Жазушы қалай соғысты
10.02.2015 1821
Биыл жазушы, аты, аңызға айналған жауынгер, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл.

Бауыржан 1910 жылдың 24 желтоқсанында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ол 9 жылдық мектепті бітіріп, мұғалім, аудандық атқарушы комитеттің хатшысы, аудандық милиция бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

Қаржы органдарында да қызмет атқарған. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Алыс Шығыста әскери қызметін өтеген.1938 жылы Жапондық Квантун армиясына қарсы соғысқа да қатысқан.1939–1940 жылдары Украинада әскери қызметін өтеп, мұнда ол Карпатқа дейінгі жорыққа қатысқан. Соғыс басталғанда 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Дивизияны генерал-майор Панфилов басқарды.

Көзі тірісінде аты, аңызға айналған Панфиловшы, Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысқан, Бауыржан Момышұлы өз ерлігімен көзге түскен. Елен Әлімжан: «Оның даңқы 1941 жылдың қараша-желтоқсанындағы Мәскеу түбіндегі шайқастарда шықты. Сол кездің өзінде-ақ майдан газеттері, КСРО-ның орталық басылымдары, әсіресе, Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары өз батальонымен небір қиын тапсырмаларды орындаған алғы шеп командирінің таланты мен ерлігін жабыла жазып жатты… Майдан шебінде Бауыр¬жан Момышұлынан даңқы асқан батальон командирі болған жоқ», — дейді.


Фотосурет tengrinews.kz порталынан алынды


19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылы Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінде 27 рет сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам тас жолы бағытындағы шайқастар үшін генерал Панфилов, аға лейтенант Б.Момышұлыны Ленин орденімен марапатталды.

1942 жылы, аға лейтенант Момышұлы 19-шы полкты басқарып, Крюково қонысы үшін шайқаста19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И. И. Серебряков 1942 жылы тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Ал генерал Серебряков Бауыржанға Кеңес Одағының батыры атағын беруді үш рет сұраған. Бұның бәрі аяқсыз калады.

Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғарғы әскери академиясын бітіріп, сонда әскери педагогикалық қызметпен айналысты. Бірақ Момышұлыға «Кеңес Одағының батыры» атағы берілмеген. Тактика төңірегінде оның идеяларының батыл да жаңашыл болғандығына қарамастан, 1956 жылы гвардия полковнигі Момышұлы отставкаға жіберіледі. Бақытжан Момышұлының айтуынша, өкімет Бауыржан Момышұлын «қиын адам» деп қараған болатын. «Оны қиын адам деп қабылдады, сондықтан да марапаттар мен атақтарды еш бермеді. Бірақ күндеуден гөрі, оны аяғына дейін түсінбеді».

Бауыржан Момышұлының адал қызметі неге дұрыс бағаламаған деген сұраққа Елен Әлімжанов жауап іздеді: «Соғыс жағдайында Баукеңді ұлтшылсың деп ешкім жариялы түрде жазғырған жоқ. Өйткені, сол кездегі майдан мен тылда қалыптасқан жағдайдың тек шындығын айтқан Баукеңнің әрекетте¬рінде КСРО Конституциясы мен өзге заңдарына қайшы келетін дәнеңе-де жоқ еді. Мәскеулік билік есесіне үндемей жазғырды. Қайта-қайта ұсынса да Баукеңе Кеңес Одағының Батыры атағын бермеді. Басқа марапаттарға да сараңдық танытты» — деп жазды.

Бауржан Момышұлы өлімінен кейін ғана (сегіз жылдан кейін) Кеңес Одағының батыры атағын алды. Сол күні, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Баукең жұлдыз алған күн — қазақтың жұлдызы жанған күн» — деп айтқан еді.

Бауыржан Момышұлы туралы өте көп жазылған. Мақалалар, кітаптар, өлеңдер, бірақ Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер көпшілікке қызық көрінеді. Кездейсоқ таныстар, бұрынғы достар, отбасының мүшелері де Бауыржан мінезіне тән бір сипатты байқады — мінезінің күрделігі және қаталдығы. Оның ұлы Бақытжан өзінің кітап-естеліктерінде аты, аңызға айналған батырдың артында жасырынған мінез жайлы айтып берді.

«Иә, ол шорт мінезді болды, қатаң дауыспен сөйлеп, көптеген адамдар ренжіп қалатын. Өзінің бір беткейлігін әкем керек ден санаған жағдайларда қолданған, ал өзге жағдайларда өткір тілді әзілқой да бола алатын. Бір кезде оған Нәбиден деген біреу келді. Қонақ Алматы қаласында ешқандай таныстарым жоқ деп шағымданды, ал ол Жазушылар Одағына мүшелікке өткісі келді. Жалпы айтқанда, сіздің ұсынысыңыз керек деп жата-жабысты. Бауыржан: «Мен ешкімге ұсыныс бермеймін дегеніне қарамастан», Нәбиден жалынып болмады. Әкем Жазушылар одағының бірінші хатшысына келесі мазмұндағыдай хат жазып берді: «Мына, ақымақты Жазушылар одағына қабылда. Қабылдасаң, қатарларың тағы бір, ақымаққа көбейеді». Бұл жөнінде сіз не ойлайсыз? Нәбиден осы жазбаны қолына алып, одақтың осы кездегі бірінші хатшысы Әнуар Әлімжановқа барады. Ол оны оқып, әбден күлсе керек. Хатшылар алқасының келесі отырысында Нәбиден одақ мүшелігіне қабылданды.


Соғыс Бауыржанның мінезін шыңдады. Ол ешкімді еркіне жібермеді. Өзінің сүйікті ұлына да қатал болды.«Қандай әке болды? Қатаң. Мектеп жылдарында, яғни каникулда менiң сыныптастарым Қара теңізге, Мәскеу, Ленинград, Кеңес Одағының басқа қалаларына кетiп жатады. Ал менi пойызбен ауылға жiбередi. Маған үнемі риза емес болды. Бірнеше рет: «Саппен жүрер алаңдағы ефрейтор сені бетінен салып қалмағанына өкінемін». Оған қарағанда, мен шынында да зейінді емес болдым. Ол мені кейде ермексаз, балдыр адам деп атайтын… Меңінше, әскери адам болмағанына өкініп жүрді. Оның айтуынша, әскери киім адамды тәртіпке үйретеді.

Бауыржан Момышұлы ұлы Бақытжанмен

Бірақ оның қаталдығы тек қана сыртқа еді, ал шын мәнінде өте қамқор әке болды. Мені : үйді бағалауды, өз әйеліне мейірімді қарауды үйретті. Іштей қанша ренжісем де, болашағымды ойлап, жаз сайын мені ауылға жіберіп тұрды. Егер осындай бала кезімдегі сапарлар болмаса, мен қазақ тілін, салт-дәстүрлерін-де білмес едім. Ал мен, Құдайға шүкір,қазақы тектілігімді сақтадым».

Бақытжан Момышұлы ғана соғыстың қанды ізі бар әкесінің мінезін түсіне алған.
«Мен оның әр сөзінің астарлы мағынасы бар екенін түйсіндім, ал кейде тіпті бірнеше сөзді астарлы мағынада сөйлейтін. Бір кезде, соғысқа қатысқан әр адам жауынгер емес, әскери киім кигеннің әрбірі солдат емес дейтін. Мен мұны былай түсіндім: жауынгер — бұл жан күйі, өзге дүниетаным, отансүйгіштік сезім, қорғансыздарға деген аяныш сезімі. Осыған көптеген адамдар қарсылық білдірді: «Бауыржан Момышұлының мінезі тік, қырсық, тіпті дөрекі болған. Иә,иә, иә! Ол шынында да көптеген адамдарды өз үйінен айқайлап қуып жіберген. Бір кезде мен одан сұрадым: «Оларды не үшін жек көресің?». Ол мұңайып:«Мен жеке адамды емес, ал адам басындағы кемістіктерді жек көремін», - деді. Кейде оны болымсыз өтініштермен мазалайтын: зорлықшыны түрмеден шығарып бер, немесе ұнамсыз шенеунікті қызметінен алып таста» дейтін.

Батыр көзі тірісінде көптеген адамдармен кездесті. Онымен кездескен адамдардың айтуынша, Бауыржан Момышұлы өз отанының нағыз патриоты болды. «Аңыз-адам. Бірегей тұлға, мінезіндегі ерлігі мен жауынгерлік айбыны көп қырлы, жазушылық дарындылығы бар, әскери жағдайдың төтенше оқиғаларындағы солдаттық психологияны зерттеген, әскери қызметтің теоретигі… Ол нағыз жауынгер мен қаһарман болды. Бірақ, осыдан басқа, оған тәуелсіз пайымдаулар тән болған. Ол КСРО-ның азаматы мен жауынері ретінде, өз Республикасын, аталастарын сүйетін қазақ ретінде-де өз елінің патриоты болды»,- деп мемлекет қайраткері, публицист Михаил Исиналиев Бауыржан Момышұлы туралы естеліктерінде осылай еске алады.

Бауыржан Момышұлы соғысқа дейін әдебиетпен айналыса бастады. Оның ұлы Бақытжан жазғандай, отбасылық мұрағатта Бауыржан Момышұлының 40-шы, 30-шы, 20-шы жалдардағы дәптерлері сақталуда. Осы дәптердегі жазбалар «Волоколам шоссесі», «Артымызда — Мәскеу», «Бір түннің тарихы» кітаптарының негізіне енді.

1958 жылы Бауыржан Момышұлының жарық көрген «Артымызда — Мәскеу» романы жазушының атын шығарды. Кітап Мәскеуді қорғаған 28 Панфиловшылардың ерлігіне арналды. Ол майдан кеңестігінде көрген және өз басынан кешкен оқиғаларды роман беттеріне түсірген.

Бауыржан Момышұлы әскери ғылымның тарихына тактикалық маневрлер мен стратегиялардың авторы ретінде енген. Ол Басштабтың Жоғары академиясында әскери дайындық бойынша дәрістерді оқыды. Сонымен бірге, 1963 жылы Кубаға барғанда өз дәрістерін оқыды. Солдаттардың психологиясына жасалған талдау («Соғыс психологиясы») өте терең еңбек болып табылады. АҚШ, Куба, Израиль, Никарагуа мемлекеттеріндегі әскери оқу орындарыда Момышұлының әскери тәжірибесі бөлек зерттеледі. Ол Эрнесто Че Гевара үшін кумир болды, ал «Волоколам шоссесі» Фидель Кастроның ең сүйікті кітаптарының бірі болды.

Бауыржан Момышұлы біздер, қазақстандықтар үшін отансүйгіштіктің үлгісі болып табылады. Батыр, патриот, жазушы, қазақ, Ұлы Жеңісті жақындатқан және соғыссыз өмірді сыйлаған адамдардың бірі әрі бірегейі болды.

Деректі фильмдер:

История одного шедевра - Бауыржан Момышулы

Великие тайны великих людей. Бауыржан Момышулы (часть 1)

Великие тайны великих людей. Бауыржан Момышулы (часть 2)