Қаныш Сәтпаев. Бірегей фотоальбом.
18.07.2014 2630
Ғалымның 110-жылдығына арналған фотоальбомға кірмеген бірнеше жаңа материалдар берілген.

Сонымен қатар Сәтбаевтың артында қалған ғылыми мұрасына, жеке хаттары мен жоғары жаққа жазған өтініштеріне, қандай да бір ғылыми жұмыстарды өткізу, индустрияның тұңғыш алыптарының құрылысы, Ғылым академиясын құру сияқты мәселелер бойынша еліміздің нағыз көрнекті өкілдерімен кездесулеріне, көз жүгіртер болсақ, бұл материалдардың маңызды, әрі онымен ғылыми қоғамда танысудың қажеттілігін аңғарамыз, осыдан-ақ бұл адамның ешкімнің алдында еңкейіп, еңсесін түсірмей, қиындыққа моймай, сатқындыққа кек қайтаруды жөн санамайтын қайсар да, ақкөңіл адам болғанын білуге болады. Қ.И.Сәтбаевтың замандастары оның бойында кеңдік пен адалдық, батырлық пен аңғалдық, ұстамдылық және сүйікті ісіне деген ықтияттылық сияқты мінездерімен қатар, қазақ халқына тән қызулықтың, орыс және Шығыс пен Батыс халықтарының ең жағымды қасиеттерінің сәтті үйлескенін айтады.

Бүгінгі тарихи кезеңдегі біздің міндетіміз - қолда барды қадірлеп, өткенді екшеп, болашаққа аманат болар қазіргі кездің үлесін дұрыс бағалау. Осындай күрделі мәселені шешуде бізге Қаныш Имантайұлының жарқын бейнесі, оның даналығы, адалдығы, адамгершілігі және өз халқына деген шесіз сүйіспеншілігі көмектеседі.

Қаныш Имантайұлының жаңа қырларын ашатын, жаңа деректер мен материалдарды қосып, толықтырып қайта басылған бұл фотоальбом Қазақстанның бас геологы, үлкен Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, өз Елінің Ұлы азаматының барынша тарихи толық бейнесін көруге мүмкіндік береді.


"1926 жылы инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезқазған Жез кенінде геологиялық барлау жұмыстарын басқарды.

Жезқазғанның табиғи байлықтары ағылшын концессионерлерінің барлауы мен отандық ғылымның болжамынан бірнеше есе артық екенін дәлелдеу үшін оған он бес жыл үздіксіз тынбай еңбек ету керек болды. Бұл батыл ізденіс, теңдесі жоқ энтузиазм және айрықша табандылық еді. Жергілікті бюрократтар мен тынымсыз жалақорларды айтпағанда, тәжірбиелі геологтар да кейде Сәтбаевтың табысына сенбейтін. Ол Серго Орджоникидзенің қабылдауына болуға қол жеткізіп, өзінің барлау барысында анықтаған жез кендерінің ерекше екенін дәлелдей білді. Осылайша Қ.И.Сәтбаев Жезқазғанда жез қорыту комбинатын құру туралы мемлекеттік шешімнің қабылдануына қол жеткізді". К.Д.Жұмалиев, Қазақ ССР ҒА академигі

ҰОС жылдарындағы КСРО ҒА Қазақстандағы филиалы.

"Филиалда тау ісі, рудаларды байыту, металлургия және т.б маңызды ғылым салалары жоқ еді. Қазақстанның қарқынды индустриалды өмірі филиалдың жұмысынан мүлде дерлік көрініс таппады. Өмірден тыс қалып қою салдарынан филилал құрылғанына 9 жыл болса да, шын мәнінде мардымсыз мекеме тәрізді еді. Филиалдың Қазақстанның социалистік қарқынды дамуынан осынша таң қалдырарлық артта қалғандығы - ең алдымен, оның кез-келген ғылымның өмірлік негізінен толығымен қол үзуі - практикамен байланыстың болмауынан еді". Қ.И.Сәтбаев

Организация и открытие Академии наук Казахстана

Қ.И.Сәтбаев – Қазақ ҒА Президенті

Қ.И. Сәтбаев – Қазақ ССР ҒА Геология институтының директоры

Қ.И. Сәтбаев – СССР ҒА толық мүшесі және қоғам қайраткері

Қ.И.Сәтбаев-қарапайым адам ретінде

"Сәтбаевты бүкіл Қазақстан сүйетін. Оның бүкіл бітім-болмысынан ерекше бір ойлылық, мейірімділік, қайырымдылық, сонымен бірге парасаттылық лебі есіп тұратын. Шарыдай жанған жанарлары аса мейірімді, ақылды, көңілді, сәл қунақы көрінуші еді. Кең маңдайын аздап қырау шалған толқынды бұйра шашы жауып тұратын... Ол аса сымбатты болуымен қатар, өзіне адамды еріксіз тартушы еді. Орнықтылығы, сыр мінезділігі, қайырымдылығы, майда мінезі, қарапайымдылығы арқасында онымен аралас-құралас болудың өзі адамға қуаныш әкелетін, жақсы әсерге бөлейтін... Жымиысының өзі қандай нұрлы, шуақты еді десеңізші..."

Қ.Д.Жұмалиев, Қазақ ССР ҒА академигі


Сен қалдырған соны ізді,

Өшірмес ғасыр ағысы…


«Қаныш Имантайұлы Сәтбаевты әрқашан жадымызда сақтап, естен шығармасақ екен деп тілеймін. Себебі, ол біздің мемлекетімізді құрды, ол және сол сияқты адамдар елімізді мықты, тәуелсіз етті. Ол, өз Отанын - Қазақстанды бар жан-тәнімен жақсы көретін. Сондай-ақ, ғылымды өз халқын өркениет шыңына жетелер жол деп қабылдайтын. Ол өз халқын әлемдік өркениеттің лайықты мүшесі ретінде көргісі келетін». Геология-минерология ғылымдарының докторы., М.Қ.Сәтбаева. 


Каныш Сатпаев: Фотоальбом/Сост.: М.К. Сатпаева, Н.В. Ниретина. - Алматы, 2011.