Қазақ әйелі – отбасы дәстүрін сақтаушы
19.02.2015 3422
Еліміздің бай және қайталанбас мәдениет жайында бүкіл әлемнің ғалымдары көне заманнан бері жазып келеді… Бүгінгі таңда шетелдік зерттеушілерді Қазақстанның қай кезеңі қызықтыруда?

Тарих ғылымдарының кандидаты, Ресей Академиясының Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейіндегі Орталық Азия бөлімінің аға ғылыми қызметкері Инга Владимирқызы Стасевич қазақ қоғамындағы әйелдің мәртебесін зерттеп келеді.

— Инга Владимирқызы, қазақ қоғамындағы әйелдің мәртебесін қашаннан бері зерттеп келе жатырсыз? Осы тақырып сізді несімен қызықтырады?

— 1998 жылғы Қазақстанға алғашқы сапарымнан бері мені қызықтырған және қазіргі уақытқа дейін қызықтыра беретін негізгі тақырып — қазақ халқының салт-дәстүрлері және заманауи, осыншама тез өзгерілетін әлемдегі оларды сақтау мен бейімдеу механизмдері. Қазақ мәдениетімен танысқан сайын, адамдар мені одан да көп өз қонақжайлылығымен, ашықтығымен, дәстүрлердің мызғымастығымен, аға ұрпаққа құрметімен таңқалдыра берген.


Инга Стасевич қазақ отбасында қонақта

Этнографиялық экспедицияның өзгешілігі — адамдармен үнемі қатынасу. Әртүрлі білімі бар, отбасы мен жалпы қоғам ішіндегі әртүрлі мәртебелерге ие болатын әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдерден сұхбат алуға мәжбүр болып отырмыз.

Үйге кіргенде, әсіресе егер жұмыс уақыты болса, онда барлық ерлер қызметте жүр не өз шаруашылығын істер жатыр, сонда сізді қарсы алуға отбасының әйелдері шығады. Бұл жасы үлкен әйел, үй иесінің анасы не әйелі, жас келін-де бола алады, үй шаруашылығынан босап, өз өмірі және оның осы отбасыға қалай түскені, үйлену тойы қалай өткені, отбасы мүшелерімен қарым-қатынастары қалыптасқаны жайлы әңгімелесуге қарсы емес болады.


10 жылдан артық уақытта қазақ қоғамындағы әйелдің мәртебесін зерттеп келе жатырмын. Қазақ әйелдері ғажайып! Жиі оларда керемет білім болады, бірақ сонымен бірге, жұмыс істеп, өз отбасына және-де алғашқы кезекте балалардың тәрбиеленуіне уақыт табады. Дәл осы әйелдер мінездеріндегі дәстүрлі мінез-құлық ережелеріне құрмет және қазіргі өмірдің ағымынан қалмау деген ықыласты, отбасылық дәстүрлерді, қазақ этносының құндылық бағдарларын сақтайды.

— Қазақ әйеліне отбасы мен қоғамда ұлттық дәстүрлер бойынша қандай орын берілген?

— Ұлттық дәстүрлер бойынша қазақ әйелі алғашқы кезекте ана болады, оның негізгі тағдыры — балалар табу, оларды тәрбиелеу, бірақ осыдан басқа, өз күйеуінің барлық мейірімді бастамаларын қолдауға тиісті болып, отбасыдағы бірлік пен тыныштықты сақтауға тиіс. Отбасыдан артық құндылық бар ма? Қазақ қоғамы үшін отбасы, тұқым ең бірінші құндылықтар болады, оларды «микрокосмос» деп атауға болады, бұл — тұрақтылық пен ырыстың кепілі.

— Әйелдің жасы өскен сайын оның әлеуметік мәртебе өзгереді деп байқалауға болатын шығар. Қазақ әйелдерінің өміріндегі қандай кезеңдер ең айтулы болған? Қандай салттар әйелдің бір әлеуметтік-жастық топтан екінші топқа ауысуын көрсететін болды?

— Өмір бойы әйел бірнеше әлеуметтік рөлін атқарады, кейде тіпті бер мезгілде. Әйел — әрі ана, әрі апа, әрі қызы… Белгілі бір жасқа келгенде ол келесі жастық-жыныстық топқа өтеді, отбасы мүшелеріне, айналасындағы адамдарға қарай оның құқықтары мен міндеттері өзгереді, айналадағылар да осы әйелге өз көзқарасын өзгереді.


Әйел өміріндегі ең айтулы кезеңдерді бөліп көрсету қиын болады. Әр саты маңызды болады. Бірақ, егер қазақ мәдениетіндегі әйелдің рөлі жайлы түсінікке сүйеніп отырсақ, онда үйлену тойы мен баланың дүниеге келуі кез-келген әйелдің өмірінде ең маңызды сәттері болады. Дәстүрлер бойыша қыздың қадірлі мінез-құлқын қалыптастырып, қазіргі уақытта да қыз отбасының мәртебесін көрсететін қалындығын дайындап, оны балалық шағынан бастап зайыптылыққа дайындаған. Ал тұңғыш перзентті дүниеге алып келу әр кезде жас келіннің сансыз ұрпақтың анасы бола алатын қабілеті ретінде бағаланған. Тұқымның өмірін жалғастырудің кепілі осындай сансыз ұрпақ болған.

Келесі жастық-жыныстық топқа әрбір ауысу ерекше салтпен белгіленген. Осындай салттарды зерттеушілер өміршеңдік кезеңнің салттары деп атайды. Осы атауда дәстүрлі тәсілдеменің барлық өзгешелігі қысқа көрсетілген: адам өміріндегі әрбір сатысын бабалардың дәстүрлері мен, аға буынның ізгі тіліктерімен құрметтеу қажет.

— Оқырмандарымыздың әрбіріне қазақ әйелдерінің шабандоз әйелдер болғаны және ұрыс даласында ерлерден кем емес соғысқаны белгілі болады. Әйелдің қөңілін ерлер өзіне қалай қаратып алған және ықыласына бөлінген екен?

— Иә, шынымен-де, балалық шағынан бері қызды ер-тоқымда отыру мен өзін-өзі еркін ұстап сөйлесу, күшті мен епті болуға үйреткен. Қыз өзінді қорғай алып, жарыстарда дене төзімділігін, ал жігіттермен сазды-сөйлеу байқауларда тапқырлықты көрсетуге мәжбүр болған. Қыздар ұл балалармен бірге бәйгеге қатысып, қыз қуу деген ат жарыстың негізгі қатысушылары болған. Бойжеткендер аушы құстармен, аңшылық жасаған, ал 14–15 жасында асау жылқыны қолға үйреткен.

Ауызекі тарих ерлерге қарсы шығып қорықпаған белгілі батыр қыздар жайлы, аңызға айналған әңгімелер бізге жеткізген. Әйелдер арасында байқаулар көрермендердің ермегі үшін емес өткізілген, олардың маңыздылығы кішкене төменірек болса да, бірақ кейде ерлержекпе-жектерінен гөрі драмалық болған.

Ауыз халық шығармашылығының туындылары жауынгер қыздардың бейнелерін бізге дейін жеткізген — керемет шабандоздар, қаруларды жақсы пайдаланған, керек болса, өз отбасы мен өзінді қорғап білген, жаулармен ұрысқа қатысып, оны жеңіспен аяқтай алған. Осындай қызға үйлену оңай емес болған — күйеу қарсыластармен жарыстарға — бәйге, садақпен ату, күреске қатысып, келінге деген өз құқығын дәлелдеуге тиісті болған. Өте жиі келіннің өзі-де болашақ күйеумен күрескен, қызды жеңу  —  әрбір ердің қолынан келе бермейтін шаруа. Бірақ жеңімпазды марапат күткен — күйеуге шығып, қыздар өз күйеулерінің адал мен сенімді жарлары, дана кеңесшілер мен нәзік аналар болған.

Өкінішке орай, этнографиялық шындық аңызға айналған батыр қыздар сияқты жауынгер әйелдерді білмейді, бірақ «амазондықтың» жаңғырықтары дәстүрлі костюмдерден, қазақ әйелдері мен қыздарының міне-құлықтарынан көруге болады.

— Қазақстанда көп рет болып, қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрлерін өз көзіңізбен көруге мүмкнідікке ие болдыңыз. Сіздің ойыңызша, салттардың қайсысы қазақ қоғамындағы әйелге деген жоғары құрметті ең толық түрде көрсетеді? Қазақ әйеліне тән қандай ұлттық сипаттарды атап кетесіз?

— Ана, әйел, апа, қыз ретінде қазақ әйеліне деген құрметті бүкіл қазақ мәдениеті өзіне сіңірген. Сондықтан да қазақ әйелінің абыройын түсіретін деген салт қазақ мәдениетінде бар ма деп сауал қою дұрыс болады.
Еуропалық адам үшін қыз алып қашу деген салт қазақ әйелінің құқықсыз жағдайын көрсететін квинтэссенция болып көрінеді. Бірақ қазақ дәстүрлері тұрғыдан алып қарағанда, бұл осылай бола ма?

Күрделі мен бір мағыналы емес мәселе. Қыздар өз үйлену тойларын әрқашан асыға күтеді. Басқалар халықтар сияқты, қазақтар да адам тағдыры алдын ала белгіленген деп сенеді. Екі адамның некесі тағдырмен алдын-ала белгіленген деп саналады, яғни олардың осы дүниеге келуіне деййін. Халықта былай деп айтады: «Өмірде үш нәрсені алдын-ала анықтауға болмайды: неке кіммен қиылады, болашақ баланың жынысы мен өлім уақыты». Әр кезде некесіздік айыпталған, бұл күнә үшін Құдайдың жазасы деп саналған. Бірақ әр қыз біледі: үйлену тойынан кейін әке-шешесінің үйінен жырақ кетіп, кейде жаңа отбасыға ондаған шақырым жерге көшіп баруға тура келеді. Жас қызға күйеуінің әке-шешесі мен туыстары қандай көзқараспен қарайды деп ешкімалдын-ала болжамдап айта алмайды. 

Олардың көңілін өзіне қаратып ала ма? Туған үйін, өз әке-шешелерінің қамқорлығын еске түсіріп жыламайды ма? Сондықтан да тағдыр деген тақырыбында әйелдер, әсіресе қыз алып қашу деген салт арқылы өз некелерін құрған әйелдер, жиі сөйлеседі. XX ғасыр қазақ әйелдеріне ресми мәлімденген көптеген құқықтарды берді, олар әйелдерге өмір салтын, мамандықты, жеке қызығушылықтарды таңдау жолында еркіндік береді, өз кезегінде әйелдің өзін-өзі бағалауын көтеруге көмектеседі, демек, қоғамдағы өз орнына берілетін бағаны көтереді. Бірақ қазіргі уақытқа дейін-де әйелдің дәстүрлі мінез-құлық ережелеріне сәйкестігі үлкен маңызға ие болады. Әйелге деген құрмет, оның отбасылық мәртебесі өте жиі осыған негізделеді. Қазақ әйелінің ұлттық мінезі туралы сөйлескенде әйелдердің өзі әйелдер бойындағы тәуелсіздік, бірақ өз үйі мен отбасына деген махаббат, өз күйеуінің туыстары мен өз күйеуіне деген құрмет, отбасына берілгендік, өз отанына деген сүйіспеншілік пен қазақ ұлттық этикетті балалардың бойына сіңіріп, оларды тәрбиелеу қабілеті сияқты қасиеттерді атап өтеді. Әйелдер көзқарасы тұрғысынан осы қасиеттер нағыз қазақ әйелінің адамгершілік бейнесін қалыптастырады.


Инна Кузьменко