Шағалалы қонысы: көне заманғы орманда орналасқан
13.02.2015 2514
Еліміздің бай және қайталанбас мәдениет жайында бүкіл әлемнің ғалымдары көне заманнан бері жазып келеді… Бүгінгі таңда шетелдік зерттеушілерді Қазақста

Жан Лука Бонора — PhD, археолог, антрополог, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетіндегі археология мен этнология кафедрасының арнай шақырылған дәріскері.

— Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз. Қазақстанда қашаннан бері тұрып келе жатырсыз?

— Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде Италиядан шақырылған дәріскер болып жұмыс істегеніме енді екі жыл болды. Орыс, ағылшын тілдерінде бірнеше пәндерден сабақ беремін, мысалы, «Ортаазиялық археология», «Археологиялық зерттеудің әдіснамасы», «Орталық және Орта Азиядағы тарихқа дейінгі археология», «Орталық және Орта Азияда тарихқа дейінгі кезеңдегі қалалану үдерісі». 2006 жылы Қазақстанға алғаш рет келдім, осы сәттен бері Қазақстандағы итальяндық археологиялық экспедицияның мүшесі болып жұмыс істей бастадым. 2007 жылы осы экспедицияның директоры болдым. Жаз сайын Еуразиялық даланы мекендеген тарихқа дейінгі қауымдарды зерттеу үшін бірнеше археологиялық экспедицияларды ұйымдастырдым. Орталық Қазақстанда (Жезқазған және Ұлытау), Сырдария сағасында (Қызылқұм шөлінде), Алматы қасында қазба жұмыстарын жүргіздім. Енді археолог Серғазы Қайырбекұлымен бірлесе отырып, қола дәуіріндегі Шағалалы II қонысын зерттеп жатырмын. Бұл қоныс Зерендіге жақын, шамамен Көкшетаудан оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан.

— Қазақстанға келуіңізге не түрткі болды?

— 2006 жылы Қазақстанға келуімнің басты себебі қазба жұмыстарына қатысуым, сонымен қатар, ортаазиялық археологияны зерттеу болды. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астанада тұрамын және жұмыс істеймін. Еуропада, соның ішінде Италияда, экономикалық дағдарыс болғандықтан, өз елімде сабақ беру және жұмыс істеуге мүмкіндігім болмады.

— Соңғы археологиялық зерттеуіңіз жайлы айтып берсеңіз.

— Соңғы үш жылдың ішінде Шағалалы II қоныс орнында жұмыс істеймін. ЕҰУ студенттерімен бірге Андрон мәдениетіне жататын малшылар қонысын тауып алу мүмкін болды. Ол шамамен б.з.д. II мыңжылдыққа жатады. Қоныс 20 жартылай жерасты үй және көне тұрғын үйлерді қоршаған шоқыларда орналасқан бірнеше қабірлерден тұрады. Осы елді мекеннің мәдени құндылығы өте жоғары. Ол дала тұрғындарының, оның ішінде б.з.д. II мыңжылдықта, Ақмола облысын мекендегендердің, гүлденген мен тұрақты саудасы, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан жер иелерімен мәдени байланыстарының бар болуын дәлелдейді.

— Зерттеулеріңіздің негізгі бағыттары қандай?
— Менің жұмысым бірнеше мақсатты көздейді. Антропологиялық параметрлерге сүйене отырып, өткенді жан-жақты, кешенді түрде зерттеуге тырысамын. Өткендегі адамның өмір сүруінің әрбір сәті көптеген идеологиялық аспектілер мен материалдық мүмкіндіктерге байланысты болды, осыны бүгін-де көріп отырмыз. Мысалы, материалдық мәдениетке, ресурстарға, қоршаған ортаны қорғауға, идеологияға, өмір салтына талдау жасамай, қауымның экономикасын зерттеу мүмкін емес. Соңғы зерттеулерді жүргізгенде, Шағалалы II қоныстанушыларының қандай қоршаған ортада тұрғандығы және ортаның қалай өзгергенін түсіну үшін топырақ үлгілерін жинай бастадық. Жайлырақ жағдайда өмір сүру үшін адамның ланшафт және қоршаған ортаға қалай әсер еткендігін анықтауға тырысамыз.

Осы археологиялық зерттеудің алғашқы нәтижелері көнеліктегі, ағаштар бүгінгі, ағаштармен салыстырғанда, биік болған деп көрсетеді. Бұл ашық кеңестіктердің — далалардың пайда болуы үшін адам ормандардың көп бөлігін жойғандығын білдіреді. Даладағы ең үлкен құндылық — шөп, ол жануарлар мен адамдардың түркіленуіне маңызды ресурс болды және болады. Орманды кесіп алу нәтижесінде алынған, ағаш тұрғын үй салу, еңбек құралдары және құрал-саймандарды жасап шығару үшін құрылыс материалдары ретінде пайдаланылған. Осындай заттар, соның ішінде, мал терісі, сүт өнімі және кепкен балық оңтүстік аймақтардағы қауымдармен сауда заттары болып, дәнді егістерге (бидай, арпа, т.б.) айырбасталған.

— Әңгімелесудің соңында қазақ мәдениеті мен дәстүрлерінде Сізге не ұнайды соны білсек деп едік.

— Көңілімді аулаған қазақ мәдениетінің құрамдас бөліктерінің бірі аспаздық болды. Осы туралы айтқанда, жергілікті өнімдердің пайдалануымен гастрономиялық өнер және тағамдарды әзірлеу техникасын есіме алдым. Бесбармақтың, қазы мен қуырдақтың дәмін тәттім, сонымен бірге, қымыз, шұбат пен айран бүкіл Қазақстанда сатылады. Маған осы тамақтар қатты ұнайды: өте дәмді мен құнарлы. Дала экспедициясы кезіндегі бесбармақтың дәмін тәтіп көру мен үшін рахат болып табылады. Қызық, осы тағам 1000, ал, бәлкім, 2000 жылдың ішінде өзгермеді. Барлық қазақстандықтардың міндеті — өз тамағын коммерциялау мен жаһанданудан сақтау деп санаймын.

Сұхбаттасқан Динара ТАУКЕБАЕВА