлығы, бақытты отбасы. Оның әйелі Дариға Ғазизқызы айтқандай, Төлебаев жақсы киініп, эстет болған еді. Оның киімдері әруақытта таза болды. Гардеробтағы жібек жейделер мен шарфтар, твид матасынан тігілген пенжак, костюмдер, галстуктар, қолғаптар, бас киімдер арасында —шляпаларды киіп жүрген еді. Ол уәдеге тұрғыш болып, бәрін дер кезінде істеді. Өзі ұқыпты болып, басқалардан-да жұмысты дер кезінде атқаруды талап еткен. ..
50-ші жылдарында композитор шығармашылық пен қоғамдық жұмысын бір кезде атқарып жүреді. КСРО композиторлар одағының төрағасы болып тағайындалып, Абай атындағы опера және балет театрының директоры болып жұмыс істейді. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты екі рет сайланады.
Осылай, Мұқан Төлебаев жиырма жыл бойы ерінбей еңбек еткен. Мұқан Төлебаев өзінен кейін бай мұраны қалдырған. Мұрасы барлық музыкалық жанрларға қатысты болды. Ол қазақ музыкалық мәдениетін жаңа сатыға көтерді.
Қазақ КСР және КСРО-ның халық әртісі Ғазиза Жұбанова аталмыш композитордың жолын қуған. Ғазиза былай деп айтады: «Біржан —Сара» операсы — композитордың ұлы еңбегі. Жылдар, ғасырлар өтіп кетеді, ал осы өшпес шығарманың еліктіріп әкететін дауысы болашақ ұрпақтардың тыңдаушыларын өзіне тартады. Оның есімі Әлемдегі ұлы музыканттардың қатарында тұр».
1959 жылы Мұқан өзінді бірден тым нашар сезініп кетті. Жұбайымен бірге Бурабай шипажайына барады, мұндағы ауа шипалы екен... Өкінішке орай, 1960 жылы композитор осы дүниеден озды.
Көп жыл бұрын көрнекті қазақ композиторы осы дүниеден озды, ал оның шығармашылығы — халық жүрегінде. Мұқан Төлебаевтың шығармалары әлемнің үздік сахналарында қойылып келеді.
Музыкатанушы, Қазақстан Республикасының композиторлар одағының мүшесі,
Болат Ахмедиұлы Мұстафиннің материалдары негізінде дайындалған.
Сонымен бірге, деректі фильмдерді көре отырыңыздар:
Мұқан Төлебаев (1 бөлім)
Мұқан Төлебаев (2 бөлім)