Балалар мен үлкендерге: бесіктен қартыққа дейін
13.01.2015 1643
Қазақ халқы – ырымшыл халық. Ал оның ырым-нанымдарының көбінде тәрбиелік мән бар.

Қазақтар нәрестенің бесігін сатпайды, бөтен адамға бермейді, лақтырып тастамайды. Ол ұрпақ жалғастығында ерекше қасиетті міндет атқарады деп саналады. Бесікті сақтауға және ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отыруға тырысқан. Отбасына жаңа келін келгенде көпбалалы туыстарының үйінен бесік алып, оны біраз уақыт құрметті орынға (төр) қойып қою жақсы ырым саналған. Бесікті ораулы күйінде сақтайды, тек анда-санда отпен аластап отырады (бесіктен зұлым күштерді қуу үшін).
Баланың бесігін жеті затпен жабады (шапан; аң терісінен тігілген сырт киім; тон; жүген; қамшы; бесіктің арнайы көрпесі және жапқыш). Аталған заттардың екіншісі және бесіншісі ырым бойынша баланың ержүрек әрі отан қорғайтын батыр мінезді болуына әсер етеді.
Баланың бесігін бос күйінде тербету жаман ырым саналады. Бос бесікті тербету арқылы адам айналасындағыларға ұрпағының жоқ екенін немесе тұқымсыз қалғанын, аңғартқандай болады.
Аяғы ауыр әйелдің токсикозымен белсенді түрде күресу керек, әйтпесе, ырым бойынша оның баласы туған кезде аузынан сілекейі, ағып жүреді.
Ал баяғыда кіндік шешелер босандырғанда былай істеген: дүниеге келген баланың кіндігін жаңа, әлі пайдаланылмаған балтамен (дезинфекцияланған) кескен, содан кейін кіндігін таза жіппен байлап, айналасына күл сеуіп, хирургиялық жұмысты аяқтаған. Ғұрыпқа қолданған балтаны одан әрі жұмысқа пайдалануға рұқсат етілмеген, мұны ораулы күйінде көзден таса, балалардың қолы жетпейтін жерге сақтаған. Ұл баланың кесілген кіндігінің қалдығын ырым бойынша үйден алысқа лақтырған, ал қыздікін керісінше, үйдегі ошақтың жанына көмген. Бұл ұл баланың үй күшік болмай өсетінін, ал қыз бала жеңілтек болмай (жақсы әйел әрі шаруаға пысық болып) өсетінін білдірді.
Жаңа ғана дүниеге келген сәбиді анасының омырауын ембей тұрып, әдетте өлген қасқырдың дезинфекцияланған таза жүніне аз уақыт жанастырған, қасқырды қазақтар киелі, аң санаған. Осындай ғұрыптың нәтижесінде балаға қасқырдың күші мен төзімділігі дариды деп есептеген.
Ежелгі наным бойынша, жаңа туған баланы қырық күн бойы үйден түнде алып шығуға болмайды — оны айдың сәулесінен қорғау керек.
Нәрестені ұйықтатар алдында қазақтар «бала ұйықтайтын жерден және бесіктен зұлым күштерді қуған». Адыраспан емдік шөбін тұтатып, киіз үйдің ішін түтінге толтырған, содан кейін желдетіп алған.
Түнде баланы ұйқыға жатқызғанда бетіне айдың сәулесі түспеуін қадағалау керек — әйтпесе ол ауырып қалуы мүмкін.
Баланың іш киімдерін белгілі бір уақытқа дейін көшеге ілуге болмайды, жаман адамдардың көзі тиюі мүмкін.
Жаңа туған сәбидің кіндігі түскенге дейін үйден күл шығаруға (от жағатын болса) рұқсат етілмейді, әйтпесе денсаулығы нашарлайды.

Қазақтарда ұл баланы туғанына қырық күн толғанда (әдетте: 37–39 күн), ал қыздарды сәл кейінірек — 42–44 күн толғанда қырқынан шығару ғұрпы бар. Ырым бойынша, болашақта некеге тұрған кезде ұл баланың қалындығына төлейтін қалының малы аса қиын болмайды, ал қыз балаға — жасау мол беріледі деп есептейді. Нәресте мойны тезірек қатайып, басын түзу ұстау үшін мынадай ғұрыпты жүзеге асырған: шілдеханаға сойылған қойдың мойын сүйегін тұтас алып, пісіріп, етінен арылтып, содан кейін осы сүйектің мойын омыртқадағы шеміршекті тесіктерінен таяқ өткізген. Нәресте тезірек жүріп кетсін деген мақсатпен, мынадай ғұрыпты жасаған: баланың аяғын жіппен байлап, ересектердің біреуі оның тұсауын кеседі. Содан кейін әдетте той жасалады.
Егер өсіп келе жатқан сәбидің тілі мезгілінде шықпаса нағашы туыстары үйлерінде қой сойып, оның ішек-қарнымен баланың белін буады. Осындай әрекеттен кейін біраз уақыт өткенде бала сөйлей бастайды.

Қазақтарда ерте заманнан бері мынадай наным бар: егер батыр, ақын, палуан адам сәбидің аузына түкірсе немесе сарқытынан ішкізсе — мұндай бала болашақта сол атақты кісінің жақсы қасиеттері мен өнерін бойына дарытады. «Аузына түкіру» деп аталатын ғұрып осының дәлелі.

Баланың алғаш рет алынған шашын адам аяғы баспайтын жерге көмеді, әйтпесе, ырым бойынша бала өмірде бақытсыз болады. Егер нәресте анасын емген кезде омырауына жармасып алса — ол «сараң болып өседі». Екі қолын еркін ұстаса — «жомарт әрі қайырымды болады». 

Сәби шалқасынан жатып ұйықтаса — «атақты әрі белгілі адам болады»; бүк түсіп жатса — «мазасыз әрі жасық болып өседі»; етпетінен жатса — «ойшыл, философ болады». Ал егер қол-аяғын еркін созып жіберіп жатса — «оны данышпандық немесе қаһармандық тағдыр күтіп тұр». Сәби көзін сәл ашып ұйықтаса — «болашақ жары сұлу болады».

Меңі немесе қалы үлкейіп кетпеу үшін, жаңа туған сәбиге ырым бойынша Қалдыбай, Қалдыгүл, Меңдігүл, Анарбай, Анаргүл тәрізді есім қоюды дұрыс көрген.

Егер ұл баланың басында екі орайы болса — «кемінде екі рет үйленеді», қызда болса — «екінші рет тұрмысқа шығады».

Баланың шелкесінде шұңқыры болса ырым бойынша ол қисық-қыңыр болып өсуі мүмкін. Сол себептен оның «жағымсыз мінезін ұлғайтып жібермеу үшін үшін», желкесінен көп сүюге болмайды.

Бала өмірінде бірінші рет алыс жолға немесе саяхатқа шыққан кезде оның өзіне және ата-анасына қуанышты оқиғаны сылтау етіп шағын той жасалатын болған.

Ырым бойынша, жұмыс істеуге ешқандай тәжірибесі жоқ адам (әдетте бала, жасөспірім) еңбекке араласқан кезде, оған байқатпай шиді немесе шөпті ортасынан сындыру керек (бұл оның ісін оңға бастырады деп есептеледі).

Сәбиді көз тиюден сақтау үшін, оның бесігіне немесе киімдеріне жылан терісінің кесектерін, үкінің қауырсының, моншақ (әрдайым 9 дана), күміс теңгелерді тағып қойса жеткілікті болған. Балаға біреудің көзі тисе, ырым бойынша сол адамның үйіне барып, оның қажетсіз заттарының бірін үйге алып келіп отқа жағып жіберу керек.

Көз тиюдің алдын алатын тағы бір құрал: балаға тозған әрі ескі киімдерді кигізеді (бірақ жұлым-жұлымы шықпаған, міндетті түрде таза киім), ал бетіне аздап күйе жағып қояды.
Мынадай да наным бар: егер сәбиді үш кемпірдің аяғының арасынан өткізіп алсаң — оны өмірдегі барлық сәтсіздік пен бақытсыздықтардан қорғайсың.

Балаға көз тиюді былай келтіреді: есіктің тұтқасын сумен шайып, сол суды оның бетіне, алақаны мен табандарына аздап бүркіп өтеді.

Баланың көзіне теріскен шыққанда сойылған малдың немесе құстың көз ұясынан алынған сұйықтықпен сүртсе, жазылады деп санайды. Бала өз үйіне сәлем беріп кірсе, ырым бойынша қонақ келеді.

Егер бала пісірілген сүттің түбінде қалған қыспақты жесе, болашақта оның тойында жаңбыр жауады деген ырым бар. Баланың тілін шығарып отырғанын көрсең, бір хабар жетеді деп күт. Бала алақанын шапалақтаса — қуанышты хабар күт.

Егер бала үйге кіріп келе жатып табалдырыққа сүрінсе — көп ұзамай бұл үйге бақыт пен береке енеді. Егер сәби қолындғы заттан лақтырып, «шашу» деп айқайласа — ырым бойынша бұл үйде көп ұзамай той болады. (Қазақтар әдетте той салтанатында немесе өзге-де мерекелерде кәмпиттерді және әртүрлі тиындарды шашып, шашу деп айқайлайды. Халықта бұл кәмпит пен тиыннан құралған өзінше бір «от шашу» тәрізді).

Егер бала еңкейіп өзінің аяғының арасынан жол қараса — көптен күткен қонақ немесе жолаушы келеді.

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары, наным — сенімдерінің алатын орны ерекше. Өйткені оларда халықтық ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі көрініс тапқан.


Мақала п.ғ.д., профессор А.Қалыбекованың «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» кітабынан алынды, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің ұсынысымен жарияланды, 2011 жыл, 345–347 бб.